80
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер,
интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедaялық құрал, электрондық оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық сайт және тағы басқалардан тұрады. Бұны бір
сӛзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану деп атауға болады.
Шығармашылық мамандықтарға – бастапқы әскери дайындық, музыкалық білім,
бейнелеу ӛнері және сызу, дене шынықтыру және спот, кәсіптік оқыту, дизайн, хореография,
мәдени тынығу жұмысы т.б. мамандықтар жатады. Осыған орай, шығармашылық
мамандықтардың білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен
оқу бағдарламасының мазмұныны ақпараттық технологияларды кіріктіре отырып
жасалынытын болса, мемлекеттік әлеуметтік саясат принциптеріне сай заманауи
материалдық-техникалық және әлеуметтік базасы орныққан, жаңа заманға сай маман
даярлап шығуға болады.
Студенттерді пәнді жақсы игеруінің басты шарты оқытушының осы сабаққа деген
қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Ақпараттық комуникациялық технологиялар
(АКТ) – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра
алмайды. АКТ қолдану мақсаты – сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүргізуге асыру,
яғни:
- Компьютер арқылы оқу сапасының артуына ықпал жасау;
- Оқыту аймағының кеңеюіне байланысты студенттің білім деңгейінің қоғамның
әлеуметтік талабына сай болуы;
- Компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге енгізілуі, оның игеру
мүмкіншіліктерін арттыру.
Компьютермен оқытудың ӛз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше ӛткізу тәсілі бар
екені белгілі. Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері болады:
- Оқыту мақсатын анықтау;
- Ӛтілетін тақырыптың, бӛлімнің материалдарын талдау,керектілерін таңдап алу және
оның сценарийін құрастыру.
- Сабақты жүргізудің бағдарламасын жасау.
- Оқу үрдісінде компютерлік сүйемелдеуі бар сабақты кіргізу.
Компьютерлік тестілеуді енгізу арқылы студенттер жұмысының тиімділігі мен мазмұны
туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Компьютерлік жаппай бақылау жағдайында
барлық студенттерге сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды
орындау барысында студенттердің арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда
болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды
ӛзара тексеріп, іске асырады.
Оқыту үрдісінде АКТ қолдану оқушылардың ӛзін-ӛзі бақылауына ӛте үлкен мүмкіндік
береді. Ӛзін-ӛзі бақылау олардың оқу бағдарлама материалы мен игерген іскерлігі мен
дағдысының беріктігі толық ақпарат алуын қамтамасыз етеді.
Оқыту жағдайындағы ақпараттық технологиялардың орны: сабақ уақытына, сабаққа
дайындалу уақытына, жобаны зерттеу қызметінде.
1. Сабақта АКТ қолдану моделі:
- компьютерлік презентациялар кӛрсету;
- жауаптарды таңдаумен тест жүргізу;
- электрондық оқулықтарды қолдану;
2. Сабақтан тыс жерде АКТ қолдану моделі;
- интернеттен және басқа ақпарат кӛздерінен ақпарат іздеу;
- қоршаған әлем туралы ақпаратты жазу және бекіту;
- презентацияларды қолдануымен сӛз сӛйлеуді дайындау және аз сӛйлеу.
Ақпараттық технологияны барлық сабақтада қолдану тиімді.
Ақпараттық технологияны қолданып ӛткен сабақтың құрылымы:
- Айқындылық;
81
- Логикалық үйлесімділік;
- Ақпараттық сыйымдылық;
Қазіргі ақпараттану заманында оқытуды ақпараттық-коммуникативтік қамтамасыз
етудің мәні зор екені даусыз. Сондықтан да мен сабақтарымда осы технология негіздерін
қолданамын. Оның мүмкіншіліктері: Activ Studio бағдарламасында сабақтың әдістемелік
құрылымын сақтай отырып, флипчарттар дайындау, оқушылардың ғаламторға еркін кіріп,
ақпаратпен қамтылу мүмкіндігі, сабақтың аудио-видео технологиясымен жабдықталуы, ең
бастысы, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, креативтік іс-әрекетпен айналысуға
мүмкіндік ала алады.
Ақпараттық технологияның сабақ үрдісінде қолдану нәтижесі:
1. Ғылым негізін түсіну, ғылым жүйелігін жүзеге асырудың басты шарттарының бірі
екендігіне кӛз жеткізеді;
2. Дүниеге ғылыми, диалектикалық, материалистік кӛзқарасты қалыптастыру, оқу
мазмұнының бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді.
3. Оқушының жалпы ақыл-ой, дене қимылы, кӛңіл күйінің үйлесімді дамуына әсер
етеді.
4. Қазіргі ӛндірістің ғылыми негізін меңгеру, техникалық процестер мен құрылымы,
оның негізгі принциптерін түсіну жүзеге асады.
5. Тәрбиенің барлық түрлеріне әсер етеді және адамгершілік, саяси-идеялық,
эстетикалық, еңбек тәрбиесінің бірлікте болуына бағытталады, оқушылардың еңбегінің
мазмұнынан байқалып, олардың алған білімінің жүйелеуіне негіз болады.
6. Оқу мерзімін тиімді пайдалануда артық қайталауды болдырмауға педагогикалық
ықпал береді. Осының негізінде оқу тәрбиелік процесін беруді басқару жүйесі қалыптасады.
Сонымен, ақпараттық технологияны қолданып, сабақты ұтымды жүргізу оқытушыдан
терең білімділікті, оқу үрдісін шеберлікпен ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай сабақ
материалдары әр алуан ғылымдағы ӛзара байланыстарды оқушылардың зерделеуіне,
олардың білімін арттыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
2. ҚозыбайА., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту
технологиялары. Оқулық /ҚозыбайА., Жексенбиева Н. – Астана: Фолиант, 2015. – 152 б.
Аннотация
Мақалада шығармашалық мамандықтарға ақпараттық оқыту технологияларын қолданып сабақ
жүргізудің тиімділігі кӛрсетілген. Инновациялық білім беру құралдары мен ақпараттық
коммуникациялық технологиялардың мақсаты қамтылған.
Аннотация
В статье показаны эффективные способы обучения информационным технологиям творческих
специальностей.Содержится цель технология информационной коммуникации и материалы
инновационного обучения.
Annotation
Effective ways of training in information technologies of creative specialties are shown in article. The
purpose technology of information communication and materials of innovative training contains.
Достарыңызбен бөлісу: |