1. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-дәріс. Жазудың маңызы мен қызметі
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жа-
сауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен
туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың
дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады.
Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың
маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнің
шектеулiлігі және уақыт жағынан шектеулiлігі. Адамдардың
қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында
жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған
жазудың миссиясы, бүгiнде қарап отырсақ, тереңде екен.
Тiлдiң даму тарихы тұрғысынан келсек, тiл адам санасында-
ғы ойды жарыққа шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оп-
тикалық құралдар арқылы визуалды дүниеге айналдырады.
Сонда жазу тек қосалқы қызмет атқаратын құрал болып
табыла-ды. Алдымен аса маңызды қатынас құралы болған – тiл
ауызша түрде өмiр сүрдi. Талай жүз жылдықтар бойы басқа
қатынастың түрiн iздемедi. Сөйтiп, ойды жарыққа шығарудың
және айнала-сына қатынас жасаудың жалғыз түрi ауызша
сөйлеу ғана бол-ды. Жазу ендi тiлдiң осы екi қызметiнiң
көшiрме түрi ретiнде, қосалқы қызмет атқаруға келгендей. Оны
сызба ретiнде былай нобайлауға болады:
Тiлдiк сана ⇒ тiл ⇒ ауызша сөйлеу
⇓
жазу Үшінші мыңжылдықтағы жаңа
технологиялар тасқыны,
ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер,
қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін
ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланыс-ты
ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі
кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін
парықтаудың қажеттілігі бар. А.Байтұрсынұлы
“Біздің заман
– жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық
дәрежеге жеткен заман” деген.
Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуiрiнен
атом
дәуiрiне дейiнгi адамзат мәдениетiнiң жетiстiктерiнiң бәрi жазу
арқасында.
Бiздiңше, өркениеттiң дамуын сипаттауда жазудың маңызы-нан
бастап айту оның әлдеқайда жүйелi, күрделi, дербес құры-лым
болып қалыптасқанын, жазудың адамзат өркениетіндегі болашақта
атқарар қызметін танытпақ. Мысалы, шумер елін-де жазудың
пайда болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен
жетілуіне, сауданың өркендеуіне байланысты болға-ны белгілі.
Жазудың сол антикалық дәуірдегі қызметі бүгінгі әлемиет
дәуірінде қайта күшейіп, жазу мемлекеттілікке, заңна-ма,
құжатнамаға қызмет етеді. Бүгінде ресми ісқағаздар адам-дардың
сөйлесуінсіз-ақ түсінісетін, құжаттар өзара “сөйлесетін” жүйе
құрайды. Ресми ісқағаздар – айқындылықтың, дәлелдік-тің,
аргумент, фактінің құжаты болды. Ендеше, жазудың бүгінгі күн
тұрғысынан басты маңызы мен қызметі белгілі кеңістік ше-гіндегі
әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. Яғни
мемлекеттің күшеюімен байланысты, жазудың дерек болу
(визуалдылық арқылы) сипаты артып отыр.
Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесi мен
құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсiп, денотаттық тұрпатқа
ие болғаннан кейiн мәңгiлiк құндылыққа айналды. Өйткенi
жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тiл тура-
лы түсiнiгiн кеңейтеді, тереңдетедi. Тiлдiң инвариантты, абс-
тракті, күрделi құрылымдық деңгейге жетуiне әсер етеді. Соған
сәйкес тілдегі синтаксистiк құрылымдар, күрделi фразалық
тұтастықтар жазудың негізінде пайда болды. Тiлдiң (әдеби
тiлдiң) стильдiк тармақтары сараланды, стиль нормаларының
қалыптасуына әсер етті. Сөйтiп, жазу сөйлеуде елене бермей-
тiн тiлдiң барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тiлдiң
сұрыпталып, нормаланған, електен өткен құрылымын ғана
таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мәтiндердi тiл-
дiк жүйеге жатқызды. Сондықтан ауызша сөйлеудегi еркiндiк-тi
тiлдiк қалыпқа салу, яғни жазуға түсiру кез келген сауатты
адамның қолынан келмейдi. Адам күнделiктi қарым-қатынас
тiлiмен бiреуге хат жазу мүмкіндігіне ие болғанмен, өзiнiң
ойын жүйелi, толыққанды, мазмұнды етiп жазбаша жеткiзу-де
қиындыққа тап болады. Сонымен, жазудың екінші қызметі
тiлдiң жүйелi құрылымға айналуына әсер етуi болып табылады.
Тiлдiң барлық потенциалды мүмкiндiктерiн ашып, пайдалануға
әсерiн тигiзедi. Сондықтан да бүгінде жазылған дүниені сол
10
11