Айдан жасқа дейін қуан


Сызып шығу және салып бітіру



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет28/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43

7. 
Сызып шығу және салып бітіру. Баладан қарындашты 
қағаздан көтермей, суретті сызықтар бойымен айналдыра 
жиектеп шығуын сұраңыз. Содан соң, үзік-үзік сызықты 
сурет (тура, бұралаң сызықтар, иректер) дайындап, оны 
айналдыра сызып, үзік-үзік сызықты өз бетінше жалғас- 
тыруын өтініңіз. Ені 5-7 мм «жол» салыңыз, қарындашты 
қағаздан көтермей, жол ортасынан сызық жүргізуін 
сұраңыз. Шиыршық қалай салынатынын көрсетіңіз, 
«сопақша» етіп бастап, әрі қарай жалғастыруын өтініңіз. 
«Толқын» қосып салуын өтініңіз.
 
Үлкен шеңбер ішіне бірте-бірте кішірейе беретін шеңбер-
лер, ал кішкене шеңбердің сыртынан бірте-бірте ұлғая 
беретін шеңберлер салуын өтініңіз. «Шеңберлер барынша 
үлкен болсын» деңіз. Дөңгелек және сопақ шиыршықтар-
ды салып, Чебурашканы, аққаланы салып көріңіздер.
8. 
Қарындашты қағаздан көтермей, 
нөмірленген нүктелерді 
өзара
 жалғастырып сурет салуды ұсыныңыз. 
9. 
Төр көз параққа сызықтар бойымен қиын емес ырғақты 
өрнек салыңыз, бала жалғастырсын. Графикалық диктант 
жасатып көруге де болады (сызықты қанша торға және 
қай бағытта жүргізу керек екенін айтып отырыңыз). 
10. 
Қағазбен құрастыру. 
 
Ұшақтар мен кемелер құрастыру дағдыларын оригами ту-
ралы қызықты кітаптар еске түсіреді. Түрлі-түсті қағаздан 
жасалған бұйымдар отбасы мүшелеріне керемет сыйлық 
болуы мүмкін.
Мүсіндеуге арналған тұзды қамыр 
рецепті:
• 
Ұсақ тұз - 1 стақан 
• 
Ұн - 1 стақан 
• 
Су - 0,5 стақан (немесе сәл 
азырақ)
• 
Тағамдық бояуыш 
Аузы тығыз жабылатын пластик 
қапта сақтаңыз. Осындай қамырдан 
жасалған бұйымды далада немесе 
пеш ішінде кептіріп, бояп шығуға 
болады. Балалар тұзы көп қамырды 
жеуге тырыспайды.
114
ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ
16


ТҮБЕКПЕН
ҰЛЫ АЙҚАС
17
115


БАЛАДАН ТЫМ КӨП ЖӘНЕ ТЫМ ТЕЗ 
ЖЕТІСТІК КҮТПЕҢІЗ
Қиындықтар ата-ана баладан тым көп және тым тез 
жетістікке жетуін күтуден басталады. Балалары бір 
жасқа де толмаған балаларын, олардың киім былғап, 
еш әуреге салмайтынын мақтанышпен айтып отыратын 
аналарға қараса да жетіп жатыр. Бұл тек ананың осыған 
өзін-өзі үйретіп алғанын ғана білдіреді. Ол баласына 
түбек керек болғанда бірден түсінеді – әрі, қажетті сәтте 
баласын отырғызып қояды. Бала өзі «үйретілгендіктен» 
емес, тек қажетті істі ғана жасайды. Ағзасы жіберген 
дабыл белгілеріне мән беріп үйренгенше баланың үйре-
нері әлі көп.
«ҮЙРЕТІЛГЕН» ЖҮРЕ БАСТАҒАН БАЛАЛАР 
ӘЛІ ДЕ БОЛСА ҮЙРЕНІП ЖҮР 
Бар қиындық киім кірлетпей, қажетті сәтті дұрыс сезген 
кез-келген ана баласы өз еркін білдіріп, қырсығып, 
ұзаққа созылмайтын түбектен бас тарту кезеңінен өт-
кенде, әлбетте, абыржиды. Ашуды тізгіндеу қиын соғары 
анық. 
БҰЛ ІС БӨБЕКТЕРДІҢ 
БИЛІГІНДЕ ЕМЕС
Кішкентай бүлдіршін өз қуық 
қалбыршағын және ішек-құрылы-
сын солардан келетін дабыл 
белгілерін тарататын жүйке қосы- 
лыстары жетілмейінше өз бетін-
ше қадағалай алмайды. Көбінесе, 
ол бала тек екі жасқа толғанда 
ғана мүмкін болады. Әдетте, ұл 
балалар қыз балаларға қараған-
да бұл қабілетті кешірек меңге-
реді, бірақ оның жалпы ақыл-ой 
деңгейіне ешбір қатысы жоқ. 
Б
аланы түбекке отыруды үйрету тәсілдері туралы 
аңыз-әңгіме көп. Бұл мәселеге балаларды емес, ал-
дымен ата-аналарды дайындау қажет. Ата-анасы маза-
сын алмаған балалар бәрін өздері-ақ жасап үйренеді. 
Кейде ата-ана баласының қалай дамып-жетіліп келе 
жатқанын білмегендіктен де жанжал тууы мүмкін. 
116
ТҮБЕКПЕН ҰЛЫ АЙҚАС
17


ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН МАҚТАУ – ҚАТЕ-
ЛЕРІН ЕЛЕМЕУ 
Енді жүріп үйрене бастаған балаларды ұрып-ұрысқан-
нан гөрі, мақтаса тезірек жүріп кетеді. Сондықтан, 
бала түбекті пайдаланғанда қуаныңыз, қателеріне көз 
жұма қараңыз. Барлық балалар еліктеу/ұқсату арқылы 
үйренеді, сондықтан, дәретханаға кіретін есікті ашық 
қалдырыңыз, бала ересектердің дәретханада не істей-
тінін көрсін. Ересектеу балалар, әдетте, жақсы ұстаз бола 
алады, ата-аналарын артық әурешіліктен құтқарады. 
Кішкентай ұл балалар әкесіне еліктегенді жаны сүйеді, 
сондықтан, бала үстіне шыға алатындай орындық қой-
саңыз болады. Балаңыз дәретін отырып сындырғанды 
қаласа, алаңдамаңыз, бұл ұзаққа созылмайды. Түбектен 
шығуға келетін болсақ, есіңізде болсын, биік отырғышқа 
отырғаннан бала қорқып қалуы мүмкін. Балаларға ар-
налған отырғыш, кішкентай орындық немесе аяқ астына 
қоюға болатын қорап бұл мәселені шеше алады.
АЙҚАСУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ
Айқасты болдырмаудың ең тиімді амалы – бала кіші 
дәретін жіберіп қойғанын немесе киімін былғап алғанын 
өзі айтқанша күту. Жазғы уақытта, екі жасқа толарда
серуенге шыққанда немесе жағажайда жүргенде бала 
не болып жатқанын көруі және сезуі үшін «памперс» 
жаялықтарын шешіп қойыңыз.
Дәл сол кезде балаға түбекті көрсетіңіз, бала оған 
отырып көрсін, ойнасын. Балалардың көпшілігі жасайтын 
алғашқы әрекет – түбекті қалпақ етіп, басына кию. Бірақ, 
ешқашан балаға түбек үстінде мақсатыңыз орындалған-
ша ұзақ отыруға мәжбүрлемеңіз. 
117
ТҮБЕКПЕН ҰЛЫ АЙҚАС
17


МЕН ЖАЛҒЫЗ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ
Кейде бала есіктің жабық болуын қалайды немесе өзі 
сүртінуін немесе түбекті өзі төгуін, суды өзі жіберуін 
талап етеді – тыйым салмаңыз. Ұзын-cонар айқасқа 
түскенше, аздап киімі былғанғаны артық, оны кейін жуа 
салуға болады ғой. 
«
ҚҰРҒАҚ» ТҮНДЕР КЕЙІНІРЕК КЕЛЕДІ 
Кейбір балалар түні бойы құрғақ жатуды ерте, ал кейбірі 
кеш үйренеді; ал сіз бұл үдерісті шапшаңдату үшін 
ештеңе жасай алмайсыз. Оның жалқаулыққа немесе бір-
беткейлікке еш қатысы жоқ. «Құрғақ» түндер тез келеді 
деп үміттенбеңіз. Көбінесе, бала үш жасқа толарда, ал 
кейде тіпті одан да кешірек келеді. Балақайды дәрет-
ханаға ұйықтар алдында апаруға тырысыңыз, мүмкінді-
гінше, сұйықтық мөлшерін азайтыңыз. Есіңізде болсын, 
балаңыз әлі түбекке үйренген жоқ, ол «жаман» немесе 
«кір-қожалақ» емес, ол тек басқалардан баяуырақ 
үйреніп келеді. 100% әсер беретін «тәсілдерге» қатысты 
ақыл-кеңестерге мән бермеңіз, кезінде басқаша жасаған 
аталар мен әжелерге өзіңіздің неге осылай жасайты-
ныңызды түсіндіріңіз.  
СІЗГЕ ЖӘНЕ
БАЛАҚАЙЫҢЫЗҒА
ТҮБЕКПЕНПЕН «ҰЛЫ 
АЙҚАСТАН» АМАН-ЕСЕН 
ҚҰТЫЛУДЫ ТІЛЕЙМІЗ.
АЙҚАС БАСТАЛЫП КЕТСЕ 
Кейде түбекке үйрету айналасында шамадан тыс байба-
лам туғанда бала дәрет сындыру әлдебір жаман немесе 
жиіркенішті іс екен деп санайтын болады. Киіміне неме-
се едеге дәретке отырып, анасын абыржытанын түсін-
бейді, анасына жағу үшін ол тым кеш болып кеткенше 
шыдайтын болады. Дәретті ұзақ уақыт бойы бойы бөгеу 
көбінесе іш қатуға алып келеді, бала бірнеше тәуліктеп 
дәретке отыра алмай қалады.
БАЙСАЛДЫ КЕЙІПТЕН ТАНБАҢЫЗ 
Ең бастысы байсалдылық таныту, әрі, әлбетте, балаға 
кішігірім «апаттарға» жол бергені үшін қол жұмсау 
арқылы немесе айғайлап ұрсу арқылы жазаламау. Сізге 
лас немесе дымқыл киім ұнайтындай кейіп танытудың 
да еш қажеті жоқ, бірақ, балаға оның олқы әрекеттері 
жиіркеніш немесе ашу тудыратынын сездірмеген жөн. 
Егер шынымен ашуыңыз келсе, оны баладан емес, ығы-
жығы күйге түскен үйден алыңыз. 
118
ТҮБЕКПЕН ҰЛЫ АЙҚАС
17


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау