Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет17/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105

50
бастады.  Бұдан  əрі  ең  дамыған  елдердегі  жүйелерге  сипаттама 
береміз.
АҚШ.  АҚШ-да  білім,  соның  ішінде  кəсіптік  білім  беру  саты-
лары  мен  деңгейлерінің  сабақтастығы,  яғни    колледждердің  білім 
беру  бағдарламалары  университетте  екі  жыл  білім  алғанымен 
теңеседі жəне диплом университеттің үшінші курсына оқуға түсуге 
мүмкіндік  береді.  Кəсіптік  білім  саласындағы  іске    жауапты  жеке-
леген штаттардың білім басқармаларында кəсіптік білім мəселелері 
бойынша оқу орны жетекшісі Бюросы қызмет етеді. Штаттар кəсіптік 
білім  дамуының  жылдық  жəне  бесжылдық  жоспарын  жасайды. 
Штаттардың əрқайсысында кəсіптік оқыту кеңестері құрылған.
Ал федералдық деңгейде, қол астында кəсіптік білімнің ұлттық 
ғылыми-зерттеу  орталықтары  бар    жəне  үлкендердің  кəсіптік 
білімінің  Бюросы  құрылған.  Кəсіптік  білім  бойынша  Ұлттық 
кеңес  беру  комитеттері  жұмыс  жасайды.  Дəл  осындай  кеңес  беру 
комитеттері барлық штаттарда бар.
12  жылдық  орта  мектептердің 10-шы  сыныбынан  кейін  жал-
пы, академиялық жəне кəсіби бағыт сияқты үш типтегі бағдарлама 
беріледі.
Соңғы жылдары Англияда консервативті білім беру мен кəсіптік 
оқытудың жаңа құрылымы жəне кəсіпкерді даярлаудың жалпыұлттық 
бағдарламасы  жасалған.  Осы  мақсатта 5 өзара  байланыстағы 
деңгейлерден тұратын NVQ жаңа кəсіби біліктілік енгізілген. Кəсіби 
даярлықтың жаңа стандарттарының ерекшелігі, оның иілгіштігі са-
налады. NVQ жүзеге  асырылуы  оның  тиімділігін  толық  дəлелдеп 
шықты.
Германия
Германияда 
кадрларды 
жаппай 
дайындау 
мекемелердегі шəкірттік жүйеде жүзеге асырылатын кəсіптік білім 
берудің артықшылығы оның тегін болуы. Шəкірттік жүйеде халық 
мектептерін  бітірушілердің 65%-ы,  ал  реалды  мектептерден 12%-
ы  шынайы  қамтылған.  Бұл  жүйеде  кəсіби  мектепте  аптасына 10 
сағат  көлемінде  мемлекеттік  міндетті  оқылатын  сабақтармен  қоса, 
өндірісте  кəсіптік  оқытуды  қарастырады.  Германиядағы  осындай 
кəсіптік білім жүйесі «дуальды» деп аталады.
Кəсіптік  мектепте  оқытуды  мемлекет  бақылайды,  ал  өндірісте 
оқытуды  сауда-өндірістік  жəне  кəсіби  палаталар  бақылайды. 
Кəсіпкердің  жəне  білім  алушының  құқығы  мен  жауапкершілігі, 
қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау ерекшеліктері кəсіптік 
білім туралы дербес Заңмен реттеледі.


51
Шəкірттерді  іріктеуді  оқу  орталықтарының  кəсіпкерлері  өздері 
жүргізеді.  Оқыту  өндірістік  шəкірттік  туралы  Келісім  негізінде 
жүзеге  асырылады.  Нақты  кəсіпке  оқытудың  мазмұны  мен  оқыту 
үдерісі  кəсіптік  білімнің  федералдық  институты  жасаған  жəне 
соған  сəйкес,  салалық  министрлікте  бекітілетін  нұсқаулар  арқылы 
реттеледі.
Өндірістегі  оқыту  үдерісіне 24 жастан  асқан,  өмірлік  жəне 
кəсіби тəжірибелі, соған сəйкес емтихан тапсырған шебер-тəрбиеші 
жетекшілік етеді.
Кəсіби дайындық үш саты бойынша жүзеге асырылады:
 

бірінші  саты
 – бастапқы  кəсіби  даярлық  (қайсыбір    кəсіби 
бағыт негіздері туралы теориялық мағлұматтар);
 

екінші  саты
 – біртектес  кəсіптер  тобының  теориялық  жəне 
практикалық негіздерімен таныстыру (соңында бірінші емтихан тап-
сырылады);
 

үшінші саты
 – емтихан тапсырумен аяқталатын маманданды-
рылу сатысы.
1-2  сатыда  жұмысшыларды  қарапайым  еңбек  операцияла-
рын  орындау  үшін  даярлайды,  ал 3-ші  сатыда  қондырғылар  мен 
құралдарды жөндеп іске қосатындарды даярлау жүргізіледі. 
Оқыту  келесі  бейіндер  бойынша  жүзеге  асырылады:  кəсіби-
техникалық,  тау-кен  қазба,  коммерциялық,  үй  шаруашылығы, 
медициналық.  Міндетті оқылатын пəндер: дін, ана тілі, қоғамтану. 
Өзге  пəндер  тар  кəсіби  бағыттылықта  оқытылады.  Теориялық 
даярлыққа оқу мерзімінің 25%-ы, ал практикалық даярлыққа 75%-ы 
бөлінеді.
Жоғары  білім  университеттерде  (гимназия  бітіргендер 
қабылданады) жəне арнайы институттарда беріледі.
Франция.  Францияда  балалардың  бастауыш  білімі 6 жастан 
11  жасқа  дейін  созылады.  Оны  бітіргеннен  кейін  оқыту 4 жылға 
созылатын  колледждерде  өтеді.  Колледждерде 2 цикл  бар:  жал-
пы  жəне  бағдарлы.  Бұдан  кейін  балалардың  көпшілігі  бітіргеннен 
кейін, оқуын, белгілі бір бейін бойынша бакалавр дəрежесі берілетін 
қоғамдық  немесе  кəсіби  лицейлерде  жалғастырады.  Барлық  бака-
лаврлар  жоғары  оқу  орындарында  оқуын  жалғастыруға  құқылы. 
Мемлекеттік жəне жекеменшік лицейлер бар.
Бакалавр  дəрежесін  беретін  курстар  жалпы  білім  беретін 
даярлықтың  ең  жоғары  деңгейде  болуын  талап  етеді.  Ал  білім 
алушылардың қалғандары технологиялық білім алады.


52
Кəсіптік  жəне  жалпы  білім  беретін  лицейлердегі  оқыту 
бағдарламаларына  бейімделгіштік  тəн.  Жалпы  білім  беретін 
лицейлердің кəсіптік бөлімдерінде (3 оқу жылы мерзімінде) техни-
ка деңгейіндегі өте-мөте күрделі кəсіпке жарамдылық туралы куəлік 
берілетін  жоғары  білікті  мамандар  даярланады.  Кəсіби  лицейге 
соған сəйкес, жалпы білім көлемімен бірге кəсіби даярлықтың толық 
курсын  меңгертуді  көздейтін  техникалық  бакалавриат  категориясы 
енгізілген.
Төменгі  кəсіптік  білім  берудің  аса  кең  тараған  формасы,  кол-
ледж  бітіргеннен  соң,  тағы  да 2 жыл  оқитын  мемлекеттік  немесе 
жекеменшік  шəкірттік  орталықтар  болып  табылады.  Шəкірттер  ең 
əуелі бірізділікте бірнеше шеберханаларда тəлім алады, сонан кейін, 
таңдаған бейіні бойынша оқытылады. Францияда карларды көбінесе 
өндірістен  тыс  даярлау  жүйесі  дамығандықтан,  шəкірттердің  тең 
жартысы  кəсіби  даярлықтан  ұсақ  жəне  орта  мекемелерде  өтеді. 
Ондағы оқуды бітіргеннен соң, шəкірттер тар мамандану бойынша 
кəсіби жарамдылығы туралы куəлік алады.
Жоғары білім беру жоғары əкімшілік қайраткерлерін дайындай-
тын «Үлкен мектеп» деп аталатын университеттерде жүзеге асыры-
лады.  Мұндай  мектептерге  қабылданушылар  күрделі  конкурстан 
өтеді.
Франциядағы білім беру жүйесі АҚШ, Англия жəне Германияға 
қарағанда 
қатаң 
орталықтандырылған. 
Мемлекеттік 
жəне 
жекеменшік  лицейлерде  кадрлар  даярлау  мемлекет  бақылауында. 
Кəсіптік оқыту саласындағы бірыңғай стратегия кəсіптік білім беру 
министрлігінде жасалады. Кəсіби лицейді қаржыландыруға, диплом 
беру монополиясына ие, мемлекет жауапты.
Жалпы жəне кəсіптік білім беру ақысыз жəне зайырлы. Білім беру 
бойынша заңдар мен қаулылар жəне басқа да құжаттар мемлекеттік 
деңгейде  қабылданады  жəне  Францияның 26 академиясының  (оқу 
округтері) барлығына бірдей міндетті.
Қорыта  айтқанда,  əрбір  елдің  кəсіптік  білімінің  мазмұны 
мен  ұйымдастырылуының  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Оларға  тəн 
ортақтық  кəсіпкерді  тар  мамандықта  емес,  белгілі  бір  бейінде 
даярлау.  Шетелдегі  кəсіби    білім    өндіріспен  тығыз  байланыста 
жəне  бейімделгіштік  сипатта,  сондай-ақ  бастауыш  кəсіби  даярлық 
рөлін  атқаратын  шəкірттік  жүйе  айтарлықтай  жақсы  дамыған. 
Дамыған  елдердегі  мемлекеттік  жəне  жекеменшік  лицейлерде 
жүргізілетін  кадрлар  даярлау  ісінің  орталықтандырылған  жəне 
орталықтандырылмаған жүйесі қалыптасқан.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау