Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 142-беті
142
Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық
иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.
5.16 Дипломдық жұмыста (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар,
схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ)
мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.
5.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен
басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Егер сурет біреу болса, онда ол «1 сурет», «Сурет» сөзі жəне оның аталуы жолдың
ортасынан жазылуы тиіс.
5.18 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай
жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның
реттік нөмірінен тұрады.
5.19 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін
мəліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мəтін.
5.20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2-суретке сəйкес» деп жазу
қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2-суретке сəйкес» болуы тиіс.
5.21 Кестелер көрнекілік ретінде жəне көрсеткіштерді салыстыру мақсатында
қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дəл, қысқаша болуы тиіс.
Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «1-кесте» сөзінен
бастап «» таңбасынан кейін орналастыру керек.
5.22 Кестені өзі ескертілген мəтіннен кейін орналастыру қарастырылады.
5.23 Барлық кестелерге дипломдық жұмыста (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме
қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.
5.24 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін
келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі жəне нөмірі бір рет кестенің бірінші
бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады жəне кесте нөмірі
көрсетіледі, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру
барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін
көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.
5.25 Егер де кестенің əр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мəтін бір
сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі
немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен
ауыстырады, əрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың,
белгілердің, математикалық жəне химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға
болмайды. Егер əріптік жəне былайғы мəліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе,
онда оған сызықша қойылады.
5.26 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан
аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
5.27 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кесте-
лер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен жəне кестенің реттік нөмірінен тұрады.
5.28 Кесте жолдары жəне графа атаулары жекеше түрде бас əріппен жазылады, ал
графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша əріптермен
немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас əріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен
тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
5.29 Кестелердің сол жағынан, оң жəне төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен
шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мəтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.
Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған
жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы
кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 143-беті
143
5.30 «Ескерту» сөзі қызыл жолдан бас əріппен жазылуы жəне сызылмауы тиіс.
5.31 Егер мəтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не
анықтамалық мəліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.
5.32 Ескертуді ескерту қатысты мəтіннен, графикалық материалдан кейін немесе
кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша
қойылып, ескерту бас əріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер
арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің
аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
5.33 Формулалар жəне теңдеулер мəтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Əрбір
формулалар жəне теңдеулердің жоғары жəне төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын
қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін
(=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық
белгілерден кейін көшірілуі тиіс жəне келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
5.34 Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға
сəйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.
5.35 Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу
барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда
қарастырылады.
5.36 Мəтіндегі өрнектердің реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады.
Мысалы – (1) формулада.
5.37 Бөлімді құрайтын тақырып шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат
беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен
формулалардың реттік нөмірінен тұрады.
5.38 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (тік) жақшаға алынады: [5, 7].
Пайдаланған дерек көздеріндегі сілтемелер нақты, өзгеріссіз берілсе, онда беттері
көрсетіледі. Əдебиеттерге сілтемелер былайша жазылады: казақ тіліндегі: [100, 5-10 б.; 150,
90 б.], орыс тіліндегі: [10, с. 200; 11, с. 55], [90, с. 29-38]; ағылшын тіліндегі: [10, р. 200; 11, р.
55], [25, р. 30-35].
5.39 Дерек көздері туралы мəлімет диплом жұмысының (жобаның) мəтініндегі дерек
көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек жəне абзацтан кейін арап
сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
5.40 Қосымшалар осы диплом жұмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі
парақтарына рəсімделеді.
5.41 Дипломдық жұмыстың (жобаның) мəтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы
тиіс. Қосымшалар мəтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
5.42 Əрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы
жағының ортасында көрсетілуі тиіс.
Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мəтінге симметриялы түрде бас əріппен
жазылады.
Егер дипломдық жұмыс (жоба) бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.
5.43 Қосымшалардың дипломдық жұмыстың (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан
басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.
6 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тəртібі
6.1Дипломдық жұмыс (жоба) алдын ала қорғаудан өту үшін маман даярлаушы
кафедраға тапсырылады.
6.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында
білім алушылардың жəне ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуымен жəне қажет
болған жағдайда, ғылыми кеңесшілердің қатысуымен өткізіледі.
Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рəсімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |