Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет15/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105

44
1960-шы жылдары тоқтатылды. Жалпыға міндетті орта білім беру-
ге  өтуге  байланысты  орта  кəсіптік-техникалық  училищелер  ашыл-
ды,  сөйтіп  кəсіптік-техникалық  білім  беру  жүйесі  осы  міндеттерді 
жүзеге  асырудың  негізгі  торабына  айналды.  Осы  орайда,  кəсіби-
техникалық білім теориясын жаңғырту жəне дамыту қажеттілігі ту-
ындады. Ленинградта кəсіби-техникалық білімнің БҒЗИ, Мəскеуде 
Орталық  оқу-əдістемелік  кабинеті,  Қазанда  кəсіби  педагогикалық 
ҒЗИ,  Мəскеуде  кəсіби-техникалық  білімді  дамыту  ҒЗИ  сияқты  ірі-
ірі ғылыми орталықтар пайда болды.  Кəсіби-техникалық білім беру 
жүйесі  үшін  педагогикалық  кадрлар  даярлау  мақсатында  Сверд-
ловск  қаласында  инженерлік-педагогикалық  институт  ашылды,  ал 
облыс  орталықтарында  индустриалды-педагогиялық  техникумдар 
құрылды.
Кəсіби-техникалық білімнің қалыптасуы мен дамуына П. Р. Ату-
тов, С. Я. Батышев, А. Н. Веселов, М. И. Махмутов, М. Н. Скаткин 
жəне т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. Алайда, идеологияға бағынған 
кəсіби педагогика дерексіз теорияның аясынан шыға алмай, өмірден 
алшақ проблемалармен əуестеніп кетті.
1984-ші  жылы  жалпы  жəне  кəсіби  мектептерде  жалпы  білім 
беретін мектептердің жоғары сыныптарын кəсіби-техникалық учи-
лищелермен  жəне  орта  кəсіби  оқу  орындарымен  біріктіріп,  қосып 
жіберу  негізінде  жалпыға  міндетті  кəсіптік  білім  беру  мақсатына 
сəйкес  реформалау басталды. Алайда, бұл міндет іске аспайтын еді, 
сондықтан өз шешімін таба алған жоқ.
Өмірдің өзі көрсеткендей, құрылымдық өзгерістер жасау, жоғары 
кəсіби  училищелер,  колледждер,  лицейлер,  білім  беру  кешендері 
жəне т.б. сияқты инновациялық типтегі жаңа кəсіптік оқытуды жа-
сау жəне оның іс-əрекетін ғылыми жағынан негіздеу қажеттілігі ту-
ындады.
1990-шы  жылдардың  соңында  редакциясын  академик  С.  Я. 
Батышевтің  басқаруымен  «Кəсіби  педагогика»,  сонымен  бірге, 3 
томдық «Кəсіптік білімнің энциклопедиясы» жарық көрді.
Өскелең  ұрпақты  еңбек  іс-əрекетіне  дайындау  аса  маңызды 
əлеуметтік  міндеттердің  қатарынан  саналады.  Адамзат  өзінің 
тарихының барлық кезеңдерінде осы міндеттердің шешімін əрқалай 
іздестірген болатын.
Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, балаларды еңбекке бау-
лу тікелей еңбек іс-əрекетінде жүзеге асырылды. Еңбек ету бойынша 
бөліну (жер өңдеу, мал бағу жəне қолөнер кəсібі) пайда болуына бай-
ланысты жастарды отбасында еңбекке баулу көрініс алды. 


45
Құлиеленушілік  дəуірінде  ақыл-ой  еңбегі  мен  дене  еңбегінің 
арасында  айырмашылықтар  пайда  бола  бастады.  Мəселен,  дене 
еңбегі тек қана құлдардың үлесіне тиіп, құлиеленушілердің балала-
ры жеккөрінішті жəне əрі онымен шұғылдануды намыс көретін дене 
еңбегінен  босатылып,  абыздар  мен  жазғыштардың  мектептерінде 
тəрбиеленді.
Ортағасырда  кəсіп  ету  адамдардың  өмір  бойы  маңдайына 
жазылған міндеті жəне құдайдың əмірімен орнықтырылған қызмет 
ету  ретінде  қарастырылды.  Кəсіп  өнермен  барабар  теңестіріліп, 
даналық  пен  құпиялылықтың  жұмбақ  дəстүрінің  қатарынан  са-
налды.  Кəсіп  етуге  мұндай  көзқарас  феодалдық  қоғамның  еңбек 
моралінің өзегін құрды.
Қолөнершілер  мен  темірші  ұсталардың  балаларын  оқытудың 
негізгі  формасы  цехтық  жəне  гильдиялық  шəкірт  болу  еді. 
Ортағасырлық шебер, қөлөнерші немесе темірші ұста өзінің кəсіптік 
білімі мен шеберлігін, еңбек етудегі өзіндік мəнерін шəкірттеріне ау-
ыздан ауызға, қолдан қолға жеткізді.
XI  ғасырда  «механикалық  өнердің»  атқаратын  рөлін  ашып 
көрсететін  алғашқы  педагогикалық  туындылар  пайда  бола  баста-
ды.  Осылайша,  Париж  мектептерін  ұйымдастырушы  Гуго  Сен-
Викторский (1096-1141) өзінің  «Дидаскалон»  атты  еңбегінде,  ме-
ханиканы,  заттарды  жасап  шығарудағы  ең  қажетті  өнер  деп  атай 
отырып, ондай өнерлердің шұға жасау, аспаптар мен қару-жарақтар 
өндіру, кеме жүргізу, агромəдениет, аң аулау, медицина, театр өнері 
сияқты жеті түріне сипаттама береді. Алайда, ол, ежелгі заман ой-
шылы  ретінде  механикалық  өнерді  төменгі  топтағы  плебейлердің,  
зиялы  емес  адамдардың  балаларының  айналысатын  шаруасы  деп 
санады. Т. Мордың (1478-1535)  «Утопия» жəне Т. Кампанелланың 
(1568 -1639)  «Город  солнца»  атты  шығармаларында  жастарды 
жалпыға  міндетті  қатысуының  жəне  оқытуды  өндірістік  еңбекпен 
ұштастырудың  қажеттілігі  туралы  пікірлер  айтыла  бастады. 
Кəсіптің рөлі жəне кəсіптің қоғам өмірінде алатын орны жөніндегі 
демократиялық көзқарас білдірген Я. А. Коменский (1592-1670) бол-
ды. Ол балаларды еңбек іс-əрекетіне дайындаудың қажеттілігіне аса 
мəн берді. Оның «Мир чувственных вещей картинах»  оқулығында 
балаларды  түрлі  қолөнер  түрлерімен,  еңбек  құралдарымен  жəне 
өндіріс технологияларымен таныстыруға көп назар аударылған.
Капиталистік,  қарым-қатынастардың,  ғылым  мен  техниканың 
дамуына  байланысты XIV-XVII ғасырларда  кəсіптік  оқыту 


46
проблемаларына  қызығушылық  арта  түсті.  Əсіресе,  балалар-
ды  мануфактуралардағы  жəне    қолөнер  өндірісіндегі  еңбек  іс-
əрекеттеріне  жаппай  тартудың  экономикалық  жəне  əлеуметтік 
аспектілері жандана түсті.
Ағылшын экономисті жəне педагогы Дж. Беллерстің (1634-1725) 
«Өндірістік ынтымақтастық мекемесі туралы ұсынысы» атты трак-
таты  кəсіптік  білімнің  алғашқы  жобаларының  бірі  болды.  Онда, 
жастарды  кəсіпке  араластыру  мен  оқытуды  өндірістік  еңбекпен 
ұштастыру  жолы  арқылы  кедейшіліктен  арылтудың  əлеуметтік-
педагогикалық міндеті қойылды.
Жаңа дəуір қарсаңында ағылшын философы əрі педагогы Д. Локк 
(1632-1704)  іскер  адамдарды  қайсыбір  кəсіпке  баулуға  айрықша 
мəн беретін «джентльменді» (іскер адам) тəрбиелеу жүйесін жаса-
ды.  Д. Локк өзінің «Жұмысшылар мектебі туралы жазбахат» атты 
еңбегінде  өкіметке  қандайда  бір  кəсіпке  баулитын  жəне  өзін-өзі 
қаржыландыратын кедей отбасының балалары үшін жұмысшы мек-
теп баспана жүйесін жасау жөнінде ұсыныстар берді.
Француз материалисі Дени Дидро (1713-1784) кəсіптік білімнің 
дамуында аса маңызды рөл атқарған  «Ғылым, өнер жəне қолөнер 
энциклопедиясын жариялады».
XVIII  ғасырдың  соңына  таман,  кəсіптік  білім  саласында 
алдыңғыларға қарағанда білімге бағдарланған, құрал-жабдықтарды, 
аспаптарды  жəне  өндіріс  технологиясын  меңгертуді  көздеген  жаңа 
ағым өрістей бастады.
XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында  К.  А.  Сен-Симон (1770-
1825),  Ш.  Фурье (1772-1837), Р.  Оуэн (1771-1858) жəне  басқа  да 
социал-утопистердің адамзат қоғамын қайта жасауды көздейтін жо-
баларында жастарды кəсіби даярлау бойынша еңбек етудің жалпыға 
міндеттілігі, балалардың «индустриалдық бейімділігі мен əуестігін» 
дамыту,  кəсіби  мектептің  жалпы  білім  жүйесіндегі  тең  құқылығы 
сияқты  тұғырлар  ұсынылды.  Р.Оуэн  алғаш  рет  оқытуды  өндірістік 
еңбекпен  ұштастыра  қарап,  кəсіптік  оқытуды  ұйымдастырудың 
салиқалы үлгісін жасады.
Ағылшын  социал-утописті  жəне  білім  беру  ісінің  көрнекті 
қайраткері  Р.  Оуэн (1771-1858) практика  жүзінде  дінді  мектептен 
аластатып, ұжымшылдық рухында тəрбиелеу міндетін ұсынды. Жеке 
тұлғаны дамыту мəселесінің шешімін диалектикалық-материалистік 
тұрғыдан іздестіруді пайымдай келе, оқытуды өндірістік индустри-
алды  еңбекпен  ұштастыра  қарайтын  жұмысшылардың  балаларын 
оқыту мен тəрбиелеу жүйесін жасады.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау