Бір ғалымдар (Ленорман де Руже) бұны египет жазуынан
бөлінген дауыссыз дыбыстардың таңбасы десе, енді біреулері
(В.В.Струве) әр графема финикий тіліндегі сөздің басқы дыбы-
сын белгілейді деді.
Болгар ғалымы Б.Георгиев финикий жазуы криттің буынжа-
зуынан шыққан деген. И.Гельб финикий жазуы нағыз әліпби
жазуға қарағанда буынжазудың жетілген түрі деді.
Олар әліпби жазу египет тілінде жасалып, арада бірнеше
ғасыр өткен соң қайтадан египеттіктердің жетілдіруіне тап бол-
ды дегенді айтады: “Грек әріптерінің атауы арамей тіліне тіре-
леді деген болжам жалпы жазудың арамей тілінен шыққанына
нақты дәлел бола алмайды ” деген Д.Дирингер.
Финикий жазуынан тараған алфавит түрлері мынадай:
- арамей жазуы және архаикалық грек әліпбиі.
Арамей жазуынан араб, парсы, ауған; соғды, ұйғыр, моңғол;
еврей жазуы тарайды.
- Архаикалық грек бұтағынан шығыс грек пен батыс грек жа-
зуы шығады. Шығыс грек жазуынан гот, армян; византия-сла-вян
жазуы (кирилше мен глаголша); грузин жазуы пайда болған. Батыс
грек бұтағынан итальян; этрусс – латын әліпбиі дамиды.
Қазіргі батыс Еуропа халықтарының жазуына негіз болған
латын графикасы грек әліпбиінен шығады. Гректер әліпби
ойлап таппаса да, бар әліпбиді жетілдіру жағынан алда болды.
Грек алфавитінің тек b, g, d, z, k, l, m, n, p, v, t әріптері ғана
семит ды-быстарымен бірдей. Қалған әріптер шыққан
жазуынан өзгеше сипат алды.
Гректер әліпби жетілдіруде мынадай өзгерістер жасаған:
а) семит тілдеріндегі кейбір дауыссыздар таңбасымен дауыс-
тыларды беріп, әліпбиге дауыстыларды енгізді;
ә) семит тілдерінің кейбір дыбыс әріптерін басқаша
қолданды;
б) рh, ps, kh, х сияқты әріп тіркесін қосты.
Грек әліпбилерінде алеф, хе, вав, иад, айин әріптері
дауысты-ларды беруде қолданылған.
Алайда грек әліпбиінің және соның негізінде пайда болған
латын алфавитінің кемшілігі әріптердің аздығы болды, яғни ла-
тын әліпбиі мен батыс Еуропа халықтарының тілінде сәйкестік
болмады. Француз тіліндегі 18 дауысты, 17 дауыссыз, ағылшын
тіліндегі 13 дауысты, 24 дауыссыз, неміс тіліндегі 15 дауысты, 18
дауыссыз латын алфавитінің 26 таңбасына сәйкес келмеді.
Сондықтан неміс, француз тілдерінде диакритикалық
таңбалар қолданылды. Француз әліпбиінде <а>, <о>, <е> 143
графикалық тәсілмен, ал ағылшын жазуында 658 тәсілмен
беріледі.
Латын графикасын қабылдауда мынадай кемшіліктер орын
алды: әртүрлі дыбыстарды бір графемамен беру, мысалы, фран-
цуз тіліндегі с таңбасы <к> мен <с> фонемасын берді, неміс
тіліндегі s әрпі <з> және <с> дыбыстарын береді. Әріптер (диг-
рамма, триграмма) тіркесі пайда болды. Мысалы, ш дыбысы
француз тілінде сh, ағылшын тілінде sh, итальян sc, неміс
тілін-де sch графтары арқылы беріледі.
Латын графикасының 26 әрпін пайдаланған тек ағылшын жа-
зуы, ал неміс, француз, голланд, швед, итальян, испан, португал,
румын, чех, венгер, поляк тілдері диакритикалық таңбаларды
қолданды, итальян, фин, поляк жазуында латын әліпбиінің барлық
әрпі жоқ. Бұдан графика ережелері қиындады. Сөйтіп, латын
әліпбиін қабылдаған бірде-бір жазуда бір әріп-бір фонема
қағидасы ұсталынбады. Оны В.А.Истриннің еңбегіндегі мына
кестеден көруге болады (1-кесте):
1-кесте – Латын жазуына негізделген әліпбилерді салыстыру
ал
ф
ав
и
т
ла
ты
нә
рі
пт
ер
і
ди
ак
ри
тт
іәр
іп
те
р
ек
і ә
рі
пт
ір
ке
сі
ба
рл
ы
қә
рі
п
па
йд
ал
а-
ны
лм
әр
іп
ди
ак
ри
-т
ик
аб
ар
ек
і, о
да
нд
ак
өп
әр
іп
тір
ке
сі
ағылшын 26
-
-
26
-
қолданыл- өте жиі
майды
неміс
26
-
-
26
-
қолданы-
Жиі
лады
голланд
26
3
-
29
-
жиі
қолд.
швед
26
3
-
29
-
қолда-
нылады
норвег
26
2
1
29
дат
26
2
1
29
-
француз
26
-
-
26
-
өте жиі
өте жиі
22
23
итальян
21
-
-
21 к, w,x,e,j қолд.
қолд.
испан
26
1
2
29 -
португал
26
12
-
38 -
өте жиі
румын
26
5
-
31 -
қолд.
поляк
23
9
-
32 Q,v,x
жиі
жиі
чех
26
14
1
41 -
өте жиі
қолд.
фин
20
2
-
22 в,c,f,q,x,z қолд.
венгер
24
8
7
39 к,w
жиі
жиі
2-дәріс. Жазу мен ойлау қатынасы
Бүгінгі күн тұрғысынан жазу белгілі бір тілде жазылатын-
оқылатын әріптік таңбалардың жиынтығы арқылы ойды жарыққа
шығарудың, ақпарат алмасудың жүйесі болып табылады. Жазу
– ауызша тілден кейін пайда болған адамзат ойлауының сана-
лы жемісі болса да, бүгінде ауызша тілге қарағанда басымдық
сипат алған мемлекеттік құрылыстың күшеюімен байланысты
қоғамдық функциясы артқан, коммуникация, ақпарат алмасу,
ойжасам, эмоцияналдық, индикаторлық қызметтерінен бөтен
дәлел, аргумент болатын “бекітушілік”, “растаушылық” сипа-
ты маңызданған, ойды жарыққа шығарудың жүйесі. Сондықтан
тілдің санаға, ойлауға қатынасын көрсеткендей, жазу мен
ойлау, жазу мен сана қатынасын көрсетудің мәні бар.
Қазір адамдар бір уақыт пен кеңістік шегінде өмір сүріп жатса
да, бір-бірімен пікір алмасуына, бірінің ойын бірі толық білуіне
(тыңдау арқылы ойын білуге) мүмкіндігі (уақыты) жоқ. Осыған
орай адамдар тілді екі бағытта қолдануға қалыптанған сыңайлы.
Бірі қауым болып өмір сүруіне қызмет етуші тілдің
коммуникациялығы, екіншісі саналы ойын жарыққа шығару, ойын
жүйелеу, бекітуге қызмет етуші тілдің ойжасамдық бағытында.
Екінші бағыттың ерекшелігі саналы ойдың “қағазға түсіп”
реалдануында жатыр. Тілдің ойжасамдық қызметі жазу арқылы
орындалатыны бірден бола қойған жоқ. Көркем сөз (көркем
әдебиет), шешендік сөз (публицистика), даналық сөз (ғылым)
түрлері арқылы әсіресе монологтік, сосын диалогтік сипатта адам
ойы ауызша түрде жүйеленіп, бекітіле берді. Бірақ жазу пайда
болғалы тілдің ойды жасау қызметін жазу атқаратын болды.
Айтылатын ой немесе айтылған ой қағазға түсіріліп
жүйеленбесе, ол “жел сөз” болып қалатынды шығарды. Бұл
әсіресе үлкен аудиторияға ақпарат таратуда (радио, теледи-дар
хабарлары, шаршы топ алдындағы сөз, дәрістерде) жақсы
көрінеді.
А.Р.Лурияның “Жазу ауызша тілге қарағанда ойлаудың жаңа,
жетілген, күшті құралына айналды” дегеніндей, жазу дербес-
тігі күшейгенде ой-тіл-жазу қатынасы ой-жазу қатынасына
көшеді.
Ой мен сөйлеу. Санадағы ойдың сөзге айналу процесі ең
алғаш Л.С.Выготский зерттеулерінен басталып, Ф.де Соссюр,
Б.де Куртенэ, Блумфилд еңбектерінде жалғасып, Н.Хомский,
А.А.Леонтьев зерттеулерінде толықтырылды.
ХХғ. алғашқы онжылдығында Л.С.Выготскийдің ой сөйлеу
арқылы аяқталады деген сөзі ой мен тіл процесінің әмбебап
формуласына айналды. Ғалым ойды ықшамдалған,
тұйықталған әрекет деп таныды. Ойдың тіл арқылы сыртқа
шығарылуы “мо-тив ↔ой↔ішкі сөйлеу↔іштен шыққан
мазмұнның сыртқы аршылған, айқындалған (развернутое)
мағыналар жүйесіне ай-налуы ↔ сыртқы сөйлеу” сатылары
арқылы жүзеге асатынын көрсетті.
Ал естілген сөзді ұғу синтаксистік құрылым мен лексикалық
мағынаға анализ жасау ↔оны ішкі сөйлеуге жинап, орап алу ↔
мотив пен мәнін түсіну сатылары арқылы жүреді деді. Бұл тео-
рияны нейролингвистикалық бағытта дамытқан А.Р.Лурия ойда
адамның айтайын деген тақырыбы белгіленеді, сол тақырып
ту-ралы не айту, қалай айту керек деген предикатты мазмұн –
ішкі сөйлеуде жүзеге асырылады, ол қысқа, фрагментарлы,
аморф-ты сипатта болады. Бұл тұрғыда ішкі сөйлеу ішкі
субъективтік мәнді сыртқы аршылған мағыналар жүйесіне
айналдыратын ме-ханизм болып табылады деді.
Ғалым бір ойды түрліше жеткізуге болатыны сыртқы сөйлеу мен
ішкі сөйлеудің айырмашылығын көрсетеді, сондықтан ішкі сөйлеу –
инвариант, сыртқы сөйлеу – вариант болады деп көрсетті. Астыңғы
грамматикалық құрылым мен ішкі сөйлеу, үстіңгі грамматикалық
құрылым мен сыртқы сөйлеу сәйкеседі, астыңғы грамматикалық
құрылым адам санасына жақын болғандықтан оны құрастырудың
ережесі аз, сондықтан кішкентай бала бұны тез меңгереді деді.
Естілген сөзді ұғынуда 1-саты сөз мағынасын айыру, яғни
көпмағыналылықтан нақты мағынаны айыру болып табылады деді; 2)
сөйлем жүйесін білу (егер сөз мағынасын ша-
24
25
Достарыңызбен бөлісу: |