Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет45/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95

94 
 
Бүгінгі  таңда  білім  саласының    алдында  дайын  білімді,  дағдыларды  меңгеретін, 
қайталайтын  ғана  емес    шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін  тың  жаңалықтар  ашатын, 
біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.  Бұл, әрине, 
оқушылардың  шығармашылық    әрекетін  дамытуда    маңызды  мәселе  екендігін  дәлелдейді. 
Жалпы  оқушылардың  шығармашылық    әрекеті  ғылыми-педагогикалық    проблема  ретінде  
едәуір  зерттелген.  Оқушылар  бойында  «шығармашылық  әрекет  тәжірибелерін» 
қалыптастыру қажеттігі туралы  80-жылдары-ақ И.Я. Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық 
заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі. 
Қазақстан    Республикасының    Президенті  
Н.Ә.  Назарбаев    Республика  білім  және  ғылым  қызметкерлерінің    ІІ  съезінде  сӛйлеген 
сӛзінде  білім  беру  ісін    реформалаудағы    стратегиялық  міндеттердің  бірі    шығармашылық 
тұрғыдан  ойлай  білетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру    мен  тәрбиелеу  екендігіне  баса  назар  
аудару  керектігін    айтып  ӛтті.  Ал  қазіргі  мектеп  алдында  тұрған  жеке  тұлғаның  
ерекшеліктерін    ескере  отырып,  шығармашыл  ойлай  алатын    жеке  тұлғаны  қалыптастыру  
мақсатында  оқушыны  жан-жақты    танымдық  ұмтылысы    бар  субъект  етіп,  шығармашыл 
тұлға  қалыптастыру  қажет.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  алдымен  тұлға, 
шығармашылық іс-әрекет ұғымдарына  тоқталуды жӛн кӛрдік.  Қазақстан Республикасының 
―Білім  туралы‖  заңында  ―Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі:  жеке  адамның 
шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты 
ӛмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  даралықты  дамыту  үшін  жағдай  жасау 
арқылы ой-ӛрісін байыту‖, – деп атап кӛрсетілген. Осы міндетке сәйкес оқушының ой-ӛрісін 
дамытып, алған білімдерін ӛз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігі мен оқу іс-
әрекетіне  түсе  алатын  тұлға  қалыптастырудың  бірден-бір  жолы  12  жылдық  білім  беруге 
кӛшу екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім 
беруді  дамыту  тұжырымдамасында  білім  берудің  деңгейлері  мен  мазмұны  нақты 
кӛрсетілген.  Осы  тұжырымдамада  бастауыш  мектептің  негізгі  міндеті  –  ―баланың  жеке 
басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту‖, 
– делінген [2]. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш сынып оқушыларының оқу 
іс-әрекетін  ұйымдастыру  болып  табылады.  12  жылдық  білім  беруде  мұғалім  мен 
оқушылардың  біріккен  оқу  іс-әрекетінің  аймағы  шексіз:  қалыптасқан  ӛмір  салты  және 
қоршаған  жағдайлардың  ӛзгеруі  және  қайта  құру,  кӛркемдік  құндылықтарды  жасау, 
ӛнертапқыштық және құрастыру іс-әрекеті, оқушының танымдық іс-әрекеті және мұғалімнің 
білім берушілік іс-әрекеті. Қорыта келе, оқытудың ауқымы да ӛте кең, оқушылардың оқу іс-
әрекетіндегі  есеп  шығарудан  бастап,  ӛздерінің  эссе,  шығарма  жазуына  (матрициаларды 
құрастыру), пәндік апталықтар  мен олимпиадаларға қатысуға дейін жеткізуге болады.  
Бастауыш мектеп жасындағы баланың негізгі  іс-әрекеті – оқу.  Біз оқу әрекеті арқылы  
адам  қоғамдағы  тарихи  мағлұматтар    мен  білім  қорын  меңгертіп,  ӛзінің  рухани  дүниесін 
байытады, дүниетанымдық кӛзқарасын  қалыптастырады деп есептейміз.   
Психолог  Ю.Г.  Юдинаның  пікірінше,  оқушының  оқу  іс-әрекетінің  негізгі 
сипаттамаларын  және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттері былайша қарастырылады: 
1.  Оқушының    оқу  іс-әрекетінің  міндетті  түрде  талап  етілуі:  оқушылардың  ғылыми 
практикалық конференциясы, жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық, мектептік 
кӛрмеге қорытынды жұмыс тапсыру т.б.  
2.  Оқушылардың  оқу  іс-әрекетінің  пайда  болуының  жан-жақтылығы    жаңа  ситуацияға 
байланысты  білім  икемділіктерін  қолдана  білу,  таныс  объектілердің    жаңа  функцияларын 
кӛре  білу,  шешімдердің  баламасын  таба  білу,  мәселенің  белгілі  шешіміне  қоса  шешімнің 
жаңа тың әдістерін таба білу. 
3.  Сыныптағы  ерекше  эмоцияналдық  шығармашылық  атмосфера    және  оқушылардың 
қызығушылығы  белгілі  эмоция,  сезімдердің  барлығы  оқушылардың  шығармашылық 
әрекетінің    шарты  ретінде  эмоцияның    шығармашылық  атмосферасы  болып  есептеледі. 
Кейбір  оқушылар  үшін  эмоциялық  қызығушылық  белгілі  бір  пәнді    меңгеруге  деген  негіз 
болып  табылады.  Ал  кейбір  оқушылар  үшін  эмоциялық  кӛңіл-күй  олардың  болашақ 
шығармашылық  жұмыстарына бағыт береді. 


95 
 
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы ӛзін  белгілі бір жаңалықтардың авторы 
ретінде  сезінеді,  бұл  оған  белгілі    бір  пән  тӛңірегіндегі  қызығушылығын  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны ӛзіне тартып баули түседі». 
Бұл аталған шығармашылық әрекет  сипаттамада басқа қосымшалар да болуы мүмкін. 
Мысалы,  ғалымдар  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыру,  дамыту  үшін  қажетті 
жағдайлардың  болуы  керектігін  және    қорқыныш;  жалқаулық,  ӛзін-ӛзі  бағаламау  сияқты 
психикалық  кедергілерден  тұратын  қарама-қайшылықтармен  күресу  қажет  екенін  айтады. 
Оқушы оқу іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық проблема ретіндегі ӛзекті мәселелердің бірі 
–  оның  қалыптасуының  кезеңдері.  ӛйткені  «оқыту  барысында    оқушының  оқу  іс-әрекетін 
ұйымдастыру мәселесі  шығармашылық неше кезеңдерінен тұратындығын білуді талап етеді. 
Шығармашылық  үрдістің  әр  кезеңінде  бала  бойында  әр  түрлі  сапалық  қасиеттер 
қалыптасады.  Мысалы;  алғашқы  кезеңдерде  жаңалықты  сезіну,  қарама-қайшылықтарға  
деген  ілтипат  келесі  сәттерде    шығармашылыққа  деген  күдік,  шығармашылық  елес  орын 
алады.  Егер  де  белгісіздік  кезеңінде  табандылық,  танымдылық  ой  қиялды    қалыптастырса, 
еңбектің  нәтижесі  баланы  жоғары  кӛңіл-күйге  бӛлеп,  жаңа  істерге  қанаттандырады. 
Оқушының  эмоционалдық  қызығушылығы    іс-әрекет  барысында  кӛрінеді.  Тӛменгі  сынып 
оқушыларының  оқу  іс-әрекетіне  қызығушылығын  тәрбиелеу  және  қалыптастыру  үшін 
қызғылықты  жаңалықты  салиқалық  мазмұндағы  іс-әрекеттің  жас  ерекшелігіне 
сәйкестілігімен сипатталатын ыңғайлы негіз болып табылады.  
Оқу  іс-әрекетіне  қызығушылықты  туындататын  негіздің  бірі  -  ол  балалардың 
проблемалық сипаттағы дербес шығармашылық әрекеті. Мұндай іс-әрекет тапсырмасы жеке 
даярлайтын  шығармашылық  міндеттерді  шешудің  тиімді  әдістерін  жаңа  құралдарын 
қарастыруды  ұйымдастыру,  табысқа  жету  мен  жеңіп  шығу  жағдайын  қалыптастыруды  қол 
жеткен  жетістіктердің  барабарлық  (адекваттық)  бағасын  беру,  іс-әрекеттің  әртүрлі 
формаларын  қолдануды  ойластырады.  Оқу  іс-әрекетіне  деген  қызығушылықты 
қалыптастыруға  қажетті  жағдайға  баланың  ӛзара  және  мұғалімдермен  арадағы  қарым  – 
қатынасты  ұйымдастыру  деңгейі,  іс-әрекеті  (интеллектуалдық  шығармашылық  кӛңіл-күй, 
қарым-қатынастағы байсалды тілектестік сарын, қиыншылық пен табысқа ортақтастық, ӛзара 
кӛтермелеу,  педагогтің  бала  шығармашылығына  деген  сенімі  және  оны  ынталандыру). 
Жоғары эмоциональды тонусымен ерекшеленетін қатынас педагогтің ӛзінің шығармашылық 
кӛңіл-күйіне  сондай-ақ  жарыстың  мадақтаудың  барабарлығымен  ерекшеленеді.  Оқу  іс-
әрекетіне  қызығушылық,  шығармашылықпен  ойлау  қабілеті  сияқты  ӛзінің  дамуында 
жекелеген ерекшеліктерге ие болады.  
Г.И. Щукинаның пікірінше, балалар шығармашылығының кӛрінуіне жататын танымдық 
қызығушылық  нәтижесі,  сондай-ақ,  тӛменгі  сынып  оқушыларының  оқу  іс-әрекетіне  
қызығушылық  сипатын  оның  тәжірибелік,  эксперименттік  жұмысындағы  даму  динамикасы 
барысын 
бақылау 
негізінде 
тӛменгі 
сынып 
оқушыларының 
оқу 
іс-әрекетіне 
қызығушылығының    негізгі  нәтижелерін  айқындауы  мүмкін  және  оның  даму  деңгейін 
бағалайды.  Олар:  белсенділік  іс-әрекетіндегі  бастамашылдық;  дербестік;  эмоциональдық 
түрде  кӛріну  ерекшеліктеріне  ұмтылыс,  қызығушылықтың  (сыртқы  және  іс-әрекет 
процесіне)  кӛріну  сипаты;  жоғары  бағалайтын  іс-әрекет  деңгейінің  (орындаушылық  және 
шығармашылық)  тип:  ынта-ықыластың  бір  жерге  шоғырлануы  жатады.  Аталмыш 
кӛрсеткіштер тӛменгі сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі қызығушылық деңгейлерін: 
тӛменгі,  ортаңғы,  жоғары  деңгейінің  сипаттамасын  жасаған  кезде  негізге  алынды.  12 
жылдық  білім  беру  үрдісіне  кӛшу  қажеттігін  айқындап  отыр.  Еліміздегі  жаңа  білім  беру 
реформасы  12  жылдық  білім  беруге  кӛшу  арқылы  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, ―жалпыға арналған білімнен‖, ―білім әркімге ӛмір 
бойы‖  үлгісіне  кӛшуді  және  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  жедел  енуді  қамтамасыз  етуді 
мақсат етеді. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 12 жылда берілетін  білім 
кӛлемінің  ауқымдылығы  оқу  жүктемесінің  шектен  тыс  кӛбеюіне  әкеліп,  білім  сапасы  мен 
оқушылар  денсаулығына  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Қалыптасқан  бұл  жағдай  оқушылардың 
оқуға ынтасын да тӛмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау