азаюымен, әдеби тілде қарапайым, ауызекі тіл элементтерінің
көбеюімен ерекшеленеді дейді. Бұның бәрі іштен шыққан ойдың
ішкі тілдік сүзекіден өтпей, яғни астыңғы құрылымның үстіңгі
құрылымға көшірілмей (немесе керісінше), жазба мәтінге айна-
луынан шығады. Бұдан бүгінгі жазба тілареалдарында жазудың
екі түрлі бағытта қолданыс тауып отырғанын байқаймыз: 1) жаз-ба
тілді өз нормасы мен жүйесінде жұмсау (ғылыми стиль, ре-сми іс
қағаздар стилі, көркем әдебиет, публицистикалық стиль), 2) жазба
тілмен ауызша тіл аражігін жымдастыра жұмсау, шегін айырмау,
жазба-ауызекі тіл жасау (интернет тілі, қолхат, кейбір көркем
әдебиеттер), яғни жазба тілде ауызекі тіл элементтерін жиі
қолдану.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе бүгінгі
күн адамдарының санасында жазу-ойлау қатынасы және ойлау-
жазу қатынасы бар деген ойға келеміз.
Пысықтау сұрақтары:
1. Адам ойы жазуға қалай түседі?
2. Ішкі ой мен тілдің және ауызша тілдің арақатысы қандай?
3. Ойлау мен жазудың арасында қандай процестер бар?
2-семинар. Жазу – дербес жүйе ме,
әлде ойдың бір формасы ма?
Семинар сұрақтары:
1. Жазуды ойды жарыққа шығарудың бір формасы ғана деген
ғалымдар кімдер және қандай негізге сүйенді?
2. Жазуды ауызша тілден бөлек дербес жүйе деп танудың
себептері қандай?
3. Жазудың дербес жүйелілігі дегенді қалай түсіндіңіз?
Жазу теориясының пәнін анықтау үшін алдымен жазу де-
геніміз не, оның тілге қатысы қандай, жазу ауызша сөйлеу тілінің
көшірмесі ме, әлде одан өзгеше, дербес жүйе ме, жазба тілмен
тілдің, жазу мен ойлаудың арасында қандай байланыс бар деген
мәселелерге арнайы тоқталу керек. Өйткені жазу – тілдің жаз-ба
жүйесі немесе тіл өмір сүруінің бір формасы деген қазірде
қалыптасып қалған екі түсінік және екі бағыт – жазудың бүгіні
мен болашағын айқындайтын, жазу монополиясының сипатын
саралайтын бағыттар болып табылады.
ХХғ. бастап халықтың сауаттану деңгейінің артуы, соған сай
жазудың демократиялануы, жазуы бар тілдің ғана тіл қатарына
саналып, зерттеу нысанына айналуы, жазу арқылы ой-лау
мүмкіндігі жазу мәселесіне көңіл бөлдіре бастады. Әсіресе
Фердинанд де Соссюрдің “Тiл және сөз„ дихотомиясынан
кейiн, әлемдiк тiлдер жазуы бар тiл мен жазуы жоқ тiлдерге
ажыраты-ла бастағанынан кейiн, жазуы бар тiлдердiң әлемдiк
деңгейде көбеюiнен жазу тiлдiң екiнші формасы немесе
құрылымы деген ұғымдар пайда бола бастады. Жазуы
сақталған өлi тiлдердiң бо-луы немесе жазуы жоқ тiлдердiң
өмiр сүруi және жазба тілдердiң көбеюi жазу – тiл өмiр сүруiнiң
бiр формасы ма, әлде өз алды-на дербес тiлдiк жүйе ме деген
сауалдарға жауап iздеудi қажет еттi.
Осы орайда мәселенің қазақ тіл білімінде алғаш қойылып
отыруына және ауызша тіл мәселесіне қатысты лингвистикада
біржақты пікірдің қалыптаса қоймауына байланысты шетелдік
және кеңестік ғалымдар мен тілшілердің еңбектеріне шолу жа-
сап, көзқарастарына көңіл бөлеміз. Бұл жазба тілмен ауызша
тіл ұғымдары қатынасының күрделілігіне және белгілі бір
тұжырым алдымен ірі теоретиктердің пікірлеріне негізделіп
барып айтылу қажеттілігінен туындайды.
Фердинанд де Соссюр жазудың ауызша тілді көшіре беру
сипатынан өзге бағыт алатынын аңдады. Ірі теоретиктің тіл мен
сөз дихотомиясы жазу мен тілдің, жазу мен ауызша тілдің ара-
сын жаңа қырынан саралайтын үрдістердің басталуына түрткі
болды. Тілдік жүйеге енетін бірліктер алдымен сөйленісте пай-
да болып, қызметі сараланып, тұрақты нормаға айналғанша
өмір сүреді, ал тіл осы бірліктерді бекітеді.
Тіл (languа) – индивид санасында сақталған ғажайыптардың
қоры, көпшіліктің, тілдік ұжымның санасында орналасқан пас-
сив грамматикалық жүйе, сөз – (langage) жеке индивидтердің
қолдануындағы белсенді (актив) жүйе; сөйленістен екшелген,
сөйлеушілердің жанында қалатын тілдік әрекеттің бөлігі ғана
тіл болып табылады деді ғалым.
Ф. де Соссюрдің сөйленіс, сөзге (речь) қарағанда тіл
табиғатын барынша танытатын анықтауларынан кейін, тіл
ғылымының негізгі зерттеу нысаны жазба мәтін деректері
болып келгеннен кейін жазу мен тіл бірдеңгейде танылды.
Лингвистер (ауызша тілді нысанға алушылар) мен фило-
логтер (жазба тілді нысан етушілер) саналы, санасыз түрде де
30
31
жазба тілдеңгейлерін, олардың бірліктеріне (графема, аллограф,
графонология, графикалық морфема, лексикология, синтаксис) тіл
деңгейлерінің бірлігі, құрылымы ретінде қарады.
И.А.Бодуэн де Куртенэнің жазу теориясына қатысты
еңбектеріне (Об отношении русского письма к русскому язы-
ку” (1912), “Знаки препинания” (1913), “К теории” “слова как
такового” и “Буквы как таковой” (1914)) көз жүгірте отырып,
ғалымның жазуды психологиялық негізге табан тіреп, зерттеу
қажеттілігін айтқанын көреміз. Себебі, ғалымның ойынша,
жазу мен тіл екі басқа дүние, бір-біріне сәйкеспейтін жүйелер:
жазу оптика немесе геометрияның пәні болса, дыбыс – жалпы
акустиканың пәні. Екі құрылымды осылай байланыссыз алсақ,
олардың арасында ешқандай қиысатын сәйкестіктер болмайды.
Сонда ауызша тіл мен жазудың байланысы адам психикасында
жүзеге асады.
Тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба
тілауызша тілге айнала алады. Бодуэн де Куртене жазба тілдің
дербестігін алғаш айтқан ғалымның бірі болады. Алайда
ғалым жазба тілдің ойлаумен тікелей байланысатынына
күмәнмен қарады: “Айтылатын-естілетін тіл жазылатын-
оқылатын тіл-ден мүлде дербес күйде пайда болса, жазылатын-
оқылатын тіл алдыңғымен байланыста ғана мағыналы болады»
деген. Ғалым әріп пен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді
терминологиясы бойынша қатаң айыруды талап еткен. Тілдік
ойлаудың бір түрі мен екіншісін, терминдерін араластырып
қолдануға қарсы бол-ды.
Автор үнемі ауызша тіл элементтерінің жазба тілбірліктеріне
айналғандағы көріністерін, сәйкестік, сәйкессіздіктерін сөз етіп
отырған. Мысалы, ауызша тілдің морфологиялық бөлінуі жазба
тілде былай көрініс табады дейді: азатжол, нүкте, қос нүкте,
нүктелі үтір, үтір, бас әріп – сөйлемдер мен фразалар; сөздер
арасындағы босаралықтар, сызықша, дефис – сөйлем іші; мор-
фема, түбір, қосымша – сөздің морфологиялық принциппен жа-
зылуы. И.А.Бодуэн де Куртенэ мектеп грамматикаларындағы
фонетиканы оқытудың әдістерін сынға алған (қысқа, ұзын әріп; тіл
ескерткіштері деген сияқты «терминдерді»).
Л.В.Щерба Бодуэн де Куртенэ тіл ескерткіштерінен тірі
адамның тілін зерттеуге шақырғанын, бұл оның ғылымдағы ең
басты, негізгі еңбегі екенін айтқан. “Бодуэн де Куртенэ жазу
теориясына бірнеше рет қайта оралған: ол көп лингвистерден
өзгеше ауызша тілді зерттейтін әдіс-тәсілдерді механикалық
түрде жазуды зерттеуге қолдана салудан қашқан. Жазудың өзіне
тән заңдылықтарын табуға тырысқан» дейді ғалым ұстазы ту-
ралы.
Сөйтіп, ғалымның жазу саласына қатысты пікірлеріне зер
сала отырып, жазу мен ауыза тілдің шегарасын айыру, екеуінің
даралығы туралы көзқарас Б. де Куртенэ тұжырымдарынан
басталғанына көз жеткіземіз.
Л.В.Щерба ұстазы Б.Куртэненің ізімен тіл білімінің негізгі
нысаны жазба тілемес, ауызша тіл болу керек деп, әу бастан жаз-
ба тілден ауызша тілді айырып алу керектігін ескертті. Өйткені
жазу консервативті дүние, ол ауызша тілге икемделмей сол күйі
қалып отырады да, екеуінің арасында сәйкессіздік пайда болады.
Ол сәйкессіздік грамматика саласында көрінеді. Дұрыс жазуды
меңгеру үшін, жазба тілдің грамматикасын білу керек болып
шығады деді ғалым. Сондықтан жазба тілдегі морфологиялық
формаларды ауызша тіл формалары етіп түсіндірудің қателігін
көрсетті. Егер ауызша тілді сол қалпында жазуға түсірсек біз,
фонетика, морфология, синтаксис құрылымдарынан қанша қате
жібергенімізді көрер едік, сөзінің жазба нұсқасын оқыған адам
“қалай ғана қате жібергенмін” деп таңғалар еді дейді ғалым. «Бұл
факт барлық қателердің әлеуметтік негізі бар екенін, ауыз-ша
тілдің жүйесінде бар екенін көрсетеді» деген. “Егер қандай да бір
грамматиканы грамматика үшін зерттеймін десек, онда тек ауызша
сөйленген сөздің грамматикасын зертеу керек...
Жазба тіл қандай да бір деңгейде өлі тіл болып табылады. Оны
бізге мектепте зорлықпен үйретеді» деп, оқулықтардағы тілдік
материал деп түсіндіретініміз жасанды тіл деді.
Сонымен, жазудың ауызша тілден ерекшелігін айқындаған
ғалымдардың көш басында Ф.де Соссюр, Б.де Куртенэ,
В.В.Щерба тұрды.
Жазу пәнін анықтаудағы келесі кезең ғалымдарының пікір-
леріне құлақ ассақ, мына жағдайды байқаймыз: зерттеушілер
жазуды ауызша тілге көмекші құрал ретінде анықтаған сай-ын,
оның дербестігі туралы айтады. Мысалы, Л.В.Зиндер алғашында
жазудың дербес жүйе бола алмайтынын айтты, жазу тілдің бір
формасы деді. Дыбысжазудан басқа ұғымжазу, бәлкім,
автономды жүйе бола алар, ал дыбысжазудың әдетте де-рбестігі
төмен деді. Алайда ғалым еңбегінде көрсетілген сызба-да тілдік
жүйе екі түрлі тілден – дыбыстық және жазба тілден
32
33
Достарыңызбен бөлісу: |