Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет58/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 122-беті 
 
122 
 
6.  МАК  құрамына  оның  мүшелерінің  құқықтарымен  бірдей  мыналар  кіреді:  
магистратура  мамандықтары  бойынша  -  шығаратын  мамандарының  бейініне  сəйкес  келетін 
ғылыми дəрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дəрежесі бар тұлғалар (бейіндік 
магистратура  үшін  құрылған  МАК-тың  құрамына,  сондай-ақшығаратын  мамандарының 
бейініне сəйкес келетін жоғары білікті мамандар). 
7. МАК-тың сандық құрамын университет дербес  белгілейді,  университет ректорының 
бұйрығымен 31-ші желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі жəне ол бір күнтізбелік жыл бойы 
қолданыста болады.  
8.  Магистранттарды  қорытынды  аттестаттауға  жіберу  университет  ректорының 
бұйрығымен  тізім  бойынша  бекітіліп,  қорытынды  аттестаттау  басталуынан  2  апта  бұрын 
МАК-қа тапсырылады. 
9.  Мамандықтар  бойынша  кешенді  емтиханға  магистратураның  кəсіптік  оқу 
бағдарламасының міндетті базалық жəне бейіндік компоненттерінің пəндері кіреді. 
10.  Кешенді  емтихан  келесі  нысандардың  біреуі  бойынша  өткізіледі:  ауызша,  жазбаша 
бекітілген пəндерден тест.  
11. Кешенді емтиханның бағдарламасын өткізілу нысанын жəне тапсырмалар мазмұнын 
университет  осы  кешенді  емтиханға  енген  пəннің  оқу  бағдарламасы  негізінде  өздері 
əзірлейді.  
12.  Магистрлік  бағдарламаларды  іске  асыратын  университет  тесттік  тапсырманы, 
олардың  түрлерін  (ашық,  жабық,  аралас)  жəне  тестілеудің  өткізілу  технологиясын  өздері 
əзірлейді. 
13. Кешенді емтихан: магистрлік диссертацияны қорғаудан 1 ай бұрын қабылданады.  
14.  Кешенді  емтихан  нəтижелері  магистратурада  əрбір  білім  алушы  бойынша  осы 
Ереженің 
8-қосымшасына 
сай 
белгіленген 
нысандағы 
хаттамамен 
ресімделеді.  
МАК  отырысының  хаттамасын  бітіртіп  шығарушы  кафедраның  оқу-көмекші  қызметкерлері 
арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.  
15. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге емтихандық 
ведомосы негіз болады.  
16. Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға 
рұқсат етілмейді.  
17.  Кешенді  емтиханның  нəтижесімен  келіспеген  білім  алушы  емтихан  өткізілгеннен 
кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.  
18.  Апелляция  өткізу  үшін  университет  ректорының  бұйрығымен  біліктілігі  аталған 
мамандықтың  бейініне  сəйкес  келетін  тəжірибелі  оқытушылардан  апелляциялық  комиссия 
құрылады.  
19.  Апелляция  қанағаттанарлық  болған  жағдайда  МАК  мəжілісі  хаттамамен 
ресімделеді. 
Мұндай 
жағдайда 
бірінші 
хаттамадағы 
қорытынды 
«Баға 
__________№_______хаттамамен  қайта  қаралды,  _____бет»  деген  жазумен  өзгертіледі  жəне 
оған қатысқан МАК мүшелерінің бəрі қол қояды. 
20.  Кешенді  емтиханда  қанағаттанарлықсыз  баға  алған  магистрант  университет 
ректорының  бұйрығымен  оқудан  шығарылып,  тұлғаға  білімі  аяқталмағандығы  туралы 
Анықтама беріледі. 
21.  «Қанағаттанарлықсыз»  баға  алған  тұлғаларға  магистратурада  қорытынды 
аттестаттау кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.  
22.  Кешенді  емтихан  тапсырған  магистрант  диссертациялық  жұмысты  қорғауға 
жіберіледі.  Диссертация  қорғауға  жіберу  университет  МАК  төрағасының  ұсынуы  негізінде 
университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.  
23.  Пайдаланылған  дереккөздерге  жəне  авторға  сілтеме  жасамау  мəні  бойынша 
диссертациялық 
жұмыстарды 
тексеру 
жоғары 
оқу 
орнынан 
кейінгі 
білімнің 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 123-беті 
 
123 
 
магистратурасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарттарына  сəйкес  жүзеге 
асырылады.  
24.  Магистрлік  диссертацияларды  қорғау  кестесі  академиялық  күнтізбеге  сəйкес 
бекітіледі.  Осыған  сəйкес,  қорғауға  күніне  кемінде  6-8  магистрант  жіберіледі.  
Магистрлік  диссертацияларды  қорғау  МАК-тың  ашық  кеңесінде  оның  2/3  кем  емес 
мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.  
Бір  магистрлік  диссертацияны  қорғау  ұзақытығы  50  минуттан  аспауы  қажет. 
Магистрант  магистрлік  диссертациясын  қорғау  үшін  МАК-тың  алдында  15  минуттық 
баяндамамен сөз сөйлейді.  
25.  Магистранттардың  диссертациялық  жұмыстарын  қорғауы  МАК-тың  кеңесінде 
жүзеге асырылады. 
Диссертациялық кеңестер əрбір магистратура мамандықтары бойынша құрылады.  
26.  Магистрлік  диссертацияның  қорғалуы  төмендегі  жағдайда  жүзеге  асады:  
ғылыми жетекшінің  оң  пікірі;  ғылыми  баспада  диссертация тақырыбында  кемінде  1  мақала 
жарық көруі,  халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі; 
сараптама  комиссиясының  диссертацияны  ашық  түрде  қорғауға  берген  ұсынысының 
жазбаша  қорытындысы;  бітіріп  шығарушы  кафедраның  қорғауға  ұсынымдамалары  туралы 
шешімі (кафедра отырыс хаттамасының көшірмесі); қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін 
маманның  бір  рецензенттің  рецензиясы.  Мұнда  диссертацияның  жан-жақты  сипаттамасы 
көрсетілген  дəлелді  қорытындысы  жəне  сол  мамандық  бойынша  «магистр»  академиялық 
дəрежесін  беру  мүмкіндігі  көрсетіледі.  Ғылыми  жетекші  немесе/жəне  бітіруші  кафедрасы 
тарапынан  «қорғауға  жіберілмейді»  немесе  «қорғауға  ұсынуға  болмайды»  деген 
қанағаттанарлықсыз  қорытынды  берілген  жағдайда,  магистрант  магистрлік  диссертациясын 
қорғау мүмкіндігінен айырылады.  
27. Магистрлік диссертацияның қорғалу нəтижесі осы Ереженің 9-қосымшасына сəйкес 
бекітілген түрдегі əрбір магистрант үшін жеке хаттамамен ресімделеді.  
28.  Қорытынды  аттестаттаудан  өткен,  магистратураның  тиісті  кəсіптік  оқу 
бағдарламаларын  меңгергендігін  растаған  жəне  МАК  кеңестің  шешімімен  магистрлық 
диссертацияны  ашық  қорғаған  білім  алушыға  тиісті  мамандық  бойынша  «магистр» 
академиялық  дəрежесі  беріледі  жəне  қосымшасымен  бірге  магистрлік  диссертация  қорғау 
күнінен 
бастап 
бір 
ай 
мерзімде 
мемлекеттік 
үлгідегі 
диплом 
табыс 
етіледі.  
МАК шешімі осы Ереженің 10-қосымшасына сəйкес хаттамамен ресімделеді. 
29.  Магистранттардың  қорытынды  аттестаттауы  аяқталғаннан  кейін  МАК  төрағасы 
магистранттардың қорытынды аттестаттауының нəтижелері туралы есеп жасайды жəне оны 
екі апталық мерзімде университет ректорына ұсынады.  
30.  Магистранттардың  қорытынды  аттестаттауының  нəтижесі  туралы  бірыңғай  есепке 
кестелер  мен  түсіндірме  жазба  енеді.  Кестеге  осы  Ереженің  11-қосымшасында  келтірілген 
көрсеткіштер көрініс табады. Түсіндірме жазбада:  
1) аталған мамандық бойынша университеттегі магистрлардың дайындық деңгейлері;  
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;  
3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;  
4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;  
5)  магистрлік  диссертациялардың  ғылымның,  техниканың,  мəдениеттің  қазіргі  жай-
күйіне жəне өндірістің сұранысына сəйкестігі;  
6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы;  
7)  магистрлік  диссертацияларды  қорғаудың  деңгейі  ғылыми  жетекшісінің  пікіріне, 
ресми оппоненттің рецензиясына сəйкестігі;  
8)  магистрларды  даярлауды  одан  əрі  жетілдіру  жөніндегі  нақты  ұсынымдамалар 
жөнінде мəліметтер болады.  


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау