Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет29/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ 
18
119


З
иянды әдеттер — балаларға тән мінез-құлықтағы 
ауытқушылықтар тобы. Осындай ауытқушылықтар не-
гізінде ерте жастағы балаларға тән ықтиярлы әрекеттерді 
тиянақтау жатыр. 
Ең көп таралған зиянды әдеттердің қатарында сау-
сақ сору, тырнақ кеміру, онанизм кездеседі. Сирегірек 
кездесетіндері арасында ауыртып шаш жұлу, бас пен 
денені ырғақты теңселту бар. Медициналық әдебиетте 
балалардың мінез-құлқындағы осындай ауытқушылықтар 
«патологиялық дағдылы әрекеттер» деп аталады.
Патологиялық дағдылы әрекеттердің пайда болуының 
негізгі себептері келесідей:
генетикалық факторлар (тұқым қуалайтын бейім- 
ділік); 
баланың темпераментінің және мінезінің ерекшелік-
тері;
жүктілік патологиясы, босану кезінде алған жа-
рақат-зақымдар, туылғаннан кейінгі бір жыл ішінде 
орын алған ауыр жұқпалы аурулар (нәтижесінде – 
баланың жүйке жүйесінің әлсіздігі);
баланың бастан кешкен созылмалы психозақым-
даушы күйзелістері;
ата-аналар тарапынан эмоционалдық тұрғыдан 
жақын тартпау (шеттету), тым қатал тәрбиелеу, физи-
калық жазалау шараларын қолдану.
i
Аталған факторлар баланың эмоционалдық күйзеліс, 
ұдайы қанағаттанбаушылық, жақындарына қатысты 
қарама-қайшылық сезімдерін тудырады. Ал патологиялық 
әдеттер жағымсыз эмоционалдық күйзелісті бәсеңдетеді және 
эмоционалдық қиналысты жоюға септігін тигізеді. Патологиялық 
әдеттердің тұрақтануына бала басынан кешіретін ләззат сезімі 
мен баланың осындай әрекеттеріне айналасындағы ересек-
тердің айрықша көңіл бөлуі жағдай жасайды.
120
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ 
18


НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
1.  Бала тәрбиесінде емізікті орынды пайдалану.
2.  Баланың неге саусағын соратынын түсіну қажет 
(жетіспейтін ықылас-ілтипат орнын толтыру үшін, 
өзінің эмоционалдық күйін тұрақтандыру үшін және 
т.б.). Баланы саусақ соруын қойдыруға тырысып 
көрмес бұрын орнына шамалас сүйсінушілік сезімін 
беретіндей не ұсынуға болатынын ойлану керек.
3.  Баламен өзара сенім тудыратын байланыс орнату 
қажет, баланы уақытылы жұбатуды және мазасыз-
дық себебін жоюды қамтамасыз ету қажет.
4.  Баланың сан алуан түрлі әсер алуына жағдай жасау 
қажет, қимыл-қозғалысты талап ететін, эмоционал-
дық тұрғыдан мазмұнды ойындар ойнату қажет; 
құрдастарымен толыққанды қарым-қатынас құруын 
қамтамасыз ету қажет.
Саусақ немесе тіл сору – патологиялық әдет ретінде, 
негізінен, ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы 
балаларда кездеседі. Оның пайда болуының басты 
себебі – қанағаттандырылмаған сору инстинкті; көбіне-
се балаларды жасанды тамақтандыру қолданылғанда 
жиірек кездеседі.
Бала шамамен бір жасқа келгенде саусақ сорудың 
себебі мүлдем басқа болады: бұл айрықша жағдайларда 
қолданылатын тыныштандырушы құрал. Бала зері-
гіп кетсе немесе ұйқысы келсе, әлде қамықса немесе 
тезірек ұйықтау үшін саусағын сорады.
Есейген бала орын алған қандай бір жағдайды еңсере 
алмаса немесе дегеніне қол жеткізе алмаса, балалыққа 
(сору әрекеті оның басты қуанышы болған кезге) салы-
нып, саусағын соруы мүмкін.  Бір жастан кейін саусақ, 
тіл, ерін, көрпенің бір ұшын сору көбінесе ағзадағы 
атқарымдық жүйелердің жетілу үдерісіндегі іркілістер 
айғағы болып табылады.
121
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ 
18


Тырнақ кеміру – көбінесе жүйке жүйесіндегі күйзеліс 
нышаны. Әдетте, кез-келген жағдайда (мысалы, теледи-
дардан қорқынышты фильм көргенде) мазасы кететін 
балалар тырнақ кеміреді.
Ескерту жасау және жазалау, әдетте, баланы тек аз 
ғана уақытқа ғана тоқтатады, себебі, ол өзінің тырнақ 
кеміретінін мүлдем байқамайды. Жазалауға келсек, ол 
тек жүйке жүйесінің күйзелісін өршіте түседі. Саусаққа 
ащы заттар жағу сирек көмектеседі.
Бұл мәселенің ең тиімді шешімі  – баланың неге маза- 
сызданатынын анықтап көру.
Бәлкім, оған тым көп ескерту жасалатын шығар, үнемі 
тыйым салынатын шығар, ата-анасы оны жаза қол-
данумен қорқытатын шығар немесе жасаған әлдебір 
қылықтары үшін сөгетін шығар.
Бәлкім, ата-ана баласынан тым көп жетістікке жетуін 
күтетін шығар.
Егер кино, радио немесе телебағдарламалар баланы 
шамадан тыс қоздырса, оларды көру уақытын шектеген 
жөн және оның жасындағы балаларға көруге лайықсыз 
бағдарламаларды көруге немесе тыңдауға рұқсат берме-
ген жөн.
Егер бала саусағын тым жиі соратын болса, оның өмірін 
жанына жағымдырақ ете түсіңіз. Баланың бұл әдетіне 
ашуланбаңыз, одан да бұл туралы мүлдем ойлама-
уға тырысыңыз. Есіңізде болсын, саусақ сору әдеті 
уақыт өте келе басылады. Кейде баланың есіне салып 
тұрыңыз: кейін үлкен болып есейгенде саусақ соруын 
қояды. Достық ықылас оны бұл әдетті шамасы келгенде 
өзі қойып кетуін қалауына септеседі.
Ұйықтардың аз алдында ырғақты ойын ойнауға, би 
билеуге, таза ауада серуен жасауға кеңес етіледі. Төбеге 
немесе есік жақтауына әткеншек орнатып, баланы күні-
не 10-15 минуттан тербету пайдалы. Бала ұйықтайын 
деп жатқанда бәсең ырғақты әуен қоюға болады. 
122
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ 
18


Онанизм – бұл ұғым әртүрлі механизмге ие патологи-
ялық әдеттер тобын біріктіреді. Негізгі әрекет – жыныс 
мүшелерін қолмен, аяқ қысумен, әртүрлі заттарға үйкеу 
арқылы және т.б. жолдармен тітіркендіру.
Бұл әдеттің туындауына себепші факторлар:
қышыма ілесе жүретін экссудативті диатез және 
жыныс мүшелерінің қабынуы;
тар киім;
тазалық ережелерін сақтамау немесе, керісінше, 
шамадан тыс сақтау;
бұт арасын тітіркендіретін ішек құрттарының сөлі;
шапалақпен ұру немесе сабау (қанның жыныс 
мүшелері айналасына құйылуы қоздыруды қамшы-
лайды);
күштеп тамақтандыру (жыныс мүшелері аумағы 
ауыздың және еріннің шырышты қабығымен реф-
лекс деңгейінде байланыста;
күштеп тамақтандыру бірінші аймақты еріксіз қоз-
дыра отырып, екіншісінің белсенділігін «тұншықты-
рады»);
ата-ананың эмоционалдық салқындығы, әсересе, 
ана тарапынан жылу мен табиғи-
лықтың жетіспеушілігі; ере-
сек балаларға еліктеу.
Тырнақты қысқа етіп алу қажет. Бала жазу жазатын 
қаламның ұшын немесе қолындағы затты, бірақ, міндетті 
түрде таза болуы тиіс, кеміруге рұқсат беруге болады. 
Тырнақ кеміргісі келгенде қос алақанын бір-біріне үй-
кеуге болады. Баланы осы әдетпен өз бетінше күресуге 
ынталандыруға болады: осындай әдеттің қаншалықты 
зиян екені түсіндіріледі және тырнақтары кемірілген 
саусақтардың қаншалықты ұсқынсыз екенi көрсетіледі, 
өзін-өзі қадағалауға үйретіледі. Балаға: «Сен бұл әдетті 
міндетті түрде жеңесің» деп, жігер-қайрат беру қажет. 
Оған қиындық тудыратын жағдайларда белсенді көмек 
көрсетіледі, себебі, сондай жағдайларда ол әсіресе жиі 
осы әдетіне басады. Есіңізде сақтаңыз: 
тырнағын кеміретін балалар – өз-өзіне 
сенімсіз балалар, демек, ең бастысы 
– балаға байсалды және өзіне деген 
сенімі мол болуына көмектесу керек. 
123
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ 
18


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау