Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет36/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95

75 
 
Әлемдік  тілдерді  игеру  -  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  жол  ашады.  Олай  болса, 
әлемдік  деңгейдегі  қолданбалы  және  іргелі  зерттеулерді  әрі  дамыту  үшін  қазіргі  таңдағы 
халықаралық  талаптарға  сәйкес  жоғары  оқу  орындарын  бітірген  түлектер  ауадай  қажет 
[3,32]. 
«Тілдердің  үш  тұғырлығы»  мәдени  жобасы  басқа  елдермен  бейбіт  ӛмір  сүріп, 
ынтымақтастықтық  орнату  үшін,  әлемдегі  тіршілік  тынысынан  ,  толассыз  аққан  ақпарат 
ағынынан хабардар болу үшін де Қазақстанның жас ұрпағының басқа елдің тілін білуінің аса 
маңыздылығынан туындап отыр. Елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі – ресми тіл 
және  ағылшын  тілі  –  халықаралық  қатынас  тілі  болып  есептеледі.  Орыс  тілі  арқылы 
қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де ӛз 
дүниетанымдарын  қалыптастырды.  Ал  енді  ағылшын  тілін  игеруде  де  серпіліс  жасауымыз 
керек.  Қазіргі  әлемнің  осы  «лингва  франкасын»  меңгеру  біздің  еліміздің  әрбір  азаматына 
ӛмірдегі  шексіз  жаңа  мүмкіндіктерді  ашады»,  -  дейді.  Расында,  ағылшын  тілін  білген  адам 
шексіз мүмкіншіліктерге ие болады[1,15]. 
Ағылшын  тілі  әлемдегі  ең  кең  тараған  тіл.  Шамамен  бұл  тілде  жер  бетінде  бір 
миллиардтан  астам  адам  сӛйлей  алады.  Әлемдегі  экономикасы  дамыған  мемлекеттер  - 
Ұлыбритания  мен  АҚШ-тың  мемлекеттік  тілі.  Сонымен  қатар,  ондаған  мемлекеттердің 
ресми  тілі.  Дүниедегі  барлық  аударма  шығармалардың,  ақпараттардың  33%-ы  ағылшын 
тілінен  аударылса,  15  %  –  француз  тілінен,  ал  1%-ы  ғана  неміс  тілінен  аударылады.  Бұл 
статистикалардан-ақ,  ағылшын  тілін  меңгерудің  қаншалықты  маңызды  екенін,  ақпарат  пен 
білімнің  барлығы  да  сол  тілде  екенін  түсінуге  болады.  Ағылшын  тілін  білетін  адам,  жер 
жүзінде  бір  миллиард  адаммен  еркін  коммуникацияға  түсе  алады  деген  сӛз.  Тіл  үйренудің 
ешқандай  зияны  жоқ,  керісінше  пайдасы  ұшан-теңіз.  Туған  тіліңді  білуге  тиісті  емессің, 
міндеттісің  дер  едім.  Ал  басқа  мемлекеттің  алдында  ӛз  еліңнің  дәрежесінің  биік  екенін 
мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді[2,115].
  
Шет  тілі  бірінші  дүниежүзілік  әмбебап  тілі  болып  табылады.  Еліміздің  тарихында 
болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  ӛзгерістер,  білім  беру  саласындағы  жаңа  бағыттар 
ағылшын  тілін  оқытуды  үнемі  жетілдіруді,  оқытудың  ғылыми  және  әдістемелік  деңгейін 
кӛтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде. Осыған орай, ағылшын тілі 
тілдің  үш  тұғырының  бірі  ретінде  қызмет  етудің  алғышарты  -  оның  қоғамдық  ӛмірдің  әр 
алуан  саласында  қолданылуы,  әлеуметтік-экономикалық,  мемлекеттік  зор  ұлттар  мен 
ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ӛзіндік рӛлі зор. 
Ағылшын  тілі  -  халықаралық  тіл.  Әлемдегі  ең  кӛп  тараған,  әрі  қытай  тілінен  кейінгі 
халық саны бойынша ең кӛп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі 
болып саналады. Ағылшын тілі  — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің 
батысгерман  тілдеріне  жатады.  А.Т.  құрылымы  жағынан  флективті.  Ұлыбритания,  АҚШ, 
Аустралия,  Жаңа  Зеландияның  мемлекеттік  тілі  болып  табылады.  Оған  қоса  кӛптеген 
мемлекеттердің  ресми  тілі  болып  саналады.  Ағылшын  тілі  қоғамдық  құбылыстың  бір 
формасы. Бірден-бір фактор, ӛмірдің әмбебап бейнесінің дамуының үдеуінде - ағылшын тілі 
болып  табылады.  Ағылшын  тілі  жанасушылықтың  негізімен,  сол  салдардан  осы  айқын: 
ағылшын тілінде сӛйлейтін елдердің арасындағы жаһанды тіл болады. 
Ағылшын тілі заманымызда ӛте маңызды рӛл алып отыр. Қазіргі таңдағы мектептерде 
ағылшын  тілі  тереңдетілген  негізгі  пәндер  арасына  тікелей  кірген.  Мектептерде  бірінші 
сыныптан  бастап  ағылшын  тілі  пәндік  жүйе  ретінде  кестеге  енгізілген.  Тіпті 
балабақшалардың  ӛзінде  ағылшын  тілінде  сӛйлеуді,  оқуды  үйретеді.  Елімізде  жыл  сайын 
шет  елдерде  білім  алатын  жастарымыздың  саны  артуда.  Сол  себепті  де  ағылшын  тілін 
тереңдетіп  оқитын  мектептер,жоғары  оқу  орындары,  тілге  күш  салуда.  Еліміздің  біршама 
аймақтарында да, Ағылшын тілін жетік меңгеру үшін кӛптеген курстар ашылған. 
Уақыт талабына сай тілдік білім беру жүйесінде қомақты ӛзгерістер орын алуда: тілдік 
материалдардың таңдалуына, мазмұнына, оның ұйымдастырылуына, тексеру түрлеріне жаңа 
талаптар  қойылып,  ӛзгерістер  енгізілуде.  Мектеп  табалдырығынан  бастап  жоғарғы  оқу 
орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы 


76 
 
рӛлінің  арта  түсуі  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебесін  іске  асыру  мәселесін  маңызды  ете 
түсуде.  
Шет  тілін  үйренуге  қызығушылықты  арттырудың  бір  әдісі  —  мотивация. Білім  – 
қоғамды  әлеуметтік-мәдени,  ғылыми  үрдіспен  қамтамасыз  ететін  жоғары  құндылық. 
Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек 
білімде  ғана.  Қай  елдін  болсын  ӛсіп-ӛркендеуі,  ғаламдық  дүниеде  ӛзіндік  орын  алуы  оның 
ұлттық  білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты.  Жаңа  ғасыр  табалдырығын 
білім  мен  ғылымды  инновациялық  технология  бағытымен  дамыту  мақсатымен  аттауымыз 
үлкен  үміттің  басты  нышаны  болып  табылады.  «Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы 
бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас  ұрпаққа  сапалы,  мән-мағыналы  білім  беру  –  бүгінгі 
күннің  басты  талабы.  Қазіргі  таңда  ӛркениетті  ел  ретінде  кӛптеген  шет  елдермен  қарым-
қатынасымыз  күннен-күнге  нығайып,беделіміз  артып  келеді.Бұл  шетел  тілін  оқытуды 
жақсартуды,  оны  терең  меңгертуді  талап  етеді.  Ал,  оқытуды  жақсарту  дегеніміз,  біздіңше, 
білімгерлердің  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру.  Дегенмен,  шетел  тілін  меңгертуде 
кӛптеген  қиыншылықтар  кездесетіні  белгілі.  Солардың  бірі  –  мәтін  мазмұнын  баяндау 
немесе  шет  ел  тілінде  ӛз  ойын  айту.  Сондықтан  білімгерлердің  тілді  толық  дәрежеде 
меңгеруі үшін оның сол тілге деген мотивациясын арттыруымыз қажет. 
Бір  білімгер  үшін  тілді  меңгеру  үрдісі  маңызды,  кӛп  мағыналы  болады,  ол  ол  тілді 
меңгеруге мотивацияланған болады; басқа білімгер үшін — бұл қиын іс, оны ол қиындықпен 
жасайды  және  ӛзінің  жалығып  кететіндігін  кӛрсетеді  және  сабақтың  тез  аяқталғандығын 
күтеді.  Әр  оқытушы  осыған  ұқсас  жағдайлармен  тап  болады  және  ашығыны  келгенде  жиі 
білімгерді ӛзін-ӛзі дұрыс ұстамағанына немесе шет тілдерін оқуға қабілетсіздігіне кінәлауға 
дайын  тұрады.  Бірақ  берілген  жағдай  сыни  тұрғыдан  ойлайтын  оқытушы  үшін  мүлдем 
басқаша  қабылдануы  мүмкін:  ол  үшін  —  бұл  «Оқытушының  амалдары  мен  әдістері  тиімді 
және  нақты  болады  ма,  сондай-ақ  білімгердің  қажеттіліктеріне  сәйкес  келеді  ме?»,  -  деген 
сұрақтың  шешімі  болып  табылады.  Ӛз  бетінше  білімгерді  мотивациялаудың  қабілеті 
оқытушының негізгі қабілеті болып табылады [4,84]. 
 Білімгерді  шет  тілдеріне  оқытудың  кӛптеген  әдістері  бар.  Білімгердің  ӛздерінің 
қабілеттері 
мен 
мүмкіндіктеріне 
энтузиазмінің, 
оптимизмінің 
және 
сенімінің 
атмосферасының жасалуы Шет тілдерін үйренуге және қарым-қатынас ұстауға мотивацияны 
жасау  энтузиазмның,  оптимизмнің  және  балалардың  ӛздерінің  қабілеттері  мен 
мүмкіндіктеріне  атмосфераны  жасамастан  мүмкін  емес.  Шынайы  ойлаудың  салдары  болып 
табылатын балаларда оптимизмнің сезімін дамыту қажет. Ол үшін адамның білімгерлері мен 
ұжымдастарына  оптимисттік  дайындалған  жанды  үлгісін  елестету  маңызды.  Ең  бастысы 
балаларға ӛздерінің алдында шынайы және орындалатын мақсаттар мен міндеттерді қойғызу 
немесе  қоюға  үйрету  маңызды,  сондай-ақ  қойылған мақсаттарға  қол  жеткізуге  қажетті 
үрдісті  эксплицидті  елестету  қажет,  бұл  ретте  табысты  нәтижені  елестету  үшін  қажетті 
тіреулерді  орнату  қажет.  Білімгердің  тапсырманы  орындаудағы  соңғы  нәтижесіне  емес, 
олардың  табандылығы  мен  кетірген  күштеріне  назар  аудару  керек.  Балаға  табыстың 
сәтсіздіктерден  құралатынын  елестеткізу  қажет.  Білімгерді  тек  ӛздерінің  қабілеттерін  ғана 
емес, сондай-ақ ұжымдық нәтижелерді бағалай алушылығына үйрету маңызды. 
Жалпы  пәндерді  оқытуда  адамның  болашағы  оның  алған  білімінің  сапасының 
дәрежесіне  тікелей  байланысты.  Сондықтан  ұстаздар  қауымына  зор  жауапкершілік  ,үлкен 
міндет  жүктелуде.  Мұндай  міндетті  шешу  -  ұстаздардың  студентке  берілетін  ғылым 
негіздерін, олардың болашақ іс-әрекеттерінің негізі берік, әрі тірегі болатындай етіп оқыту. 
Ал нәтижелі білім алу үшін әр баланың психолгиялық ерекшеліктерін зерттеу керек. Ол үшін 
баланың  талабын,  белсенділігін,  бейімділігін,  ой-санасының  даму  дәрежесін,  мінез 
ерекшеліктерін дәл анықтау қажет.  
 Шет тілі пәнінің колледж және мектепте оқытудың басты міндеті – шәкірттердің тілдік 
қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру болып табылады. Қарым-қатынас жасай білу 
нәтижесінде  балалардың  танымдық  қабілетін  жетілдіруге,  ӛзін  қоршаған  ортаға  қарқынды 
әрекет етуі, ӛз бойындағы қасиеттерді жетілдіру арқылы іске асырады.  


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау