5
- техникалық тапсырмаға сəйкес автоматты жобалаудың стандартты құралдарын қолдану арқылы бөлшектер мен тораптарды есептеу жəне
жобалау;
- жобалау жəне жұмыстық құжаттарды жасау, аяқталған жобалық-конструкторлық жұмыстарды рəсімдеу;
- жобаның жəне техникалық құжаттарын, техникалық шарттарға жəне басқа нормативтік құжаттарға сəйкестігін тексеру;
- жобалық есептеулердің техникалық-экономикалық негіздеуін алдын-ала жүргізу.
б) өндірістік-технологиялық қызмет:
- жұмыс орындарын ұйымдастыру, оларды технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету жəне орналастыру;
- өндірістік процестерді жүзеге асыру үшін технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету;
- өндірісті кешенді механикаландыру іс-шараларын жасау жəне енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау жəне өңдеу;
- машиналар, механизмдер жəне технологиялық жабдықтардың жұмысқа жоғары бейімділігін қамтамасыз ету;
- агроөнеркəсіп кешенінің шаруашылықтары жəне кəсіпорындарының машиналық-тракторлық парк құрамын негіздеу;
- технологиялық процестер, материалдар жəне дайын өнімдердің сапасын бақылау;
- агротехникалық сервис қызметін ұйымдастыру жəне басқару;
- жүргізілген жұмыстардың экологиялық қауіпсіздігінің сақталуын бақылау.
в) тəжірибелік-зерттеу қызметі:
- əр түрлі салада зерттеу бағыттары бойынша отандық жəне шетелдік тəжірибенің ғылыми-техникалық ақпараттарын оқып-үйрену;
- стандартты пакеттер мен автоматтандырылған жобалау құралдарын қолдана отырып, процестерді, жабдықтарды жəне өндірістік объектілерді
математикалық модельдеу жəне зерттеу жүргізу;
- берілген əдістеме бойынша тəжірибелер жүргізу, нəтижелерді өңдеу жəне сараптау;
- тапсырманың орындалғаны жөніндегі есеп құру, зерттеулер жəне əзірлемелер нəтижелерін ендіруде белсене атсалысу;
- кəсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын, зияткерлік меншік объектілерін, зерттеулер жəне əзірлемелер нəтижелерін қорғауды
ұйымдастыру.
г) ұйымдастыру-басқару қызметі:
- техникалық құжаттарды құру (жұмыс графиктерін, нұсқаулықтарды, сметаларды, жоспарларды, материалдар мен жабдықтарға сұраным жасау
жəне т.б.) бекітілген үлгіде есеп дайындау;
- қызметкерлер жұмысын жəне еңбек төлемақысының қорын жоспарлау;
- өнімге қойылған талапқа сай сапаны қамтамасыз етуге кететін өндірістік жəне өндірістік емес шығындарды бағалау жəне сараптау жұмыстарын
жүргізу;
- экономикалық шешімдер негізінде ғылыми-техникалық жəне ұйымдастыру шешімдерін таңдау жəне негіздеу үшін бастапқы мəліметтерді
даярлау;
- кəсіпорында сапа менеджментінің жүйесін құру үшін құжаттарды даярлау;
- өндірістік учаскелерді құру немесе қайта ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру-жоспарлау есептерін жүргізу
- алғашқы өндірістік бөлімше жұмыстарының жедел жоспарларын əзірлеу.
д) жинақтау-баптау қызметі:
-технологиялық жабдықтарды жəне бағдарламалық құралдарды баптау, күйге келтіру жəне тəжірибелі тексеру;
- шығарылатын өнімнің бөлшектері мен тораптарын, бұйымның жаңа үлгілерін жинақтау, баптау, сынау жəне пайдалануға беру.
е) сервистік-пайдалану қызметі:
- аппараттық-бағдарламалық құралдардың күйге келтіруі жəне қызмет көрсетуі;
6
- технологиялық жабдықтың техникалық күйін жəне қалдық қорын тексеру,профилактикалық тексерістер мен ағымды жөндеуді ұйымдастыру
- жабдық пен қосалқы бөлшектерге сұраным жасау, оларды жөндеуге техникалық құжатты даярлау;
- инновациялық мəселелерді кешенді шешу үшін қызметкерлерінің жұмыстарын үйлестіру – идеядан сериялы өндіріске дейін.
Қызметтердің нақты түрлері бакалаврдың оқу жоспарының мазмұнымен анықталады.
4.
Мамандардың келешекте жұмысқа орналасуы
Əр түрлі ұйымдарында, агроөнеркəсіп кешендерінің кəсіпорнында, өндірістік жəне əлеуметтік саласында; мемлекеттік кəсіпорындарын
басқару жүйесінің бөлімшелерінде, акционерлік қоғамдар мен жеке фирмаларында; жөндеу жəне машина жасау зауыттарында, ауыл
шаруашылығының жөндеу өндірістерінде қызмет ете алады. Сондай - ақ, ғылыми - өндірістік бірлестіктерінде, ғылыми, конструкторлық жəне
жобалық ұйымдарында жұмыс жасай алады. ЖШС «КазНИИИМЭСХ», Ақкөл қ., Ақмола облысы; ЖШС «АгротехНС» Астана қ., ЖШС «КБ
транспортного машиностроения» Астана, ЖШС «Eurazia Group Kazakhstan», Астана; ЖШС «МВТУ», г.Астана; ЖШС «Запчасть ЖД», Астана;
ЖШС «Казахстанско-Чешский технологический центр», Астана; АҚ «Степногорский подшипниковый завод»; АҚ «Корпорация Казахмыс», АҚ
«КазАгроИнновация», ЖШС «Щучинский котельно-механический завод» Щучинск, АҚ «КАМАЗ инжиниринг» Көкшетау.
7
ІІ. Оқыту нəтижелері мен негізгі құзіреттіліктер
5В072400 – «Технологиялық машинаналар жəне жабдықтар» мамандығы бойынша «Ауыл шаруашылығы машиналары жəне жабдықтар»
модульдік білім беру бағдарламасы оқытудың келесі нəтижелеріне бағытталған:
«Техника жəне технология бакалавры» бакалавры келесі басты құзыреттіліктерді меңгеруі керек:
1.
ана тілі саласында (қазақ/орыс тілдері): жазбаша жəне ауызша (тыңдау, айту, оқу жəне жазу) түрінде түсініктерді, ойларды, сезімдерді,
фактілер мен көзқарастарды түсіну жəне көрсете білу, сонымен қатар, оқу уақытында, жұмыс кезінде, үй ішінде жəне бос уақытында, яғни барлық
қоғамдық пен мəдени тұрғыдан тиісті түрде лингвистикалық жəне шығармашылық қарым-қатынас орната білу қабілеті;
2. шет тілі саласында: ағылшын жəне француз тілдерінде қарым-қатынастың негізгі дағдыларын меңгерген, яғни ауызша мен жазбаша
(тыңдау, айту, оқу, жазу) түрінде əлеуметтік жəне мəдени тұрғыдан (білім алу жəне оқу ісінде, жұмыс кезінде, үй ішінде жəне бос уақытында)
түсініктерді, ойларды, сезімдерді, фактілер мен қөзқарастарды ұғына, айта жəне айқындай білу қабілеті. Медиация мен мəдениаралық түсіністік
дағдыларына ие;
3. іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми жəне техникалық дайындық: күнделікті жағдайларда өндірістік міндеттерді шешу
үшін математикалық ойлауды қолдана жəне дамыта білу, кəсіби қызметінде математикалық ойлау (логика мен кеңістіктік ойлау) тəсілдерін жəне
презентацияларды (формулалар, үлгілер, құрылымдар, бағаналар мен кестелерді) қолдана білу, яғни дəлелдерге негізделген проблема мен
қорытындыларды анықтау үшін əлемді түсіндіретін білім мен əдістеменің негіздерін қолдана білу, өз білімдері мен əдістемесін кəсіби міндеттерді
шешу үшін қолдана білу қабілеті;
4. компьютерлік дайындық: заманауи ақпараттық технологияларды жұмыс үшін, бос уақытта жəне қарым-қатынас орнату үшін сенімді
жəне сыни тұрғыдан қолдана білу, кəсіби қызметінде ақпаратты қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, презентациялау мен алмастыру үшін,
ғаламтор көмегімен келісім жүргізілетін желілерге қатысу жəне араласу үшін компьютерді қолдана білу;
5. оқу ісіндегі дайындық:
- ой-өрісі кең жəне ойлау мəдениетіне ие жоғары білімді тұлға қалыптастыруда техникалық пəндері саласында базалық білімдерді меңгерген;
- əрдайым оқу қажеттілігін түсінетін, қол жетімді мүмкіншіліктерді таба білетін, болашақта білім алуға талпынатын жəне оқуын əрі қарай
жалғастыруға мүдделі, жеке жəне топта уақыт пен мəліметтерді тиімді басқара отырып, өз оқуын ұйымдастыра алатын, тұлғалық жəне кəсіптік
тұрғыдан дамуға ынталы болу; күнделікті кəсіби қызметін жетілдіретін жəне магистратурада білімін жалғастыруға қажетті жаңа білімдерді алу
тəсілдеріне ие;
6. əлеуметтік дайындық (тұлғалық, мəдениаралық жəне азаматтық құзыреттіліктер):
- қоғамдық жəне еңбек өмірінде, алуан түрлі қоғамдарға тиімді əрі келісімді қатысуға, жеке өмірінде қажет жағдайда келіспеушіліктерді шешуге,
сонымен қатар, əлеуметтік пен саяси түсініктер мен құрылымдар туралы білімге жəне белсене əрі демократиялық қатысуға дайындығына
негізделе отырып, азаматтық өмірде толығымен қатысуға мүмкіндік беретін мінез-құлыққа ие;
- ұжымда, отбасында, социумда, əлемде бірге өмір сүре білу, басқа тұлғаларды қабылдау мен түсінуді өзінде тəрбиелей білу, оған құндылық
ретінде қарым-қатынас жүргізе білу, əлемдегі өзара байланыстылықты сезіну жəне дамыту, келіспеушіліктерді ескерте жəне тоқтата білу,
мəмілеге келу қабілеті, ұжым көзқарасын өзінің көзқарасымен сəйкестендіре білуді;
- іскерлік этика нормасын сақтай білу, тəртіптіліктің этикалық жəне құқықтық нормаларын меңгеру;
7. кəсіпкерлік жəне экономикалық дайындық:
- негізгі экономикалық білімді меңгергенін, менеджмент, маркетинг, қаржы жəне т.б. туралы ғылыми түсініктері болуы; экономиканы мемлекеттік
реттеудің мақсаты мен міндеттерін білу жəне түсінуі, экономикадағы мемелекеттік сектордың ролін білуі;