Ерте жастағы балалардың бұл әдеті білуге деген құмар-
лығының және дене мүшелерін ойын түрінде басқару
нәтижесі болып табылады. Жеті жасқа дейін әрбір онын-
шы балада байқалады.
Көптеген жағдайларда жыныстық қозу ілесе жүрмей-
ді. Ересектер бұл әдетті баланың бұзылғандығының,
шамадан тыс жыныстық қозғыштығының белгісі ретінде
қабылдап, айыптайды. Алайда, үш жасқа дейін бала,
шындығына келгенде, жыныссыз. Өзін ер немесе әйел
жынысымен сәйкестендіру кейінірек, тұлғалық қалып-
тасу барысында орын алады. Үш жасқа дейін бала дәл
жыныс мүшелерін тітіркендіретінін білмейді. Ол үшін
мұрын, кіндік, жыныс мүшесі –
тек дене мүшелері ғана.
Кез-келген жастағы балалар кейде тіпті адамдардың көзінше де,
не істеп жатқанына есеп бермей, онанизммен айналыса алады.
Бұл «зиянды әдеттің» негізгі себебі – мазасыздық және жүйке
жүйесінің күйзелісі, мұндай баланың қорқыныштары тым көп
болуы мүмкін. Не болмаса, ол басқа балалармен және қор-
шаған әлеммен байланыс таба алмайтыны үшін өзін бақытсыз
сезінеді.
Кішкентай баланың ұзақ
түбекте отыруына жол
бермеңіз. Баланың іші
қатпауына қолдан келген
шараны қолданыңыз –
әйтпесе, бұл онанизмнің
бастау алуына түрткі
болады.
Баланың жылан құрттары
болса, олардан құтылыңыз.
Бала өзіне сыймай қалған
киім кимеуі тиіс, киімнің
тігістері денеге қадалмауы,
киім қыспауы тиіс.
Қышыма болмауы үшін бұт
арасының және аяқ таза-
лығын мұқият қадағалаңыз.
Бала пижама емес, аяғының
ұшына дейін түсіп тұратын
жейде киіп ұйықтағаны
жөн.
Бала ойынға кірісіп кетіп,
несеп шығаруды кідірт-
пеуін қадағалаңыз. Мұндай
кідірту жыныс мүшелері-
не салмақ түсіреді, іштің
төменгі жағында ауырлық
сезімі пайда болуына және
нәтижесінде – онанизмге
әкеледі.
124
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ
18
Баланы тамақтандыруда
шоколад, ащы және дәм-
деуіш қосылған тағамдарды
шамадан тыс пайдалан-
баңыз.
Дәрігер кеңес берген
тыныштандыратын дәрілік
шөптерді қабылдаудың
пайдасы зор.
Баланы тізеге салт отырғы-
зып тербетуге; мойынға
отырғызуға; сүйгенде тым
қатты құшақтауға болмай-
ды. Онанизм әрекеттеріне
шұқшита назар аудармай,
баланың көңілін қызықты
істермен аулаған жөн.
Бала ұйықтағанға дейінгі
төсектегі қимыл-әрекет-
терін бақылап отыру керек;
қолы көрпенің үстінде
жатуы тиіс.
Егер баланың жыныстық қызығушылықтарынан басқа да көпте-
ген өзге қызығушылықтары болса, жалпы, ол көбінесе бақытты
және байыпты, балаларды жатырқамайтын болса, – демек,
ата-анасы оған кейбір қыздар мен балалар да осылай жасай-
тынын, бірақ, қаласа, тез қойып кететінін түсіндіруге тырысуы
қажет. Ата-анасы баласын қорқытпағаны және жазаламағаны,
керісінше, көңілін аулауға тырысқаны маңызды. Себебі, бұл
жыныстық (балалардың қызығушылық ретінде өз жыныс мү-
шелеріне қол жүгіртуі қалыпты психосексуалдық дамудың бір
бөлігі) қозғыштық емес, саусақ сору сияқты кәдімгі зиянды әдет.
Егер бала назарын сексуалдық ойындарға аудартпай, көңілін
аулап, әлденемен қызықтырса, мұндай ойындар өтпелі болып
келеді, әрі ол туралы бұлыңғыр ғана естеліктер қалады.
125
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ
18
1.
Баламен емес, әдетпен
күресу қажет. Тыйым
салу тек ара-қатына-
стың бұзылуына және
баланың қызбалығы-
на, күйгелектігіне
әкеліп соғады.
3.
Зиянды әдеті үшін
баланы жазалауға,
ұялтуға болмайды,
оның ешбір кінәсі жоқ.
5.
Зиянды әдетпен күрес
– әрдайым дерлік
сенімсіздікпен, үрей-
мен, көңілсіздікпен,
зерігумен күрес.
2.
Зиянды әдетке
шалдыққан баладан
ондай әдеттен бас
тартуын, уәде беруін
талап етуге болмай-
ды. Берген уәдесі
бұзылып, орнына тағы
бір әдет – уәдеде
тұрмау әдеті пайда
болады.
4.
Зиянды әдеттен арылу
үшін зор шыдамдылық
пен көп уақыт қажет.
«Зиянды әдеттердің» алдын алуда келесілер үлкен маңызға ие:
баланың биологиялық қажеттіліктерін, сонымен қатар,
оның жылу мен мейірімге мұқтаждығын уақытылы қа-
нағаттандыру;
баланың жүйке жүйесін күшейту;
отбасы ішіндегі қарым-қатынасты қалпына келтіру;
ынталандыру және жазалау шараларын орынды қолдану;
дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу, еңбек және
шығармашылық қызығушылықтарға баулу.
Ал егер баланың зиянды әдеті қалмаса, психологтың немесе
психотерапевтің кеңесіне жүгінген жөн.
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРМЕН «КҮРЕСТІҢ» БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
126
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ
18
КІШКЕНТАЙ
БАЛАЛАРДЫҢ
ҚЫҢЫРЛЫҒЫ МЕН
ЕСІРІКТІГІ
19
127
Б
арлық ұлдар мен қыздар тәртіпті
болып, тек ата-анасы мен мұғалімдері
айтқанын ғана істесе, шіркін, қандай
ғанибет болар еді! Онда балаларға
ұрсудың да, оларды жазалаудың да еш
қажеті болмас еді. Өкінішке орай, бұл
мүмкін емес: мінсіз адам жоқ, балалар
да - сол адамдардың бірі.
Балаларға кейде сезімдерін ашуға булығып, асқан қызба-
лықпен көрсету тән, осындай сәттерде олар жерге құлай
кетеді, жерді аяғымен тепкілейді, айғайлайды, айналадағы
адамдарды тоқпақтайды. Балалардың нашар көңіл-
күйінің және мінез-құлқының туу себептерін түсіну олар-
дың ата-аналарына болашақта жағымсыз жайттардың
алдын алу шараларын жасауға септеседі.
Балалардың жаман мінез көрсетуі, әдетте, бала шар-
шағанда, қарны ашқанда, көңілі қалғанда орын алады.
Көбінесе мұндай мінез-құлық ересектердің тыйым салуы-
на (әлдебір затты алуға болмайды, шалшық суда ойнауға
болмайды) немесе ойыншық, тәтті сатып алудан бас
тартуға жауап ретінде туындайды.
Кейде осындай мінез-құлық көрінісі құрдастарымен
шыққан жанжал нәтижесі болуы мүмкін: мысалы, бала-
лардың біреуі ойыншығын тартып алды, ал бала не істерін
білмейді, өз ренішін білдіру үшін ересектердің назар
қалай аударуын білмейді.
ПСИХОЛОГТАР МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ БҰЗЫЛУЫ НЕГІЗІНДЕ
ЖАТҚАН ЕҢ МАҢЫЗДЫ ТӨРТ СЕБЕПТІ БӨЛІП КӨРСЕТЕДІ:
1. бала өзіне назар аударғысы келеді;
2. ересектерге бағынғысы келмейді;
3. ересектерден үстем болғысы келеді;
4. жақсы көрмегені үшін, ренжігені үшін ересектерден
кек алғысы келеді.
128
КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚЫҢЫРЛЫҒЫ МЕН ЕСІРІКТІГІ
19
Достарыңызбен бөлісу: |