ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24
161
Ж
аңа туылған нәресте – аса нәзік, ғажап, керемет және
өте тәуелді жан. Өмірінің бастапқы кезеңдерінде сәби тек
өзгенің көмегімен ғана дами алады; ересек адамның жа-
нында болуынсыз, қолдауы мен қамқорлығынсыз ол ажал
құшуы әбден мүмкін, әрі қоғамның толыққанды мүшесі
болып өсіп-жетілуі де екіталай.
Дүние есігін ашқаннан кейінгі алғашқы жылдары бөбек
ересек туған-туыстарымен (анасымен, әкесімен, әже-
сімен және басқаларымен) кездеседі және осы адамдар
арқылы айналадағы әлеммен танысады, алғаш рет адам
тілін естиді, өз қызмет-қарекетіне қажет заттарды және
құралдарды меңгере бастайды, ал кейін – күрделі адами
қарым-қатынастар жүйесін ұғына бастайды. Өмірінің
алғашқы жылдары қандай да бір себептермен ересек-
термен тілдесу мүмкіндігінен
айырылған балалар сол
күйі «адамша» ойлауды,
сөйлеуді үйрене алмаған,
әлеуметтік ортаға
бейімделе алмаған
көптеген мысалдар жетіп
артылады.
Осы пікірдің көрнекі мысалы болып «госпитализм»
құбылысы табылады: бала мен ересек арасындағы
өзара әрекеттестік тек балаға ресми күтім көрсетумен
ғана шектеледі және бала мен ересек адам арасындағы
эмоционалдық толыққанды қарым-қатынас мүмкіндігі
жойылады (бұл бала ерте жасында балалар үйіне орна-
ластырылғанда орын алады).
Осындай балалар көбінесе өз құрдастарынан физика-
лық, зияткерлік, сондай-ақ, эмоционалдық салаларда
артта қалатыны дәлелденген: ол отыруды, жүруді, сөй-
леуді кеш үйренеді, ойындары жұтаң, әрі бір сарынды,
көбінесе заттармен қарапайым әрекеттер жасаумен
шектеледі. Мұндай балалар, әдетте, селқос, білімқұмар
емес, басқа адамдармен қарым-қатынас құру дағдыла-
рын игермеген. Әрине, сипатталған мысалдар шектен
тыс, әдеттен тыс құбылыстар болып табылады, дегенмен
де, баланың ересектермен тиісінше қарым-қатынас
құруы балалардың психикалық дамуының және психи-
калық денсаулығының негізі екенін дәлелдейді.
162
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24
Толыққанды отбасы баланың психофизикалық да-
муында үлкен маңызға ие, ал ана рөлі, әсіресе, сәби
өмірінің алғашқы жылдары, ең бастысы болып табылады.
Алғашқы жылдары анасымен қарым-қатынас негізінде
бала кейін өзінің ересек өмірін құратыны дәлелденген.
3-5 жас аралығында тұлға, мінез іргетасы қаланатынын,
қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынастардың негізгі
таптаурындары қалыптасатыны белгілі болғандықтан,
аналарға балаларына осы жас аралығында қалай қарау
екені туралы нақты және қарапайым нұсқау беруге көп
әрекет жасалды, үздіксіз жасалып та жатыр.
Басқаларынан бұрын
баланың анасымен физикалық
және эмоционалдық байланыс қажеттілігі байқалады.
Осындай маңызды қажеттіліктің орындалмауы әрқи-
лы психикалық жағымсыз салдарға себепші болуы
ықтимал. Бала – ана ағзасының жемісі, тіпті сол ағза-
дан бөлініп шығып, физикалық тұрғыдан дербес бола
түскеннің өзінде ол әлі ұзақ уақыт бойы сол ағзаның
жылуына, ананың аймалауына, мәпелеуіне мұқтаж
болады. Баланың анаға бауыр басуын зерттеу – соңғы
оңдаған жылдар ішіндегі тәжірибелік психоло-
гиядағы жетекші бағыттардың бірі. Ана мен
бала арасындағы физикалық, рухани, жан
жақындығынан берік байланыс жоқ. Ана
баласын тоғыз ай көтереді, оған өмір
сыйлайды, сүтімен қоректендіреді,
алғашқы өмірлік бағыттар береді,
емірене бауырына басады, баласы-
ның жанына батқанның барлығын
өз жанына батқандай сезінеді.
163
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24
Сонымен қатар, балалар психиатры және психотерапев-
тері арасында сөзсіз биік беделге ие балалар психоса-
рапшысы Д.Винникоттың сөзін келтіруге болады: «Кейде
аналарды олардың барлық әрекеттері зор мағынаға ие
деген ой мазалайды, мұндай жағдайда оларға ештеңе
айтпаған жөн, әйтпесе, олар өз әрекеттері туралы ойла-
нып-толғанып, оларды нашар орындайтын болады.
Аналыққа үйрену мүмкін емес, ал алаңдау өте қара-
пайым, физикалық деңгейдегі қасиет – махаббатты
алмастыра алмайды. Онда сонша еңбектеніп, осы
мәселелерді талқылаудың не қажеті бар? Менің кәміл
сенетінім: біреу осы салада еңбектенуі тиіс, себебі, ең-
бектенбесе, біз ең бастапқы даму сатысындағы ана мен
абала арасындағы қарым-қатынас қаншалықты маңыз-
ды екенін ұмытып кетеміз. Ұмытып, ойланбастан киліге
беретін боламыз, ал бұл дұрыс емес.
Бенджамин Споктың «Бала және бала күтімі» атты кітабы
баршаға таныс, көптеген аналар балаларын «Спок бойынша»
тәрбиелеген заман да болды. Ал қазір сол кітапта баяндалған
көптеген ережелер дауға қалып, теріске шығарылып жатыр.
Мәселенки, баланы кестемен тамақтандыру қажет деген ереже
«баланы қалағанда тамақтандыру қажет» деген ережеге,
«қосымша тамақ қосу қажет» деген «тек қана емізу қажет және
мейлінше ұзағырақ емізу қажет» ережесіне, «қолға үйретпеу
керек» деген «жиі-жиі қолға алып тұру керек» ережесіне
алмастырылып жатыр. Ақиқат, әр кездегідей, орта тұсында.
Спок кітабындағы бір ережені ғана теріске шығаруға болады:
«Қамқор ана баласына не қажет екенін өзі біледі».
164
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24
Екінші жағынан, дайындықтан өткен кәсіби маман
арнайы оқымай-ақ, баласына қамқорлық көрсете алатын
ананың интуитивтік біліміне таң-тамаша болар. Шын
мәнінде интуитивтік танымның басты құндылығы -
оқу-біліммен бұрмаланбаған табиғилығында».
Десе де, ананың кіш-
кентай баламен «сәтсіз»
әрекеттестігінің бірне-
ше мысалын, осындай
әрекеттестіктің ықтимал
себептерін және ықти-
мал салдарын келтіруге
рұқсат етіңіздер.
Егер ана ешбір артық күш салусыз ана бола алса, біз
ешқашан араласпауымыз керек. Ол өзін қорғай алмай-
ды, себебі, тіпті айыбы не екенін де түсінбейді. А біз оны
мүкіс етеміз. Оның аяғы сынып, не қолына қан сорға-
лаған жарақат түспейді. Оның арты бала психикасының
мертігуіне айналады. Шындығында біз ешбір себепсіз
соншалық қарапайым, маңызсыз болып көрінген іске
килігіп, салған жарақатымыздың бетін қайтару үшін
аналар қаншама көп уақытын жұмсайды екен.
Жас ананың үйренері көп. Мамандардан ол көп пайда-
лы дүниені біліп-үйренеді: бала тамағына бірте-бірте
қосылатын қатты тағам түрлері, дәрумендер, салмақ
қосуды бақылау. Ал кейде оған мүлдем басқа жайт-
тар туралы айтылады, мысалы, бала тамақ ішуден бас
тартқанда не істеу керек.
165
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24
Достарыңызбен бөлісу: |