жоғары. Өйткені жазу процесінде адресат – жазарманның өзі
болса, адресант – қағазға түскен мәтін болады да, алдымен жа-
зарман мен мәтін арасында коммуникация орнайды. Осы екі
“коммуникант” арасындағы түсіністік мәтіннің дұрыс, жазба
тіл нормасына сай құрылуына бастайды. Сонда мына процесс
жүзеге асады (2-сурет):
жазарман
Жм
оқырман
стильдік ЖАЗБА ТІЛнормасына
жөндеу салу
2 сурет – Жазарман-оқырман қатынасы
Осыған орай, жазу жүйесінің ерекшелігін көрсететін оқу
және жазу процесін түсіндірудің маңызы бар.
Оқу дегеніміз жазылған не басылған мәтінді, графикалық
таңбалар жүйесін дыбыстық тілге кодтау арқылы немесе бірден
ішкі сөйлеуге кодтау арқылы мазмұнын ойға жеткізетін жазба
тілдің бір актісі. Оқу сатысы әріптерді дыбыстап, бір-біріне тір-
кестіре айтудан, ежіктеп оқудан басталатыны белгілі. Адам са-
насында әріптер тіркесі емес, сөз, сөз тіркестерінің графикалық
портреті орналасқанша, осындай ежіктеп оқу сатысы жүреді. Бір
бейнені немесе типтік бейнені қайталап көре берген көз сол
образды “суретке түсіріп”, санаға елес ретінде салып қояды.
Келесі оқығанда санадағы типтік елес – портрет пен мәтіндегі
бейне ассоциацияланып, екі бейне беттесіп, адам ежіктеп оқудан
құтылады. Сөйтіп, автоматты оқу кезеңі келеді, бұл іштей көзбен
қармап оқуға жеткізеді. Көзбен оқуда оқу темпі ауызша сөйлеу
темпімен бірдей болады. Оқу өрісі 4-6 сөзден бірнеше жолдарға
дейін көре алады. Қосымша оқу өрісі сөйлем аяғын, азатжолдың
басталуы мен аяқталуын, келесі азатжолдың басталуын көреді.
Оқу сатысының едәуір жетілген түрі динамикалық оқу деп
аталады. Бұл аялық білім арқылы мәтінді тұтас қармап көру
негізінде ойды табу үшін негізгі еместерін тастап оқу, мәтінді
бұрынғы оқылған мәтіндермен байланыстыра отырып, бір көз
жүгірткеннен түсіну, сөйтіп, мәтіннің бүкіл мазмұн әлемін елес-
тетіп оқу болып табылады. Оқу процесі санадағы графикалық
ойлау жүйесін қалыптастырады. Қазіргі заманның адамы
тыңдауға қарағанда оқуға көп уақытын арнайды. Бұл жазба тіл
арқылы ойын сыртқа шығару жүйесінің жетілуіне көмектеседі.
Сондықтан көп оқыған адамның жазу машығы да тез жетілетіні
белгілі. Біз жазба тілді пайдаланғанда оқу процесі нәтижесінде
қалыптасқан графикалық ойлау жүйесін қолданамыз.
Оқу процесі графикалық таңбаларды қабылдаудан; оны ішкі
тілге аударудан; оны ойдағы таңба эталондар арқылы ойлау
жүйесіне апарудан тұрады. Оқығанды түсіну ойлау кодын, бей-
нелер мен ұғымдар кодын туғызады. Ғалымдар жазба тілдің ал-
дында ауызша тіл емес, ішкі ойлау тілі жүреді дейді.
Жазу дегеніміз ойдағы мазмұнды дыбыстық (фонемалық) код
арқылы (бұл жазар алдында ауызша айтып алумен немесе іштей,
дауыстамай сөйлеуден көрінеді) графикалық кодқа түсіру болып
табылады. Дыбыстық кодтың графикалық кодқа ай-
налуын фонема атқарады.
Жазу процесі жазатын ойды іштей жүйелеп алу; ішкі
сөйлеуден дыбыстық тілгеге ауысу, дыбыстық тілден
графикалық тілге ауысу; белгілі бір графикамен, керекті
каллиграфиямен, графикалық және орфографиялық
нормаларды сақтай отырып жазу сатыларынан тұрады.
Жазба тілде ойды білдіру ауызша тілге қарағанда 10 есе жай
жүреді деп айттық. Ол ойды эксплицитті түрде дәл, әрі нақты
берудің жолын іздеуден шығады. Жоғарыда жазу про-цесі
құрылған сөйлемді оқырман ретінде оқып, қайта жазу, не
түзету, артық элементтерді алып тастау сияқты сатылардан
тұратынын көрсеттік. Ойдың жазба тіл элементтері арқылы
белгілі мәтінге ұйымдасуының сыртында мәтіннің парақ бетін-
дегі, компьютер экранындағы орналасуы, әріп бейнесі, тарау,
бөлім аттарының берілуі сияқты жалпы графика ережесі, әріп
таңбалары, фонеманың негізгі реңкін табу, сөздердің бөлек,
бір-ге, дефис арқылы жазылуын, бас әріп, кіші әріп сияқты
графика, орфография ережелері және тасымал, пунктуация
сияқты тыныс белгілері ережелері бар.
Сонымен, жазуды өз алдына дербес жүйе деп тану, бірінші-ден,
жазба тілде ойды жарыққа шығарудың өзіндік категорияла-ры мен
бірліктері, тәсілдері болу керек. Екіншіден, жазба тіл өз
кеңістігінде, өз аудиториясы болу керек. Мәтін сол қалпында
ауызша тіл аудиториясына жетпеуі, түсініксіз қалуына орай өз
аудиториясының болуын, қалыптасуын қалайды. Жазба тілді ау-
54
55
диторияда түсіну үшін алдымен ауызша тілге кодтау қажеттілігі
шығады. Сонда екі жүйенің өзара кодталу процесінен кейін ғана
түсінікті болуы жазба тілдің дербес жүйелілігін танытады. Жазу
мен ауызша тілдің екі басқалығын “мойындатпай” отырған тілдің
лексикалық деңгейі. Алайда бұл заңды да. Өйткені лексикалық
деңгей тілдің мазмұнын көрсетеді, ал осы мазмұн бірліктерін тіл-
ді түрлі бағытта, мақсатта қолдануда өзіндік тәсіл, жүйе арқылы
жұмсау дербес тілдік таңбалар жүйесін жасайды. Бұл денотаты
біреу, бірақ әртүрлі атайтын ұлттық тілдер сипатындай. Ал тіл
білімінің зерттеу нысанына қай жүйенің бірлігі алыну керек?
Жазба тіл графемасы ма, әлде ауызша тілдің дыбыстық қоры ма?
Жазба тілдің морфологиялық көрсеткіштері ғана ма, әлде ауыз-ша
тілдің морфологиялық түрленімдері де ме? Лексикология мен
синтаксис деңгейлерінің қай жүйедегі элементтері зерттеу нысаны
бола алады? Әрине, бұл зерттеу нысанының шегарасын айқындап
алуға бастайды. Мұның бәрі жазу заманы, жазудың билігі келген
заман болғанын хабарлайды.
Бүгінгі атом дәуірінде, техникалық прогрестің шарықтау
ше-гінде жазба тіл өз функциясын заман талабына сай өтеу
үшін, ең алдымен, тұрақтылығын сақтауы қажет. Жазба дәстүрі
жоқ жазу коммуникация құралы болудан қалады. Адамның есте
сақтау қабілеті естуге (құлаққа) қарағанда көруге (көзге)
көбірек та-бан тірейді. Ал формасы тұрақты жазуды “бір көріп
алған көз” автоматты түрде таңбалай береді және санада
формасы бар сөзді оңай таниды. Коммуникация тәсілдері
автоматтанса, қарым-қатынас жасау жеңілдейді. Осыдан келіп,
жазудың болашақтағы бейнесін тануға болады.
3-семинар. Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі
Қазақ тіл білімінде жазба тіл мен ауызша тілдің шегарасы
ажыратылмағандықтан, лингвистиканың зерттеу нысаны ретін-де
жазба тілдің әліпбиі, графикасы, морфологиясы, лексикасы мен
синтаксисі танылып келеді. Қазақ тілінің дыбыс құрамы бо-лып
әріптер, грамматикалық формалары болып жазба тұлғалар,
синтаксистік құрылымы ретінде көркем әдебиет стиліндегі үлгілі
мәтіндердің (белгілі ақын-жазушылардың) синтаксисі, әдеби
стильдегі лексикалық қор негізге алынып жүр. Осыдан барып
сөйлегенде дәл қағаздағы тұрпатындай дыбыстау, жазба
тілдің синтаксистік құрылысын қолдану дегенді қатеге
(нормаға) санауға қақымыз болмайды.
Бүгінгі дәуірде әр тілде сөйлейтін адамның санасында нақты
бір айтылым және естілім базасы қалыптасып келеді. Егер сөз сол
базаға сәйкес келмесе, коммуникация мақсатына жетпейді.
Мысалы, орыстілді адамның естілімі сөз ішіндегі бір буынның
ерекше айтылуына, қазақтілді адамның естілімі сөз ішіндегі
дыбыстардың үндесімділігіне, қытай, кәрістілділердің естілімі сөз
тонына бағышталады. Осы естілім базасына сай келмеген
сөзқолданыстар санадағы дыбыстық елеске ассоциация бермей-ді,
сөз танылмайды: адам сөз мағынасын түсінбейді. Сол сияқты әр
жазба тілдің графикалық, орфографиялық ерекшеліктеріне сай сол
тілде жазатын, оқитын адамның санасында көзшалым базасы
болады. Егер жазба мәтін сол базаға сәйкес келмесе,
коммуникацияға кедергі келеді. Мысалы, ағылшынжазулы
адамның көзшалымы сөзді сурет ретінде көруге, қытайжазулы
адамның көзшалымы сөзді идеограмма ретінде көруге, ал орыс,
қазақжазулы адамның көзшалымы сөзді әріп тіркесі ретінде
көруге бағышталған. Егер көзшалым санадағы графикалық код-ты
тітіркендіретін реакцияны байқамаса, ассоциация туғызатын
форманы жазбаса, не көрмесе, жазба коммуникация жүзеге ас-
пайды. Естілім мен көзшалым, айтылым мен жазылым –
екі басқа жүйенің процестері, ауызша тіл мен жазба тілдің
катего-риялары.
Біз аузымыздан шыққан сөзді сол қалпы қағаз бетіне түсіре
алмаймыз және жазылған сөзді сол қалпы ауызша түрде
баяндап бере алмаймыз. Екі тілді өз адресаттарына жеткізетін
коммуни-кация тәсілдері бар. Әр жүйе өз әдіс-тәсілін
пайдаланып қана қарым-қатынасын жүргізе алады.
Қазақ жазуында түбір морфологиялық, қосымшалардың және
кейбір мағынасы көмескі қой/ғой, гөрі/көрі шылауларының және
мағынасы күңгірт деп танылатын түбір сөздердің фонетикалық
принциппен жазылуы ауызша тіл мен жазба тіл арасын айыруға
қиындық келтірді. Мектепте тілдің дыбыстық құрамы деп әріп
таңбалары, тілдің грамматикалық құрылысы деп жазу-да
таңбаланатын қосымшалар түсіндірілді. Орфоэпия жазба тілдің
фонетикасы толық оқытылғаннан кейін ғана 1-2 сағат көлеміне
сыйдырылып түсіндірілді. Одан кейінгі уақыттың бәрінде
қазақтілді адам санасында жазба тіл мен ауызша тіл арасы
айқындалмай, жазба тіл бірліктері басым сипат алды.
56
57
Достарыңызбен бөлісу: |