Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет35/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43

Балабақшадағы жоғарғы және дайындық топтарында
бастауыш мектепте жүйелі оқу (5-6 жаста) басталғанда 
қиындықтар күн санап ұлғая береді. 
Оған қоса, бұл жас ми құрылымдарының жетілуі үшін 
шешуші кезең болып табылады, сондықтан, шамадан тыс 
күш түсіру шаршаңқылыққа алып келеді.
Әдетте, зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік син-
дромына шалдыққан балалардың эмоционалдық дамуы 
кешеуілдейді, ұшқалақтыққа, қызбалыққа ұласады. 
Бұл белгілерге дене мүшелерінің еріксіз тартылуы, бас 
ауыруы, қорқыныштар ілесе жүреді. Жоғарыда аталған 
барлық белгілер ЗЖГС синдромына душар болған 
балалардың айтарлықтай зерделілігі мен ақылдығы-
на қарамастан, мектептегі төмен үлгеріміне себепші 
болады, бірақ, сонымен қатар, жекелеген дене қызмет-
терінің дамуы ішінара кешеуілдеу ықтималдығы жоғары 
болады.
Бала өз мінез-құлқының салдарын толықтай болжай 
білмейтінін, ол үшін пір тұтатын беделді тұлға жоқ 
екенін, нәтижесінде жасөспірімдік жаста қоғамға жат 
қылықтар жасауға алып келетінін, осындай жағдайда 
албырттық бірінші орынған шығатынын, кейде ашушаң-
дықпен ілесе жүретінін ескерген жөн. 
ЗЖГС ДИАГНОСТИКАСЫ
Басым белгілеріне қарай үш түрлі емдеу тәсілі бар:
1.  зейін жетіспеушілігі жоқ гипербелсенділік;
2.  гипербелсенділік жоқ зейін жетіспеушілігі (көбінесе 
қыздарда байқалады; олар айтарлықтай байсалды, 
тыныш, «көктен түскендей» болып жүреді);
3.  зейін жетіспеушілігі бар гипербелсенділік.
Мұндай балалар ұжым ішінде бейім-
делуде үлкен қиындыққа тап болады. 
Шыдамсыздығынан және шапшаң 
қозғыштығынан олар құрдастарымен 
және ересектермен жиі жанжалдасады, 
ал бұл өз кезегінде оқудағы қиын-
дықтарды өршіте түседі.
БАЛАЛАРЫНЫҢ ОСЫНДАЙ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРҒА 
ШАЛДЫҚҚАНЫНАН КҮДІКТЕНЕТІН АТА-АНАЛАР 
ҚАНДАЙ ЖАСТА БОЛМАСЫН НЕВРОЛОГ-ДӘРІГЕР-
ГЕ НЕМЕСЕ ПСИХИАТРҒА КӨРІНІП, БАЛАНЫ ТЕК-
СЕРТУІ ТИІС, СЕБЕБІ, КЕЙДЕ ЗЖГС БЕТПЕРДЕСІН 
ЖАМЫЛҒАН, ӨЗГЕ, АУЫР СЫРҚАТТАР ЖАСЫРЫ-
НЫП ЖАТУЫ МҮМКІН.
146
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


Оған қоса, қарапайым және күрделі түрлері де бар. Егер 
біріншісі алаңғасарлықпен және гипербелсенділікпен 
сипатталса, екіншісінде осы белгілерге қоса бас ауыруы, 
дене мүшелерінің еріксіз тартылуы, кекештену, ұйқының 
бұзылуы ілесе жүреді.
Зейін жетіспеушілігі бастапқы да, қосымша да бола 
алады, яғни, жүктілік және босану кезіндегі жарақаттар 
және орталық жүйке жүйесінің жұқпалы сырқаттармен 
зақымдануы салдары сияқты басқа сырқаттар нәти-
жесінде немесе тұмаумен ауырғаннан кейін туындауы 
мүмкін.
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Бала еті тірі, қимылы ширақ, белсенді – мұның несі 
дұрыс емес? Оған қоса, ол жасына қарамай зерек, 
ақылдылығы соншалық, компьютермен жұмыс істеуді 
әжесінен де тез және жақсырақ үйреніп алды, қиын 
ойынды қалай қосуды біледі. Дәрігерлер бала бойынан 
даму бөгелісін тапқан жоқ. Десе де, оның тынымсыз-
дығы, абыл-сабыл жүгірісі, жыбыршуы, шыдамсыздығы, 
түсініксіз жауаптары зығырданыңызды қайнатады.
Кез-келген еті тірі баланы гипербелсенді балалар қатарына 
қосуға асықпаңыз. Егер балаңыздың күш-қуаты тасып тұрса, 
кейде қыңыр, тілазар болып кетсе – ол гипербелсенді деген сөз 
емес. Егер сіз құрбыңызбен әңгіменің қызығына кіріп кеткенде 
балаңыз ашу шақырса, бір орында байыз тауып тұра алмаса, 
үстел басында тыныш отыра алмаса – бұл қалыпты жағдай. Ба-
лаларды ұзақ жол жүру, той-мейрамдар, қонақтар және басқа 
да «іс-шаралар» шаршатады.
Әрбір баланың анда-анда бойын ашу-ыза билейді. Ал қаншама 
балалар жатарда қағынып кетеді немесе дүкенде әлек салады? 
Бала желігіп, тасып тұрған күш-қуатын сыртқа шығарып, бой 
бермей кетсе, бұл ешқандай да гипербелсенділік белгісі емес. 
Ол уақытша, өтпелі болуы мүмкін; немесе жағдай солай болып 
қалған.
Гипербелсенді бала ешбір жағдайға қарамастан, кез-келген 
уақытта – үйде, қонақта, дәрігер қабылдауында, көшеде – бір-
дей жүгіріп, дамылсыз қимылдап, ешбір, тіпті ең қызықты деген 
заттарға ұзақ бөгелмейтін болады. Оған бітпейтін өтініштер 
де, жұбату да, алдаусырату да әсер етпейді. Ол жай ғана тоқтай 
алмайды! Жұбату, тыйым салу, ынталандыру және жазалау ша-
ралары әсер ететеін, тіпті ең ерке және еті тірі деген балаларға 
қарағанда гипербелсенді баланың өзі-өзі басқару механизмі 
жұмыс істемейді.
147
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАР ГИПЕРБЕЛ-
СЕНДІЛІК СИНДРОМЫНЫҢ КӨРІНІСІ 
АЛАҢҒАСАРЛЫҚ:
бала мән-жайдың жай-жапсарына ықылас аудара алмай-
ды, нәтижесінде кез-келген тапсырманы орындағанда 
(мектепте, бала-бақшада) қате жібереді; 
өзіне қаратылып айтылған сөзді мұқият тыңдай алмайды, 
ол айналасындағылардың сөздеріне және ескертулеріне 
мүлдем мән бермейтін сияқты болып көрінеді;
кіріскен жұмысын аяғына дейін жеткізбейді, өзіне жұмыс 
ұнамағандықтан  наразылығын осылай білдіретін сияқты 
болып көрінеді. Бірақ, бала жұмыс ережелерін түсінуге 
және оларды сақтауға қабілетсіз;
өз әрекеттерін ұйымдастыруда үлкен қиындықтарға тап 
болады;
ұзақ ми жұмысын талап ететін тапсырмалардан 
қашқақтайды;
мектепте және балабақшада қажетті заттарын жиі 
жоғалтып алады: балабақшада тақиясын таба алмай әлек 
болады; анасы барлығын жинап, бір жерге салып қойса да, 
Мінез-құлықтағы ерекшеліктері 8 жасқа дейін пайда болады; 
барлық жерде байқалады: балабақшада және үйде, кез-кел-
ген іспен айналысқанда және ойнағанда және т.б.; қандай да 
бір психикалық сырқаттардың салдары емес; айтарлықтай 
психологиялық жайсыздық тудырады және бейімделу үдерісін 
бұзады.
сыныпта үнемі қаламын немесе күнделігін іздеп жүреді;
бөгде істерге көңілі тез бөлінеді;
үнемі бәрін ұмытып қалады.  
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК:
бала күйгелек, тынымсыз, себепсіз қолының білектерін, 
аяқтарын қимылдата береді, орындықтың үстінде тыныш 
отыра алмайды, үнемі бұрылып артына қарай береді;
бір орында байыз тауып отыра алмайды, рұқсатсыз 
орнынан тұра береді, сыныптың ішінде әрлі-бері жүреді 
және т.с.с.;
баланың қимыл-қозғалыстық белсенділігінің, әдетте, 
белгілі бір мақсаты жоқ. Ол себепсіз жүгіре береді, 
айналсоқтай береді, кейде қауіпті жерлерге тырмысып 
өрмелеуге дайын тұрады;
тыныш ойындар ойнай алмайды, тынығуды білмейді
тым-тырыс, үнсіз отыра алмайды, нақты бір іспен айналы-
са алмайды;
сөзшең, мылжың болып 
кетеді.
148
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау