узуалды, оккозианалды қолданыстарды, тілдің дыбыстық, мор-
фемдік, лексикалық, синтаксистік бірліктерін нормалап отыра-
тын жүйе жазба тілболып шығады. Адам жады жазылған сөзді
норма деп, белгіленбеген, көрсетілмеген сөзді норма емес деп
тануды дәстүрге айналдырады. Сонымен, жазудың бұл қызметi
ауызша сөйлеудi нормалап отырады дегенге саяды.
Сондай-ақ кез келген қашықтықта тұрып айтылған ой,
жаңалық, нәтиже кiтап болып басылса, бүкiл адамзаттың
құндылығына айналады. Адамзат санасы ұрпақтан-ұрпаққа
жазу арқылы жетедi, жазу арқылы сол дәуірдің бейнесін
көреміз. Жазуы бар тiлдердiң тiл тарихын айқындауға
мүмкіндік бар. Жазба тілескерткiштерi бар тiлдiң мәртебесi
жоғары саналады. Сонымен, бүгінгі күн тұрғысынан жазудың
мынадай қызметтері бар деп білеміз:
1) аргументтік қызмет (әлеуметтік қызмет);
2) тілжүйелеушілік қызмет;
3) ойжасамдық қызмет;
4) ойды жарыққа шығару қызметі;
5) жады қызметі;
6) тілтанымдық қызмет;
7) тілді нормалаушылық қызмет;
8) кумулятивтік қызмет (мәдениетті сақтайтын, жеткізетін
қызмет);
9) коммуникативтік қызмет.
Сонымен, жазу уақыт пен кеңiстiк шектеулiгiне тәуелсiз,
адамдар арасындағы қатынас құралы ретiнде пайда болды деп
түсіндірілгенмен, негізінен оның маңызы мемлекеттік құрылыс
пен сауданың, мемлекетаралық саясаттың дамуына тіреледі
екен, сонымен бірге оның маңызы тiлдi жетiлдiретiн,
жүйелейтін, нормалайтын, ойжасайтын, бекiтетiн, сақтайтын
қызметтерiмен өлшенедi екен.
Пысықтау сұрақтары:
1. Жазудың қандай қызметтері бар?
2. Жазудың тілді нормалаушылық қызметін қалай түсінесіз?
3.Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы дегенге
көзқарасыңыз қандай?
1-семинар. Жазудың жалпы даму тарихы
Семинар сұрақтары:
1. Жазудың типтері мен түрлерін атаңыз?
2. Жазудың пайда болуына әсер еткен факторлар қандай?
3. Алғашқы суретжазулар табылған өлкелер қайсы?
4. Алғашқы ойжазулар табылған өлкелер қайсы?
5. Қазақстанның қай жерлерінде суретжазулар мен ойжазу үлгілері
табылған? Картаны пайдаланыңыз.
6. Алғашқы буынжазуды қай халық ойлап тапты?
7. Ең алғашқы дыбыстық жазуды ойлап тапқан қай халық, қай
ғасырда?
8. Алғашқы консонатты жазу қандай?
9. Дауыстыларды белгілеген алғашқы вокалды жазуды ойлап
тапқан халық кім?
10. Адамзат өркениетіне түрткі болған жеті жазу түрін атаңыз?
11. Жазу типтері мен түрлеріне қатысты терминдерді атап,
түсіндіріңіз.
12. Финикий жазуынан тараған алфавит түрлері қандай?
Жазу тарихына қатысты кеңестік, шетелдік тіл білімінде біраз
еңбектер бар, атап айтқанда, В.А Истриннің “Возникновение и
развитие письма” (М., 1965); “Развитие письма” (М., 1961);
Д.Дирингердің “Алфавит” (М., 1963), И.Фридрихтің “История
письма” (М.,1979); И.Е.Гельбтің “Опыт изучения письма”
(М.,1982 ) т.б.
Адамның қоғамдағы мәні өз ойын сыртқа білдіру қабілеті және
өзгелермен қатынас жасай алу қасиеті арқылы өлшенеді. Мұның
біріншісі – жеке-дара қасиет болса, екіншісі – әлеуметтік қасиет.
Адам өз сезімін күлу, айқайлау, жылау, бақыру, өлең айту сияқты
табиғи жолмен білдіре алады. Сондай-ақ, өлең шығару, сурет салу,
әуендету, мүсін жасау сияқты қоғамдық ортақ шарт-ты
құбылыстар арқылы да шығарады. Тарих доңғалағы айналған
сайын адам қоғамсыз өмір сүре алмағандықтан ортақ, қоғам
болып бірлесіп қабылдаған бейнелер арқылы өз ойын сыртқа
шығарудың жолдары көбейді.
Суретжазу. Сурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық
ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы бол-ды.
Адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларын немесе
сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай-
14
15
ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек,
тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – “жазу”,
көнескандинавиялық rita – “керту”, “тырнау” деген мағынаны
береді).
Алғашында адам айналасындағыларды ескермей, тек өз
басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа
шығарып, қанағат тапты. Бара-бара оның “туындыларын” өзге-
лер де қарап, бірді-екілі оқиға, құбылыстарды түсінетін болды.
Әрине, жазудың канондық сипаты сол дәуірлерде-ақ айқындал-
ған болатын. Себебі қолынан сурет салу келетін қасиеті бар
және өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін адамдар бірді-
екілі болды да, ол “жоғарыдан түскен”, “құдай жіберген” адам-
дай көрінді.
Бұл жазу тарихын зерттеушілердің көбі жазу түріне жат-
қызбайтын пиктографиялық, суретжазу еді. Ғалымдар оны
көбіне өнер, магия тарихына апарады.
Д.Дирингер полеолит дәуіріндегі суреттер біреуге бірдеме
хабарлау мақсатынан тумаған сияқты, олар тек өз сезімдерін
сыртқа шығару үшін ғана керек болды деген.
Жазу типтері адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес пайда
болып отырады. Ең алғашқы жазулардың сурет, идеограмма, ло-
гограмма болған себебі – тілдің сөйлем мүшелеріне бөлінбей,
синкретті түрде қолданылуынан. Дыбысжазу, буынжазу сөздің
дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап шықты.
Жазу кезеңдерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен
өлшенеді. Сондықтан жазу типтері мен түрлерінің пайда болуы
өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономика-лық
қатынастардың жетілу дәрежесіне қатысты. Осыған орай
дыбысжазудың шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетіл-
ген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқ-
таждықтарды өтей алу деңгейінің жоғарылауына байланысты
болды. Сонда сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз
дыбыстарға бөлінетінін байқау өте жоғары сананы қажет еткені
белгілі.
Ғалымдар арасында жазу типтері мен түрлері туралы пікір-
лер әртүрлі: И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер суретжазуды жазу емес
деп нақтылайды да, семасиография, яғни ойжазуды жазудың
алдындағы саты деп көрсетеді. Бұған тарихқа дейінгі Египет
пен ертедегі Грецияда жазу мен сурет ұғымдарының бір бо-луы
(грекше graphein “жазу-сурет салу” дегенді білдіреді),
шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларын-
да бейнелі-символикалық таңбалардың көп болуы, түрлі-түсті
бояудың пайдаланылуы да себеп болды.
И.Е.Гельб “жазу” ұғымына дыбысжазу ғана сәйкесетінін
айтқан. Автордың таптастыруынша, дыбысжазуға сөз-буын
жа-зулар (шумер, египет, хэтт, қытай), буынжазулар (финикий,
жа-пон) және дыбысжазулар (грек, арамей, латын) қамтиды.
В.А.Истрин фразограммамен берген пиктографиялық жазу-
ды алғашқы жазу типіне жатқызып, логограмма, морфемограм-
ма, силлабограмма, фонограмма бірліктері кейінгі ұғымжазу,
сөзжазу, буынжазу, дыбысжазу түрлеріне сәйкес келеді дей-ді.
Ғалымның бұл пікірі кеңес дәуірінің ЖОО-ға арналған
оқулықтар мен бағдарламаларында кеңінен көрініс тапты.
Алғашқы суретжазу түрлері Америка үндістері мен Қиыр
солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики,
Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жер-лерінде,
Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында пайда болды.
Қазақстан жерінен Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. VІ ғ.),
Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы,
Теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы,
Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.
Ұғымжазу. Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай, ежелгі шу-
мер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі
тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер
ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек,
америкалық үнді т.б.) аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз
грамматикалық жақтан өзгеріске көп түсе бермейді. Ұғымжазу
деген (логограìмма) сөз не морфеманы таңбалайтын жазу.
Логограммалар кейде идеограмма не иероглиф деп те аталады.
Идеограмма ойжазуға сәйкес.
Ұғымжазуды әртүрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне бере-
тіні, таңбасы не мағына беретінін оңай білідіріп тұратыны
оның артықшылығы. Бірақ еш қай мәдениет таза ұғымжазу
қолдана алмаған. Ребус принципімен жазу араласқан.
Ұғымжазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. ІV-III
мыңж.) болды, кейін ежелгі египет, ежелгі үнді жазуларында
да-мыды.
Қазір Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары
жерінен, Австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагир-
лерінен, Пасха аралынан табылып отыр.
Көптеген ғалымдардың (Ф.Гоммель, Х.Йенсен, Дж.Болли,
16
17
Достарыңызбен бөлісу: |