Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет41/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

ТӘРБИЕ САЛДАРЫ:
«Жоқ» дей алмау. Бала кішкентай кезінде анасына 
қарсы шығуға тырысқанда қақтығысқа тап бола бер-
гендіктен, өзі сүйген адамдармен қарым-қатынаста бас 
тартудың жағымсыз салдарынан қорқады.
Қадағалау. Қадағалағыш ана балаға қарым-қатынаста 
еркіндікке үйренуге мүмкіндік бермейді. Ол анасы 
іспеттес қарым-қатынастарды қадағалап отыру қажет 
екеніне көз жеткізіп, өзгелерді қадағалау үшін ашу, кінә 
тағу, айла-шарғы жасау, махаббатынан айыру сияқты 
тәсілдерді қолданады. Нәтижесінде осындай адамды 
сүйетін адамдар үнемі қадағалаудан шаршайды және 
бірте-бірте осындай қарым-қатынасты үзе бастайды.
Жақындасу алдындағы қорқыныш және өзін сыйлау 
алдындағы қорқыныш. Балалық шақта анасы баласы-
на өз-өзі болуға мұрсат бермейді. Ол үнемі анасының 
қадағалауын сезеді, нәтижесінде ересек өмірінде 
қарым-қатынас ол үшін тым тығыз болып көрінеді, 
ол махаббат сезімінен айырылып, қарым-қатынасты 
үзеді, ал олардың сүйіктілері тіпті не болып жатқанын 
түсінбейді.
Берекесіздік. Ана рөлі бұл қарым-қатынаста негізісі 
болып табылады. Балаларын тәртіпке үйреткісі кел-
мейтін аналар белгілі бір мінез-құлық құрылымын 
және салдарын белгілей отырып, тым берекесіз тұлға-
ны тәрбиелеп шығады.
Өз өміріне өзі қожайын емес.  Есейгенде мұндай 
адам өз өміріне билік ету мүмкіндігінен айырылады, 
себебі, тұлға өз дарынын және бейімділіктерін, белгілі 
бір жайттарға қатысты құмарлығы мен сезімдерін 
білмейді.
169
ОТБАСЫНДАҒЫ_АНА_РӨЛІ_24__Зиянды_әдеттер_және_тәуелділік.'>ОТБАСЫНДАҒЫ_АНА_РӨЛІ_24__ТӘРБИЕ_САЛДАРЫ'>ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


ТӘРБИЕ САЛДАРЫ:
Басқалар үшін алдына жан салмау. «Баскесер»-аналар-
дың есейген балалары көбінесе өзгелермен қарым-қа-
тынаста өздерін ең жақсы жағынан көрсетуге тырысады. 
Оларда тұлғасының өзге қырлары жоқ 
десе де болады. Олар серігінің көңілін 
табу үшін және қамықтырмау үшін 
алдына жан салмайды, қате жіберіп 
қоймау үшін және өз кемшілік-
терін көрсетіп қоймау үшін 
әрдайым сақ жүреді.
Жауапсыздық. Балалар өздеріне жайсыз жағдайлар 
төнгенін түсінгенде өз еркіндігіне шек қоя біледі. 
Қадағалаушы ана баланы жауапкершіліктен құтқарып, 
оның әрекеттері мен істері үшін өзі емес, анасы жауапты 
деп үйретеді. Бала анасының барлығын өз істейтініне 
еті үйреніп кетеді.Өз мойнына ешқашан жауапкершілік 
алмайды.
Нашақорлық және тәуелділік синдромы. Нашақорлық, 
шамадан тыс тамақ ішу және ашығу – осының барлығы 
тәртіпке, реттілікке үйренбеген тұлғаның белгілері. 
Үрей және байбалам ұстамалары. Үрей көбінесе өмір 
бақылаудан шығып кеткендей сезім туындағанда, яғни, 
адам өз өміріне өзі билік ете алмайтынын сезгенде пайда 
болады. Ол айналасындағылармен қарым-қатынастарын 
басқара алмайтындай және тиісінше қызмет ете алмай-
тындай болып көрінсе, бойын қорқыныш билейді.
Басқаларды кінәлауға бейімділік.
4. «БАСКЕСЕР»-АНА
«Баскесер»-ана баласының теріс сезімдерге берілуіне, 
өкініш-қайғысын мойындауына жол бермейді. Мінсіз 
адамға кінә немесе ұят, сәтсіздік немесе өкініш сезім-
дері жат. Мұндай ана баласының бастан-аяқ мінсіз 
болуын қалайды. Ол баласының осалдық танытуына 
жол бермейді. «Баскесер»-ана баласының, ол қаласа да, 
қаламаса да, өз мақтанышына айналуын көксейді. 
170
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


Зиянды әдеттер және тәуелділік. Әртүрлі зиянды 
әдеттер мен тәуелділік шынайы өмірді қабылдауда 
шегетін азабын уақытша бейтараптандыру үшін қызмет 
етеді. Оның себебі екеу: біріншіден, бұл оның өзінің кім 
болып қалыптасқанынан, өзін кешіре алмайтын барлық 
жамандықтан және барлық сәтсіздіктерден көңілін 
бөледі; екіншіден, мінез-құлықтан ауытқушылық өз-өзін 
шынайы сезінетін жалғыз пана ретінде қарастырылады.  
Депрессия (күйзеліс). «Баскесер»-аналардың есейген 
балалары күйзеліске жиі ұшырайды. Жеке немесе кәсіби 
өміріндегі кез-келген сәтсіздік қорқынышты ақиқат-
тың бетін ашады: олар өздері аңсаған мінсіз өмірді 
сүруге қабілетсіз. Сәтсіз неке, ажырасу, балалармен 
ұрыс-керіс, жұмыстағы қиындықтар – осының бар-
лығы олардың асқақ арманының күлін көкке ұшырады. 
Мұндай адамдардың сәтсіздікпен күресуге көмектесетін 
«бұлшық еттері» жоқ, себебі, олар күйзеліс билігіне тізе 
бүгеді, олар өзінің шынайы бейнесін көріп, торығып 
кетеді.
Үрей, ұят, кінә. «Баскесер»-ананың баласына анасы-
ның, басқа адамдардың көңілін қалдырмағанына үнемі 
уайымдауға тура келеді. Оған барлық адамдардың үміті 
жалғыз өзіне артылғандай көрінеді, ол мінсіздікке жан 
ұшыра қол жеткізу үшін ұят пен кінә сезімін арқалайды. 
Жүрегінің түкпірінде мұндай адам бүкіл өмірінің жалған 
екенін және ешкімнің оның шынайы, терең жасырылған 
«мен» деген болмысынан бейхабар екенін сезеді. Дәл 
осы жайт оны үнемі қинайды.
171
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


«Тәкаппарлану»: «Төменшіктеуді» ұстанатын адам ба-
лалық рөлін сақтап қалса да, мұндай ауытқушылықтың 
тағы бір көрінісі «тәкаппарлану» болуы мүмкін: адам 
өктемшілдікке бой алдырады, басқаларға билік жүр-
гізіп, олардың әрекеттерін қадағалауға тырысады. 
Шын мәнінде мұндай адам да өзін «төмен» етіп сезі-
неді, бірақ меңгеріп алған қарым-қатынас мәнері осы 
сезімнің қарымын қайтаруға мүмкіндік береді. Ол өзін 
ата-ана рөлімен сәйкестендіріп, бала рөлінен шығады. 
Қол астында жұмыс істейтін қызметкерлерге, кейде дос- 
тарына, некелес жарына менменшіл және сыни көзбен 
қарайды. Соңғы сөз міндетті түрде соныкі болуы тиіс, 
оның пікірімен таласуға болмайды. «Менің айтқанымдай 
болады немесе ештеңе де болмайды». Мұндай адамдар 
көбінесе жоғары кәсібилікке ие және жолы болғыш 
болғанмен, бұл аздық етеді: оларға 
барлығын басып озып, бар-
лығымен сайысқа түс қажет.
5. «ҚОЖАЙЫН»-АНА
«Қожайын»-ана баланың тәуелсіз, қалыпты әрекет 
ететін ересек адам болу қабілетінен айырады. Мұндай 
адам баланы бағынуға баулиды, жеке-дара қатал үй 
ережелерін орнатып, олардың сақталуын талап етіп, 
отбасында өз беделін бекітеді. Осындай ана тәрбиесінің 
салдары бірнеше түрде көрініс беруі мүмкін.
«Төменшіктеу»: Мұндай адам үнемі өзін басқалардан 
төмен сезінеді. Ол қандай да бір қабілет, қиял, күш 
көрсетіп, наразылық тудыруға қорқады. Әдетте, мұндай 
адам шын мәнінде қабілеті жетсе де, табыстан/жеңістен 
бас тартады. Ол үнемі жұмыста болсын, жеке өмірінде 
болсын қиындықтарға кез болып жүреді, өз әлеуетін 
жүзеге асыра алмайды. Ол «ережелерді» білсе ғана өзін 
қауіпсіздікте сезінеді. Көбінесе мұндай адам ойлау қа-
жеттілігінен құтылу үшін өзіне өктемшіл «ұстаз» таңдап 
алып, соның сый-құрметіне бөлену үшін қолынан 
келгенін аямайды. 
172
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау