79
ПЕДАГОГИКА, ЭТНОПЕДАГОГИКА,ПСИХОЛОГИЯ,
ДЕФЕКТОЛОГИЯ
ӘОЖ 378.5\3
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҤРДІСІ
Бейсеналиева Ж.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму
стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр - білім беру жүйесін
ақпараттандырудың ғасыры.
Қазір жаһандану дәуірінде интеграциялық процестердің қарқынды дамып үстінде.
Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайтынын
бүгінгі қоғам дәлелдеп отыр. Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім
саласына мықтап еніп. Соның негізінде әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа
ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды. Сондықтан, білім саласын
модернизациялауда ұлттық инновациялық жүйені жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми
және кәсіби бағыттарын айқындауды кӛздей отырып, кадрлар дайындаудың
мамандандырылған жүйесін іске асыруды талап етеді.
Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында кәсіптік білімді
дамытудың маңыздылығын айқындай келе, білім саласына қатаң тапсырма жүктеген
болатын: «Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы
инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды
қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте
ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша
ӛтеуге бағдар ұстауы керек. Кӛп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп
береді. Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар
қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бӛлімшелерін құруы және дамытуы қажет» осы
негізде кадрларды дайындаудың мамандандырылған жүйесін жасауда ғылыми техникалық
прогресстің қазіргі деңгейін ескере отырып, білім беру саласына қойылатын жоғары
халықаралық талаптарды да қанағаттандыру мақсатында еліміздің мұнайлы аймақтарында,
кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп отыр.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз– білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны
білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып
табылады, сол себепті қазіргі білім бері мекемелерінде шығармашылық ізденіс қабілеті
дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі
қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін маман қажет.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл білім алушыларға ӛз бетімен
немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, ӛз жұмысының
нәтижесін кӛріп, ӛз ӛзіне сын кӛзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға
мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім ӛткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.
Шығармашылық мамандықтарды ақпараттандыру ең алдымен білім бер мазмұны,
құрылымы арқылы іске асады. Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны,
құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен студенттердің жас және
психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың маңызы зор.