Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет5/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

И.Гельб) айтуынша, барлық басқа жазу түрлері шумер жазуы-
нан бастау алды.
Логограммалардың пайда болуына: 
а) сол елдердегі қаланың өркендеуі,
ә) мемлекетті жазу арқылы жүйелеу қажеттілігі; 
б) жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі,
в) грамматикалық жағынан тұрақтылық себеп болды. Қытай
тілінің түбір, шумер тілінің жалғамалы сипаты
логограммалардың жасалуын жеңілдетті.
Шумерлер логограмаларды бірінші болып ойлап тапқанмен,
оны   жетілдіру   жағынан   Египет   пен   Қытайдан   кейін   тұрды.
Оның себебі мемлекеттік құрылыстың баяу дамуы болды.
Ойжазу  типі   бүгінде   қытай   иероглифімен   сақталып   отыр.
Оған:
а) қытай тілінің түбір сипаты, ә) 
сөздердің бір буыннан тұруы,
б) жаңа сөздердің түбір қосындыларынан 
тұруы, в) ұқсас морфемалардың көп болуы, г) 
диалектінің көптігі, д) бір таңбаның әртүрлі 
оқылуы себеп.
Иероглиф жазу иератикалық жазуға (тез, курсив жазу), одан
демотикалық жазуға (халықтық) көшті.
Қазір   сандар,   математикалық   символдар,   сондай-ақ   ағылшын
тіліндегі & таңбасы, % (пайыз), $ (доллар),€ (евро) ұғымжазу
элементтер болып табылады.
Буынжазу.  Логограммалар шумер тілінің жалғамалы сипа-
тына дәлірек келгенмен, кісі есімдерін, жауланған жер, халық
атауларын   жазуда   қиындық   тудырды.   Сөйтіп,   шумер   халқы
тағы да алғашқы болып, буынжазу жасады (б.э.д. ІІІ мыңж.).
Оған:
а) тілдегі ортақ аффиксті бір буынмен беру жеңілдігі, ә) 
бір буыннан тұратын омоним сөздің көптігі әсер етті.
Егер   ІV   мыңжылдықта   шумер   логограммасы   1500-ден
артыл-са,   ІІІ   мыңж.-та   600-ге   дейін   қысқарды.   Шумер
буынжазуында   дауыссыз   дыбыс   таңбасы   мүлде   болмады.
Логограммаларда де-ректі таңбалардың қосындысы көп болды.
Буын жазу Ассирия, Финикий, Кипр, Жапонияда дамыды.
Сонымен, ең алғашқы буынжазу Тигр мен Ефрат өзендерінің
аралығындағы Месопотомия өлкесінде, шумер елінде б.э.д. 3100
ж. пайда болды.
Дыбысжазу. Вавилондықтар шумер мен аккад мәдениетін
пайдаланып   гүлденді.   Бірақ   шумердің   буынжазуы   вавилон-
дықтардың:
а) консонантты жүйесіне, 
ә) ішкі флексия сипатына,
б) қос дауыссыздың қатар келуіне, в) сөз аяғында ұяң, қатаң 
дыбыстарды айыру сипатына сай
келмеді.
Жазу   түрлерінің   даму   сатылары   бойынша,   буын   жазудан
кейін   тарих   аренасына   келген   жазу   бір   дыбысқа   бір   таңба
сәйкескен дыбысжазу деп аталды. Оны кейде әріп-дыбысжазу
деп те атай-ды.
Дыбысжазудың   екі   түрі   белгілі:   консонантты,   вокалды.
Консонантты жазу таза консонантты (египет, батыс семит жа-
зуы) және жартылай консонантты (жол үсті, асты дауысты ды-
быс белгілері бар) болып бөлінеді.
Консонантты жазу б.э.д. ІІ мыңж. жатса, вокалды жазу б.э.д.
І мыңж. жатады.
Дауыстыларды   белгілеуіне   қарай   алфавит   үшке   бөлінді:   І
тип   –   грек,   латын   алфавиті   (дауыстылар   арнайы   таңбамен
белгіленді). ІІ тип – арамей, еврей, араб әліпбиі (дауыстылар
диакритикалық таңбамен беріледі). ІІІ тип – үнді әліпбиі (дау-
ыстылар диакритикалық белгілермен немесе таңбалардың ішкі
модификацияларымен берілді).
Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайда болды.
Оның себебі, В.А.Истриннің айтуынша, ежелгі египет тілінің
семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, арамей) ортақ бел-
гілері болуында, яғни дауыссыз дыбыс ерекше грамматикалық
мағынаға   ие   болды   да,   дауысты   дыбыс   көмекші   функцияда
жұмсалды.
Египет тіліндегі 3300 түбірдің 2200-і үш дауыссыздан, 600-і
алты   дауыссыздан,   400-і   екі   дауыссыздан   тұрған.   Египет
жазуының 26 әрпінің 4-еуі (a, e, j, w) кейде ғана дауыстының
таңбасын берген.
И.Гельб пен Дьяконовтың пайымдауынша, кез келген консо-
нантты жазу дауыссыз бен қандай да бір дауыстының тіркесін
береді. И.Фридрих та бір дауыссыз дыбыс әрпі дауысты мен да-
уыссыз дыбыс тіркесін берді деп, Минерва сөзінің MNRVA деп
жазылғанын мысалға келтіреді.
Этрус   жазуларында  l,   m,   n,   s,   f  әріптері   силлабема   ретінде
қаралды: c-ке, k-ка, q-ку деп аталды. Сондықтан екі дыбысқа бір
18
19


таңба арналды, егер дауысты дыбыс таңбасы болса, ол тек туын-
ды сөздің грамматикалық формаларын берді дейді. Мысалы, ktl
– “өлтіру”, KeToL- тұйық етістік, KoTeL – “жан алғыш”, KaTuh
–“өлген” д.с.
Египет консонантты жазуында кейде логограммалар, морфе-
мограммалар да кездесіп отырды. \
Финикий жазуы.  Таза дыбысжазу жүйесін финикий және
батыс семит халықтары (б.э.д. ІІ мыңж.) жасады. Финикийлер
–   б.э.д.   ІІІ   мыңж.-б.э.   дейін   Жерорта   теңізінің   шығыс
жағалауын мекендеген, ірі сауда қалалары болған халық.
Финикий   жазуындағы   22   әріптің   бәрі   (алеф,   бет,   гимел,
далет, хе, вав, зайн, хет, тет, йод, каф, ламед, мем, нун, самећ,
айин,   пе,   цаде,   коф,   реш,   шин,   тов)   дауыссызды,   жартылай
дауыстыны таңбалады. Әріп атауы реалий атауының алғашқы
дыбысымен сәйкесті.
Жазудың прогрестік жағына: 
а) әліпби ретінің болуы,
ә) әріп атауы сөздің алғашқы дыбысына сәйкес 
келуі, б) таңба сөздің денотатына ұқсас болуы,
в) жазу процесінің оңнан солға көлбеу бағытта жүруі жата-
ды.
Батыс-семит халықтары жазуының маңызы туралы И.Фридрих
былай деген: “Егер біз қателеспесек, дауыссыздарды таңбалаған
әлемде   жалғыз   жазу   болды,   ол   кейін   гректің   толық   жазуына
айналған батыс-семит халқының жазуы”.
Финикий   әліпбиінің   консонанттылығы   туралы   ғалымдар
әртүрлі болжам айтады. Мысалы, Морис Дюнан әліпбидің тез
таралуы  үшін семит халқы  саналы  түрде дауыстыларды  бел-
гілемеді деді. Сондықтан финикий әліпбиіндегі дауыстылардың
болмауын   әліпби   жетілмегендігінен   емес,   әліпбидің   ұтымды
жағы деп бағалаған жөн дейді Д.Дирингер.
Енді   бір   ғалымдар   әр   әріп   бір   буынды   таңбалады   деді.
“Дауысты   дыбыс   таңбасының   бүгінде   (әсіресе   ағылшын   жа-
зуында)   көпмәнді   болып   кеткені   соншалық   алғашында   ол
таңбаға қандай мән жүктелгені белгісіз болып қалды”.
Белгілі бір ұғымды ғана беріп келген сурет, ойжазу қалай ғана
дыбысжазуға айналды; бір ерекше күштің араласуы болма-ды ма
деген   сауал   жазу   тарихына   барғандардың   қайсысын   болса   да
ойлантты. Суретжазу мен дыбысжазу аралығында сөзжазу, ребус
жазуы болғанын, ал сөзжазу жалпы ұғымнан гөрі, ауыз-
ша айтылғанды сөзбе-сөз түсіріп отырғанын білсек, оның бер
жағында дыбыстық ребустың да өмір сүргенін аңдасақ, алфа-
виттік   жазуға   эволюциялық   кезеңдерді   бастан   өткеріп   барып
жеткенін танимыз.
Сонымен,  тарих   сахнасындағы мынадай  жеті  жазу  жүйесі
адамзат мәдениетінің өркендеуіне түрткі болды:
- шумер   жазуы   (Месопотомияда,   Тигр,   Ефрат   өзендері
аралығында б.э.д. 3100 ж.– б.э. 75 ж.);
- ежелгі элам жазуы (Эламда б.э.д. 3000 ж. – б.э.);
- ежелгі үнді жазуы (Үндістанда, б.э.д. 2200 ж.);
- қытай жазуы (Қытайда б.э.д. 1300 ж.);
- египет жазуы (Египетте б.э.д. 3000 ж.);
- крит жазуы (Крит, Греция жерінде б.э.д. 2000–1200 жж.);
- хетт жазуы (Анатол, Сирияда б.э.д. 1500–1700 жж.). Жалпы
әліпбидің жетілуі сөзжазу жүйесінен батыс семиттің
буынжазуына және грек алфавитіне қарай жүреді.
Дыбысжазу   қалай   пайда   болды  деген   сауалға   көптеген
болжамдар мен көзқарастар бар. Олардың ішіндегі ортақ пікір
логографиялық жазудағы абстракті таңбалар деректі зат сурет-
терінен шықты дегенге саяды. Бұған жазу тарихына қатысты
еңбектерде   келтірілген   түрлі   деректер   айғақ   бола   алады.
Дегенмен   бүгінгі   эпиграфикада   суреттен   графикалық   бірлік-
терге қарай даму сатысын көрсететін бірде-бір еңбек жоқ екені
өкінішті.
Ғалымдарды  дыбысжазу  неге   ең   алғаш   батыс   семит
халықтарында пайда болды; жазудың арғы негізі қайсы – ас-
сир-вавилон ба, әлде египет, әлде крит-микен бе деген сауалдар
ойландырады. Егер бұл жазуға ассир-вавилон, не шумер жазуы
түпнегіз десек, ол жазу – буынжазу, яғни дауысты таңбалары
ло-гограммалармен берілген жазу. Және тарихта буынжазудан
кон-сонантты жазуға өту жүйесі болмаған.
Финикий   жазуын   египет   жазуына   байланыстыратын
көзқарастар олардың
а) таңба ұқсастығын, ә) әріп атауына сөз 
денотатының сәйкесуін,
б) египеттіктермен мәдени қатынасты алға тартады.
Енді бір басым гипотеза финикий жазуының өздігінен шығу
мүмкіндігін болжайды. Бірақ әріп аттары финикий халқының
экономикасынан   хабар   бермейтіні   ойлантқан   В.Истрин   оны
египет жазуынан шығарады: египет – ежелгі ханаан – финикий
– оңтүстік семит – арамей.
20
21


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау