71
позволяет нам формировать компетентностно-ориентированную личность, в том числе
коммуникативную и социально-адаптированную. В диалоге студенты выражают свое
понимание темы, осознают, что у людей могут быть разные идеи, аргументируют свои идеи.
Диалогические беседы помогают преподавателям определить, на какой стадии находятся
студенты в процессе обучения.
Список литературы:
1. Руководство для тренера, Издание первое. АОО «Назарбаев Интеллектуальные
школы», 2015г.
2. Руководство для студента, Издание первое. АОО «Назарбаев Интеллектуальные
школы», 2015г.
3. Загашев И.О., Заир-Бек С.И., Челябинск. 2003г.
Аннотация
Мақаланың тақырыбының ӛзектілігі – жалпы білім беретін орындарда шет тілдерін оқытуда
білім оқу процесін анықтайтын коммуникативтік мақсаттың негізгі және жетекші мақсат екендігінде
болып табылады. Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі – диалог сӛз. Пайдаланылатын тілдік
үлгілердің саналуандығы мен сапасына, сондай-ақ ӛзге де бірқатар себептерге байланысты және
ауызекі сӛйлесуді оқытудағы жүйелілігі тұрғысынан таразылай келе, диалог сӛздің монолог сӛзден
күрделірек екендігіне қарамастан, артықшылықты бәрібір диалог сӛзге беру қажет. Ӛйткені, кейіннен
монолог сӛзде пайдаланылатын жекелеген тілдік үлгілер, мақсатты құрылымдар нақ осы диалог
арқылы меңгеріліп, есте сақталады.
Аннотация
Важность этой статьи заключается в преподавании иностранных языков в средних школах,
определении образовательного процесса, в котором общение посредством диалога ведет к
конкретной цели. Диалог - одна из основных форм слов. Лингвистическое разнообразие и качество
использования диалога, а также ряд других причин, приводящих к развитию устной речи.
Диалогическое учение, несмотря на трудность монологических слов, все же необходимо признать,
что диалог играет важную роль в обучении. В конце слова монолог, за которым следует
индивидуальная языковая структура, целевые структуры, которые сохраняют память одного и того
же корня через диалог.
Annotation
The importance of the article is the teaching of foreign languages in secondary schools, determining
the educational process where communication through dialogue leads to a specific purpose. Dialogue is one
of the main forms of words. Linguistic diversity and quality to use dialogue as well as a number of other
reasons, leading to the development of spoken language. Dialogic teaching in spite of the difficulty for
monologue words, still need to recognize that dialogue plays an important role in learning. In the end, the
word monologue followed by individual language structure, target structures that preserve the memory of the
same root through dialogue.
ӘОЖ 801.56
Т 89
ҦЛАҒАТТЫ ҦЛЫ ЖОЛ - ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУ
Тҧрарова А.Н.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі ӛзгеріп отырады.
Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып,
барынша күрделене түседі. Бүгінгі жаңа қоғамда ұстаздың ішкі жан дүниесі де жаңаша,
демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде. Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры студентке деген
құрмет сезімде жатса керек. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен
72
ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани
жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы
жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар,
ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да,
қай ұлттың болсын кӛзі ашық, кӛкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең
ӛзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне
ену табалдырығында тұр. Ӛмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі
ӛзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді
ұйымдастыру білім жүйесіндегі модернизациялауға кӛшумен тікелей байланысты. Ондағы
ӛзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін
қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта
еңбек етіп, ӛмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет ӛте ауыр» деген болатын. Осы
ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз ӛзінің елдігін басқа елдер
алдында кӛрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай
негізде құрылуына байланысты болмақ. «Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті
елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айту тегін
емес.
Бүгінгі білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен
мазмұнын толықтай ӛзгерте отырып, заманына сай маман дайындау. Олардың білімді де,
білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін
мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра,
сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жӛн. Демек, ӛз ісіне
берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата
отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге
болады. Ӛз ойымнан түйгеннің бір қыры мынада жатыр. Жаңа кӛзқарастағы мұғалім - рухани
байлығы мол, ӛз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл
тұлға болуы керек. Әрине, ӛз мүмкіндіктеріне баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің
даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін
естен шығармаған жӛн. Сондай-ақ, жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім
кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға кӛшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар.
Біздің ойымыздың түп тӛркіні бүгінгі күнігі білім беру мазмұнында жатыр.
Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық ӛркениетке еліктеуі күшейіп келе
жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның кӛкірегінде қазақтың
Мағжан Жұмабаевтың: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай
негізде құрылуына барып тіреледі» деген даналығы жаңғырып тұруы керек сияқты.
Келешекте ақынның дана сӛзі алдыңғы буын ӛкілдерінің жолбасшысы болары анық.
Бүгінгі күнде халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына
педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған
ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге
қабілетті жаңа ұрпақ ӛсіріп, дамытып жетілдіретін орта қажет. Ұлы ойшыл әл-Фарабидің:
«Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай,
педагогиканың діңгегіне, шәкірт тәрбиелеу жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың
міндетімізге айналуы тиіс. Жалпы білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар
білімді ұлттық құндылықтар мен ӛркениетке негіздеу. Шәкіртті ӛз күш-жігерін пайдалануға
баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке кӛтере алмайды.
Ендеше сапалы білім беретін оқу орны бүгінгі күнде ӛзіндік жаңғыруды қажет етпек.
Сондықтан да тек жоғары оқу орнының басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып
қомай, сол орта мектепте оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін
күнделікті ұштауын талап ету жағына баса назар аудару ұтымды. Бүгінгі күнде білім беру
Достарыңызбен бөлісу: |