Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 126-беті
126
-
шығармашылық
тапсырмаларды
дайындау
(коллаж,
синквейн,
ойын
бағдарламаларының сценарийі, рөлдік ойындар жобасы);
- пəн бойынша глоссарий құрастыру;
- эссе, мақала жəне белгілі сала мəселелері бойынша хабарламалар мен ғылыми
жұмыстар жазу;
- жобаларды əзірлеу;
- өзіндік білім алу бойынша баспа материалдарының аннотацияланған тізбесін
құрастыру, т.б.
1.14 СӨЖ құрылымы:
- тақырыптар тізімі;
- тапсырманы орындау үшін кеңестер;
- тапсыру реті, мерзімі;
- бағалау тəртібі;
- қажетті əдебиетттер тізімі мен интернет сайты.
1.15 Оқытушының басшылығымен орындайтын білім алушының өзіндік жұмысы
(ОСӨЖ)аудиторияда өткізілетін оқу жұмысының ерекше түрі.
1.16 ОСӨЖ мазмұны мен мақсаты пəннің оқу бағдарламасымен, курстың
концепциясымен, кітапхана қорының жəне оқу орнының техникалық мүмкіндігімен
анықталады.
1.17 ОСӨЖ оқытушы мен білім алушының бірге орындайтын жұмысы болғандықтан
оны өткізу формасы СӨЖ-ден өзгеше болады.
1.18 Білім алушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру
технологиясының элементтері: өз бетімен орындайтын жұмыстарды жоспарлау; əдістемелік
қамтамасыз ету; орындалуын бақылау жəне жоспарлау; талдау жəне жетілдіру.
1.19 ОСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын білім
алушының аудиториядан тыс жұмысы болғандықтан, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне
енбейді.
1.20 Оқытушының басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы
(ОСӨЖ) СӨЖ жалпы көлеміне енеді.
1.21 ОСӨЖ үлесі модульдің (пəннің) жалпы сағат (кредит) мөлшеріне қатысты
төмендегіше анықталады: 1 кредитке – 8 сағат, 2 кредитке – 15 сағат, 3 кредитке – 23 сағат, 4
кредитке – 30 сағат, 5 кредитке – 38 сағат, 6 кредитке – 45 сағат, ...
1.22 ОСӨЖ модульдер (жалпы міндетті, мамандық бойынша міндетті, арнайы
мамандықтар үшін таңдау бойынша, біліктіліктің шеңберінен шығатын таңдау бойынша
модульдер) бойынша білім алушылардың саны академиялық лекте (топта) 50 –ден артық
емес болған жағдайда ұйымдастырылады. Білім алушылардың саны көрсетілген мөлшерден
асқан жағдайда келесі академиялық лек (топ) жинақталады.
2. СӨЖ ұйымдастырудағы жауапкершілік пен міндеттер
2.1 Əдістемелік бөлімнің міндеттері:
СӨЖ жəне білім алушылардың зерттеу жұмыстарын əдістемелермен қамтамасыз ету
жөнінде семинар мен кеңестер ұйымдастыру:
- əдістемелік нұсқаулар, СӨЖ түрлері мен нысандары бойынша ұсыныстарды,
инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу деңгейін бағалау;
- білім алушылардың үлгерімі негізінде СӨЖ ұйымдастыруды жетілдірудің
ұсыныстарын талдау, əзірлеу.
2.2 Өз бетімен орындалатын жұмысты жоспарлаудағы оқу үдерісін ұйымдастыру
бөлімінің атқаратын рөлі:
- оқу үдерісі кестесін құрастыру;
- СӨЖ-дің апта бойынша сағат көлемін анықтау;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 127-беті
127
- аудитория қоры мен сабақ кестесін жоспарлау;
- оқу үдерісі кестесі мен білім алушы үлгерімін қадағалау.
2.3 Деканаттың жауапкершілігі мен міндеттері:
- аудитория қорын есепке алумен ОСӨЖ кестесін құрастыру;
- білім алушылардың тапсырманы орындау кестесіне жəне білім алушылардың
үлгеріміне бақылау жүргізу.
2.4 СӨЖ-ді жоспарлаудағы кафедраның рөлі:
- ҚНББ бойынша лекциялар, семинар, лабораториялық жұмыс жəне СӨЖ
арақатынастарын мөлшерлеу;
- лекциялар, семинар, тəжірибелік жəне лабораториялық сабақтар, СӨЖ-дің көлемі мен
мазмұнын толық анықтау;
- əр тақырып бойынша білім алушының білімін тексеру ережелерін əзірлеу.
2.5 Оқытушылардың СӨЖ-ді жоспарлауы төмендегіше жүзеге асырылады:
- бақылау нысандарын өңдеу (ағымдағы, шептік);
- нақты түрі мен нысанына қарай СӨЖ уақытын белгілеу;
- СӨЖ бойынша кеңес беру уақытын белгілеу;
- СӨЖ-дің жалпы талаптарын белгілеу;
- арнайы əдебиеттерді анықтау;
- тапсырмалардың өзара ауыстырушылығын анықтау;
- қатысу дəрежесін жəне тапсырманы талдау критерийін анықтау;
- СӨЖ тапсырмаларын беру (əр семестрдің басында).
2.6 Жоспарлау нəтижелері кафедраның оқу-əдістемелік құжаттарында, оқу жұмыс
бағдарламасында, кафедраның жəне оқытушының дербес жұмыс жоспарларында белгіленеді.
Əрбір кафедра СӨЖ-дің мақсаттары мен міндеттерін, нысаны мен əдістерін, көлемі мен
тақырыптарын белгілейді.
СӨЖ-дің жоспарланған түрлері, бағалаудың нысаны мен мерзімдері əр пəн бойынша
жұмыс бағдарламасында, силлабуста анықталады, бағалау критерийлері көрсетіледі жəне
білім алушылардың назарына ұсынылады.
2.7 ОСӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарымен алмастыруға болмайды.
2.8 Білім алушының бір семестрдегі əр пəн бойынша орындайтын СӨЖ
тапсырмаларының саны 4-5 болуы тиіс. Олар негізінен оқытудың нəтижелеріне сəйкес
таңдалуы қажет.
Білім алушылардың СӨЖ тапсырмалары пəн мазмұнын құрайтын модульге байланысты
алынады (көп жағдайда саны 4-5 бірлік).
3. Жауапкершілік жəне өкілеттілік
3.1 Ереже университеттің Оқу-əдістемеліккеңесінде талқыланып, Ғылыми кеңес
мəжілісінде бекітіледі.
3.2 Университеттің ережесі талаптарының енгізілуіне университет Оқу-əдістемелік
Кеңесі, факультет декандары, факультеттің оқу-əдістемелік бюро жетекшілері, кафедра
меңгерушілері мен пəн оқытушылары жауапты болып табылады.
3.3Университеттің осы ережесі талаптарының орындалуын оқу-əдістемелік жəне
қашықтықтан оқыту істері жөніндегі проректор қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |