5
Оқулықта мазмұндалған теориялық жəне əдістемелік қағи-
даларды кəсіптік білімнің түрлі жүйелерінде қызмет ететін маман-
дар, өндірістік оқыту оқытушылары мен шеберлері өзінің біліктілігін
жетілдіру, педагогикалық білімдерді меңгертуде жаңа ұстаным-
дарды қалыптастыру, кəсіптік оқыту мен тəрбиелеудің жаңа жəне
тиімділігі жоғары оқыту құралдарын, əдістерін, ұйымдастыру фор-
маларын өңдемелеу мен педагогикалық үдерісті жобалау мақсатында
пайдалана алады.
Біз, оқулықта баяндалған материалдар негізінде білім алу-
шыларды болашақ кəсіби іс-əрекетінде қажет болатын білімдерді
меңгерулеріне, өз ісіне шығармашылық тұрғыдан қарап, оны
мейлінше өнімді етуге мүмкіндік беретін жаңа оқыту технология-
лары мен жаңашылдық іс-əрекет нəтижелерімен байытатындығына
жəне кəсіптік оқыту педагогикалық кадрларын даярлау ісінің жетіле
беруіне қызмет ететіндігіне сеніміміз мол.
Ол кəсіби-педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары жəне
орта оқу орындарының білім алушылары мен бастауыш, орта, жоға-
ры кəсіптік білім беру, қосымша кəсіптік білім беру оқытушылары
мен шеберлеріне арналған.
6
КІРІСПЕ
Кəсіптік тəлім-тəрбие адамзат қауымының тарихи кезеңдерін-
де түрлі қоғамдық, əлеуметтік, экономикалық іс-əрекеттерінде
берік орын алып отырды. Ол қоғамның мəдениетін, əлеуметтік
тəжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның да-
муына, адамзаттың кəсіптік тəжірибесінің жинақталуына, өмір сүру
əрекеттерінің түрленуіне байланысты əлеуметтік категория ретінде
өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.
Педагогика – жалпы жəне арнайы білім беру саласында
теориялық, практикалық іс-əрекеттің негізі болып табылатын білім
берудің мазмұны, формасы мен əдістері туралы ғылым. Осыған
сəйкес, оның белгілі бір білім саласы бойынша педагогикалық про-
блемаларды зерттейтін кəсіби педагогика сияқты дербес саласының
болуы заңды құбылыс.
Кəсіби педагогика – қоғам дамуымен біте қайнасқан, өзіндік даму
тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тəлім-тəрбие
тəжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мəдениеттің
дамуына, əлеуметтік тəжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын
тигізді. Сөйтіп, өткеннің кəсіби тəжірибесі жəне кейінгілердің оның
дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі
барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бас-
тады.
«Кəсіби педагогика» адамның жас шамасына, бұған дейінгі
алған білім деңгейіне, еңбек жəне кəсіби іс-əрекетінің бағдарына
тəуелді емес, оның кəсіби даярлығының бүкіл жүйесін қамтитын
теориялық жəне практикалық-бағдарланған ғылыми білімдер са-
ласы
1
. Яғни, бұл ұғым көпшілікке кəсіби тəрбие беру саласында,
соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың əдістемесінің белгілі
бір педагогикалық жүйесін құрайтын жəне сол еңбектің өзі тəрбие
құралы ретінде саналатын орта мектептердегі кəсіптік оқытуға
байланысты қолданылады. Сонымен бірге, кəсіби педагогика
1
Профессиональная педагогика: Учебник. / Под ред. Батышева С. Я., Новикова А. М. Издание
3-е, перераб. – М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 2010. – С.8.
7
түрлі типтегі кəсіби оқу орындарында жүзеге асырылатын кəсіптік
білімнің бастауыш, орта, жоғары жəне жоғары білімнен кейінгі
мəселелерін қарастырады.
Кез келген ғылым саласы сияқты, кəсіби педагогика да
əдіснамалық негіздерге сүйенеді. Табиғаттың, адамның, қоғамның,
танымның даму заңдылықтары философияның заңдылықтарына
негізделеді. Сондықтан, ұзақ жылдар философияның аясында
өркендеген жəне өркендеу үстіндегі педагогиканың бір саласы -
кəсіби педагогика да философиялық тұжырымдардың негізінде да-
миды.
Кəсіби педагогиканы теориялық жəне қолданбалы ғылым
ретінде сипаттауға болады. Өйткені, ол бір жағынан, кəсіби
педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан,
кəсіптік білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған оқыту жəне
тəрбиелеу жолдарын қарастырады. Кəсіби педагогика теориялық
жағынан дами отырып, кəсіптік білім бойынша оқу-тəрбие үдерісін
жетілдіруді көздейді. Оған озық педагогикалық тəжірибені, оқыту
мен тəрбиелеудің жаңа технологияларын кəсіптік мектеп практика-
сына ендіру мысал бола алады.
Кəсіби педагогика қоғамдық құбылыс ретінде кəсіби тəрбие
заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі кəсіби тəрбиенің мəні мен рөлін
анықтайды. Сондықтан, кəсіби педагогика – балалар мен жастар-
дың ғана емес, үлкендердің де тəрбиесі жайлы ғылым.
Кəсіби педагогиканың мəнін толық түсіну үшін, ең алдымен оның
негізгі категориялары мен ұғымдық аппаратын қарастыру қажет.
Кəсіптік тəрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең
жəне тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында алғанда, ол
кəсіби іс-əрекетте жинақталған тəжірибені педагогикалық ықпал
ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, олардың жалпы кəсіби
мəдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар мағынада түрлі
деңгейде кəсіби тəрбие беру (жалпы жəне кəсіптік) мақсаттарын
жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-əрекетті
білдіреді.
Кəсіптік оқыту – екі жақты үдеріс. Бұл кəсіптік білім мазмұнын
меңгертуге бағытталған оқытушы мен білім алушылардың арнайы
ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара əрекеттестігі. Кəсі-
би педагогика – тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге
деген қоғам қажеттіліктерінен пайда болған ғылым. Кəсіптік
оқытудың негізін кəсіби, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық
көзқарастар құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |