Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет57/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 120-беті 
 
120 
 
4 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, 
аралық аттестаттау өткізудің тəртібі 
1.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушылардың  магистратура  мен  докторантура 
оқудағы  жетістіктерін  тексеру  университет  өздері  белгілейтін  бақылаудың  түрлері  мен 
аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.  
2.  Магистратура  мен  докторантурада  білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдық  бақылау 
университет студенттеріндегі сияқты тəртіппен жүргізіледі.  
3.  Магистранттарды  университетте  аралық  аттестаттау  оқу  жұмыс  жоспарына, 
академиялық  күнтізбе  мен  кəсіптік  оқу  бағдарламаларына  сай  емтихан  тапсыру  жəне 
сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.  
4.  Аралық  аттестаттаудың  мерзімділігі  мен  ұзақтығы  университет  ғылыми  кеңесі 
бекіткен академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сəйкес белгіленеді.  
5. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.  
6. Емтихандардың кестесін жасау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдерімен 
немесе тиісті факультеттің деканатымен бірге офис регистраторына жүктеледі.  
7.  Емтихан  кестесін  оқу  жəне  инновациялық  технологиялар  жөніндегі  проректор 
бекітеді  жəне  емтихан  басталғанға  дейінгі  екі  аптадан  кешіктірілмей  білім  алушылар  мен 
оқытушылардың назарына жеткізіледі.  
8.  Емтиханға  жіберу  нақты  пəн  бойынша  жіберілу  рейтингі  бағасы  анықталатын 
үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.  
9.  Жіберілу  рейтингінен  оң  баға  ала  алмаған  білім  алушылар  қорытынды  бақылауға 
(емтиханға) жіберілмейді.  
Курстық  жұмысты  (жоба)  тапсырмаған  білім  алушылар  сол  пəн  бойынша  емтиханға 
жіберілмейді.  
10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі кей жағдайда (сырқатына, 
отбасы  жағдайына  немесе  басқа  да  обьективті  себептерге  байланысты)  білім  алушыға  жеке 
кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.  
Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  бөлімінің  меңгерушісі  аурулығы,  сəбидің  дүниеге 
келуі,  жақын  туыстарының  қайтыс  болуы,  қызметтік  немесе  оқу  іссапарында  болуына 
байланысты  жағдайларды  растайтын  анықтамалар  тапсырылған  жағдайда  білім  алушыға 
жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.  
11.  Емтихандық  сессия  (аралық  аттестаттау)  кезеңіне  университет  ректорының 
бұйрығымен  аппеляцияланатын  пəн  бейініне  сай  біліктілігі  бар  оқытушылардан  тұратын 
аппеляциялық комиссия құрылады. 
12. 
Емтихандар 
ауызша, 
жазбаша, 
тест 
немесе 
аралас 
түрде 
өткізіледі.  
Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пəндердің бейінділігі мен ұқсастығына байланысты екі 
жəне одан да көп пəндерден кешенді емтихан белгілеуге рұқсат етіледі.  
13. Университет емтиханды өткізу тəртібі мен түрін əр оқу пəні бойынша академиялық 
кезеңнің басталуынан бір ай мерзімнен кешіктермей белгілейді.  
14.  Оқу  пəні  бойынша  аралық  аттестаттау  өткізу  кезінде  академиялық  кезеңдегі 
емтиханнан  алған  бағасы мен  ағымдық  бақылаудан  (жіберілу  рейтинг  бағасы)  алған орташа 
баллы ескеріледі.  
15.  Əр  пəн  бойынша  емтихан  аяқталғаннан  кейін  білім  алушыларға  қорытынды  баға 
университет студенттеріне қойылатындай тəртіппен қойылады.  
16.  Емтихандық  ведомосы  барлық  оқу  кезеңі  бойынша  білім  алушылар  жинаған 
кредиттер 
санын 
есептеумен 
айналысатын 
офис 
регистраторға 
тапсырылады.  
Əрі  қарай  офис  регистратор  емтихандық  ведомосты  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
бөліміне тапсырады. Деканатта əр пəннің емтихандық ведомосын негізге ала отырып, аралық 
аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.  


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 121-беті 
 
121 
 
17.  Білім  алушылар  барлық  емтихандарды  жұмыс  жоспарына,  жеке  оқу  жоспарына 
жəне оқу бағдарламаларына сəйкес тапсырады.  
18.  Білім  алушылар  қосымша  оқу  түрлерінің  пəндері  бойынша  да  емтихан  тапсыра 
алады, нəтижелері емтихан ведомосына жəне білім алушының жеке ведомосына жазылады.  
19.  «Қанағаттанарлықсыз»  бағаны  оң  бағаға  қайта  тапсыру  үшін  білім  алушы  пəн 
бойынша  оқу  жұмыс  жоспарында  көрсетілген  барлық  оқу  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып, 
емтиханға жіберілу рұқсатын алады жəне қорытынды бақылау тапсырады.  
20.  Қорытынды  бақылаудан  алынған  қанағаттанарлық  бағаны  жоғарылату  үшін  осы 
аралық 
аттестаттау 
кезеңінде 
емтиханды 
қайта 
тапсыруға 
рұқсат 
етілмейді.  
Қорытынды  бақылаудың  оң  бағасын  қайта  тапсыру  тəртібі  осы  Ереженің  19-тармағында 
айқындалған.  
21.  Қорытынды  бақылаудың  нəтижесімен  келіспеген  білім  алушы  емтиханнан  кейін 
(келесі күні) аппеляция беруге құқығы бар.  
22.  Пəн  бағдарламасын  толық  орындаған  білім  алушы  емтиханға  келмеген  жағдайда 
емтихандық  ведомостағы  фамилиясының  тұсына  «келген  жоқ»  белгісі  қойылады.  
Дəлелді  себептерге  байланысты  келмеген жағдайда  факультет  деканының  өкімімен  емтихан 
тапсырудың 
жеке 
кестесі 
белгіленеді. 
Дəлелді 
себептері 
болмаған 
жағдайда 
«қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 21-тармағына сəйкес емтиханды қайта 
тапсырады.  
23.  Транскриптке магистранттың,  докторанттың  барлық  қорытынды  бағаларымен  қоса 
қайта тапсырылған емтихан нəтижелері де жазылады.  
24.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  емтихандық  сессиялар  қорытындысының  негізінде 
университет  ректорының  бұйрығымен  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушыларды 
курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сəйкес көшіру балы белгіленеді.  
25.  Курстың  бағдарламасын  толық  көлемде орындаған,  бірақ  ең  төменгі  көшіру  балын 
ала  алмаған  білім  алушыларға  өз  үлгерімінің  орташа  балын  көтеру  мақсатында  жазғы 
семестрде  ақылы  негізде  жекелеген  пəндерді  қайта  оқуға  жəне  сол  пəндер  бойынша  қайта 
емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.  
26.  Емтихан  қорытындылары  жəне  емтихан  сесссиясы  (аралық  аттестаттау) 
аяқталғаннан  кейін  оқу  процесін  жақсарту  жөніндегі  ұсыныстары  кафедра,  деканат 
(директорат) жəне жоғары оқу орны отырысының талқылауына шығарылады.  
27.  Университеттен  шығарылған  тұлғаға  білімі  аяқталмағандығы  туралы  Анықтама 
беріледі.  
 
 
5  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттаудан 
өткізудің тəртібі  
1.  Университетте  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  академиялық  күнтізбеде 
жəне  мамандықтардың  оқу  жұмыс  жоспарында  қарастырылған  мерзімде  кешенді  емтихан 
тапсыру жəне магистрлік (докторлық) диссертация қорғау түрінде өткізіледі.  
2.  Қорытынды  аттестаттауға  оқу  жұмыс  жоспары  мен  оқу  жұмыс  бағдарламалары 
талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.  
3. Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс жəне жеке оқу жоспары талаптарын жəне 
оқу  жұмыс  бағдарламасын  орындамаса  жазғы  семестрден  өткізілместен  оқу  курсын  қайта 
оқуға қалдырылады.  
4.  Магистранттар  мен  докторанттардан  кешенді  емтихан  алу  білім  алушыларға  үшін 
университет Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады.  
5.  Университет  ректоры  МАК  төрағасына  кандидатураларды  1  қарашаға  дейін  білім 
беру  саласындағы  уəкілетті  органға  ұсынады:  магистратура  мамандықтары  бойынша  – 
шығаратын  мамандарының  бейініне  сəйкес  келетін  ғылыми  дəрежесі,  немесе  ғылыми 
атағының болуы жəне осы ұйымдарда жұмыс істемеуі. 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау