74
Қоғам игілігі, елдің ӛркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім
беру және ғылым саласы қызметкерлерінің, жалпы барша халықтың қолдау кӛрсетіп,
барынша атсалысатынына үміт артамыз. Сол сенім бізді алға жетелейді. Халқымыздың
ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол біздің –
тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен
тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Еліміз жаңа әлемнің соны сүрлеуіне қадам басқан
тұста ӛз жұмысын педагогикалық білім беру сапасын жақсартуға, білім берудің мазмұны мен
құрылымын инновациялық үрдістер мен қазіргі кездегі тәжірибе негізінде жаңартуға, білім
беру процесі мен педагогикалық ғылымды интеграциялауға бағыттап, Елбасының болашақ
үшін ұсынған бағдарламаларын межелей отырып, республикалық парасаттылық
мүмкіншіліктеріне лайықты үлес қосу, жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлау секілді
стратегиялық мақсатты шешу жолында үлкен міндеттер атқаратынымыз анық.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2016 жылғы 1 наурыз.
2. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:ӛсім, реформалар, даму» Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 30-қараша, 2015ж.
3. Адамбаев Б. Халык, даналығы. –Алматы: Мектеп, 1976ж.
4. Негимов С. Шешендік ӛнер. –Алматы:
Ана тілі, 1998ж.
5. Билер сӛзі. -Алматы: Қазақ университеті, 1992ж.
6. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына ӛзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңы.
Аннотация
Мақалада бүгінгі білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен
мазмұнын толықтай ӛзгерте отырып, заманына сай сапалы маман дайындау, соған орай білімді де,
білікті маман дайындаудағы оқытушының жаңаша іс- әрекеттерінің ерекшеліктері қарастырылып,
талдау жасалады.
Аннотация
В статье рассматриваются проблемы подготовки современных специалистов, в совершенстве
владеющих профессией, и проанализированы новые образовательные технологии, которые бы
обеспечили подготовку специалистов высокой квалификации.
Annotation
The article deals with the problems of training of modern professionals as well as the new educational
technologies are analyzed, which would ensure the training of highly skilled specialists.
ӘОЖ:16.01.09
Т 65
ШЕТ ТІЛІН ҤЙРЕНУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Тулебаева С.К., Бақытқызы Г.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев « «ҚАЗАҚСТАН –
2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің кӛпұлтты және кӛпконфессиялы қоғам
табысының негізі деп алты түрлі бағытты басшылыққа алған екен. Соның бірі – қазақ тілі
және тілдердің үштұғырлығы.
Елбасы біздің ана тілімізге, яғни, қазақ тілімізге аса зор мән
бере отырып тіл саясатының қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі екендігін
анықтап айтты.