Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет37/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95

77 
 
Шет тілдердің арасында ағылшын тілі алғашқы орынды бермей келеді. Бизнес, туризм, 
ғылым,  білім  беру  жүйесі,  интернет,  кинемотограф  т.б.  әлемнің  түрлі  саласында  дәл  осы 
ағылшын  тілі  қолданылып,  кӛптеген  әлемдік  жобалар,  саяси  кездесулер  мен  жиындар, 
спорттық  жарыстар  мен  олимпиадалар  ағылшын  тілінсіз  ӛткен  емес.  Сондықтан,  еліміздегі 
білім  мен  ғылымды  т.б.  саланы  дамытамын  деген  әрбір  жас,  әрбір  патриот  ағылшын  тілін 
білуі міндетті [2,56]. 
Ағылшын тілін білген адам, болмаса кадрдың еңбек нарығындағы бағасы ӛседі. Бүгінде 
елімізде жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. 
Ал,  кейбір  шетелдік  компанияларда  бұл  тіпті  талап  ретінде  қарастырылып  жатқаны  ӛтірік 
емес.  Бесаспап,  яғни  әмбебап  маман  болам  десеңіз,  ӛз  ісіңіздің  іскері  болам  десеңіз  оған 
ағылшын тілінсіз айналып бару мүмкін емес. 
Лингвистика ғылымында, кӛп тіл білетін адамның ойлау аумағы (кругозор), ой ӛрісі кең 
болатыны  дәлелденген.  Кӛп  тілді  меңгерген  жастар  кӛп  тіл  білу  адамның  мінезіне  де, 
карьерасына да, ӛміріне де оң  әсер ететінін айтып жатады. Ӛзге тілді  білу жаңаша ойлауға 
және  бұрынғы  қалыптасқан  пікірлеріңді  одан  әрі  дамытуға  үлкен  септігін  тигізеді. 
Жаңашылдыққа,  объективті  ойлауға  жетелейді.  Мінез  тұрғысынан,  адамдармен  ашық 
араласып, бұрын болмаған позитивті ойлар қалыптасады. Яғни, ағылшын т.б. тілдерді білсең 
ӛзіңді  еркін  сезініп,  әлем  бойынша  кез  келген  адаммен  қарым-қатынасқа  түсе  алатыныңды 
байқайсың  [3,45].  Сол  лингвистика  ғылымының  тілімен  сӛйлейтін  болсақ,  екі  тілді  білетін 
адамды «қостілді», ал 3 немесе одан да кӛп тілді білетін адамды «полиглот» дейді. Кӛптілді 
адам білім мен ғылымға құштар болатыны бүгінгі күнде де талай дәлелденіп отыр.  
Қазақ  халқының  «Жеті  жұрттың  тілін  біл,  жеті  түрлі  білім  біл»  деген  мақалы  «Үш 
тұғырлы тіл» саясатын жүргізудің негізі бола алады. Ал, А.П. Чеховтың «Шет тілін білмеген 
адам  ӛзін  паспортсыз  жандай  сезінеді»  деген  қанатты  сӛзі,  бір  тілмен  шектелген  адам  ӛзін 
еркін,  бостандықта  жүргенін  сезіне  алмайтынын  нұсқап  отыр.  Ендеше,  «Үштұғырлы  тілді» 
меңгеру – еркіндіктің, бостандықтың, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  «Ағылшын тілі мектепте» №1/ 2012ж // Ғылыми-әдістемелік журнал. 
2.  «Мұғалім және қоғам» // №3 // 2011ж. 
3.  «Ұстаз» журналы // 2011ж. 
4.  Исина  Г.И.  Фразеологические  сравнения  в  современном  английском  языке.  –  А., 
2000ж. 
5. 
 Шетел тілін оқыту әдістемесі №4, (48) 2012ж.
 
 
Аннотация 
Шет  тілінде  жер  бетінде  бір  миллиардтан  астам  адам  сӛйлей  алады.  Әлемдік  тілдерді  игеру  - 
әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  жол  ашады.  Ағылшын  тілі  әлемдегі  ең  кең  тараған  тіл.  Бұл 
статистикалардан-ақ,  ағылшын  тілін  меңгерудің  қаншалықты  маңызды  екенін,  ақпарат  пен  білімнің 
барлығы да сол тілде екенін түсінуге болады. Ағылшын тілін білетін адам, жер жүзінде бір миллиард 
адаммен еркін коммуникацияға түсе алады деген сӛз. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше 
пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің 
алдында ӛз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді. 
Олай болса, әлемдік деңгейдегі қолданбалы және іргелі зерттеулерді әрі дамыту үшін қазіргі таңдағы 
халықаралық талаптарға сәйкес жоғары оқу орындарын бітірген түлектер ауадай қажет. 
Аннотация 
Более  одного  миллиарда  людей  на  земле  могут  разговаривать  на  иностранном  языке.  Эти 
статистические  данные  показывает  важность  изучения  английского  языка.  Человек,  знающий 
английский  язык  сможет  свободно  общаться  с  людьми  более  одного  миллиарда  на  земле.  Знание 
языка  является  преимуществом.  Требуется  высокая  степень  владения  иностранного  языка  для  того 
чтобы поднять уровень своего государства и признания других стран. Владение иностранного языка - 
открывает путь в мировое образовательное пространство. Поэтому, в соответствии с современными 
международными  стандартами  выпускники  высших  учебных  заведений  нуждаются  знанием 


78 
 
иностранных языков для проведения исследований мирового класса прикладных и фундаментальных 
научных разработок.  
Annotation 
More than one billion people in the world can speak in a foreign language. These statistics show the 
importance of learning English. A man who knows the English language will be able to communicate with 
more than one billion people on the earth. Knowledge of language is an advantage. It requires a high degree 
of  knowledge  of  a  foreign  language  in  order  to  raise  the  level  of  the  state  and  the  recognition  of  other 
countries.  Knowing  a  foreign  language  opens  the  way  into  the  world  educational  space.  Therefore,  in 
accordance with modern international standards university graduates require knowledge of foreign languages 
to conduct world-class basic and applied scientific research studies. 
 
 
 
 


79 
 
ПЕДАГОГИКА, ЭТНОПЕДАГОГИКА,ПСИХОЛОГИЯ,  
 
ДЕФЕКТОЛОГИЯ 
 
 
ӘОЖ 378.5\3 
 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҤРДІСІ 
 
 
Бейсеналиева Ж.Б.  
 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  еліміздің  даму 
стратегиясының  негізгі  бағыттарының  бірі,  себебі    XXI  ғасыр  -  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандырудың ғасыры. 
Қазір  жаһандану  дәуірінде  интеграциялық  процестердің  қарқынды  дамып  үстінде. 
Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайтынын 
бүгінгі қоғам дәлелдеп отыр. Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім 
саласына  мықтап  еніп.  Соның  негізінде  әлемдік  экономиканың  интеграциялануы,  жаңа 
ақпараттық  технологиялардың  пайда  болуы  кең  қанат  жайды.  Сондықтан,  білім  саласын 
модернизациялауда  ұлттық  инновациялық  жүйені  жасау  адам  іс-әрекетінің  жаңа  ғылыми 
және  кәсіби  бағыттарын  айқындауды  кӛздей  отырып,  кадрлар  дайындаудың 
мамандандырылған жүйесін іске асыруды талап етеді. 
Президент  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясында  кәсіптік  білімді 
дамытудың  маңыздылығын  айқындай  келе,  білім  саласына  қатаң  тапсырма  жүктеген 
болатын:  «Үкіметке  2013  жылдан  бастап  халықаралық  үлгідегі  куәліктер  беру  арқылы 
инженерлік  білім  беруді  және  заманауи  техникалық  мамандықтар  жүйесін  дамытуды 
қамтамасыз  етуді  тапсырамын.  Кәсіби-техникалық  және  жоғары  білім  ең  бірінші  кезекте 
ұлттық  экономиканың  мамандарға  деген  қазіргі  және  келешектегі  сұранысын  барынша 
ӛтеуге  бағдар  ұстауы  керек.  Кӛп  жағынан  бұл  халықты  еңбекпен  қамту  мәселесін  шешіп 
береді.  Жоғары  оқу  орындары  білім  беру  қызметімен  шектеліп  қалмауы  тиіс.  Олар 
қолданбалы  және  ғылыми-зерттеушілік  бӛлімшелерін  құруы  және  дамытуы  қажет»  осы 
негізде  кадрларды  дайындаудың  мамандандырылған  жүйесін  жасауда  ғылыми  техникалық 
прогресстің  қазіргі  деңгейін  ескере  отырып,  білім  беру  саласына  қойылатын  жоғары 
халықаралық  талаптарды  да  қанағаттандыру  мақсатында  еліміздің  мұнайлы  аймақтарында, 
кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп отыр. 
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз– білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны 
білім  алушыға  беру  процесі.  Бұл  процесті  іске  асырудың  негізгі  құралы  компьютер  болып 
табылады,  сол  себепті  қазіргі  білім  бері  мекемелерінде    шығармашылық  ізденіс  қабілеті 
дамыған,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  жете  меңгерген,  мамандық  шеберлігі 
қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін маман қажет. 
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі  ерекшелігі – бұл білім алушыларға ӛз бетімен 
немесе  бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға,  ізденуге,  ӛз  жұмысының 
нәтижесін  кӛріп,  ӛз  ӛзіне  сын  кӛзбен  қарауына  және  жеткен  жетістігінен  ләззат  алуға 
мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім ӛткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. 
Шығармашылық  мамандықтарды  ақпараттандыру    ең  алдымен  білім  бер  мазмұны, 
құрылымы  арқылы  іске  асады.  Бүгінгі  таңда  білім  берудің  әр  түрлі  нұсқадағы  мазмұны, 
құрылымы,  ғылымға  және  тәжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар,  жаңа  технологиялар  бар. 
Сондықтан  әр  түрлі  оқыту  технологияларын  оқу  мазмұны  мен  студенттердің  жас  және 
психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың  маңызы  зор. 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау