Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 132-беті
132
5.3.4 Білім алушыға курстық жұмыстың (жобаның) негізгі мазмұнын баяндауға жəне
сұрақ-жауап ұйымдастыруға 8-бен 10 минут аралығында уақыт бөледі. Жалпы бір жұмысқа
бөлінетін уақыт мөлшері 20 минуттан аспауы тиіс.
5.3.5 Курстық жұмыс (жоба) дифференциалды бағамен бағаланады. Білім алушыға
курстық жұмысты (жобаны) қорғауы бойынша бағасы сол күні құжаттарға қойылады.
5.3.6 Курстық жұмыс (жоба) тапсырылмаған жағдайда академиялық қарыз болып
есептеледі жəне білім алушы сол пəннен емтиханға жіберілмейді.
5.3.7 Курстық (жұмыстың) жобалардың орындалуының нəтижелерi кафедралардың
мəжiлiстерiнде талқыланады.
5.3.8 Орындалған курстық (жұмыс) жобалардың материалдары екi жыл мерзімінде
кафедра меңгерушiсінің бақылауында, кафедра кабинеттерiнде сақталады. Кафедралардағы
жұмыстардың (жобалардың) мерзiмiнiң өтуiне сəйкес, акт бойынша сақталу тізімінен
алынады. Ол үшін арнайы акт толтырылады.
Кафедра меңгерушiсi жойылуы тиіс жұмыстарды (жобаларды) жүзеге асырады.
2.9 КƏСІПТІК ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ӨТКІЗУ ЖƏНЕ ПРАКТИКА
БАЗАЛАРЫ РЕТІНДЕ ҰЙЫМДАРДЫ АЙҚЫНДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 Жалпы ережелер
1.1 Осы Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университетінде кəсіптік практиканы
ұйымдастыру, өткізу жəне практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау ережелері(бұдан
əрі – Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан əрі – Заң) 5-бабының 46-11) тармақшасына,2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым
министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығымен бекітілген “Кəсіптік
практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын жəне практика базалары ретінде
ұйымдарды айқындау қағидаларына” сəйкес жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан əрі – стандарттар)
талаптарын іске асыру мақсатында əзірленген.
1.2 Ереже білім алушылардың бүкіл оқу мерзімі бойы теориялық оқытудың
нəтижелерін бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттер алуға, сондай-ақ
инновациялық технологияларды игеруге бағытталған кəсіптік практикаларын ұйымдастыру
жəне өткізу бойынша ұйымдастырушылық жəне оқу-əдістемелік қызметті реттейді.
1.3 Кəсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына
сəйкес оқу (таныстыру), өндірістік (технологиялық) жəне диплом алды түрлеріне
айқындалған.
1.4 Кəсіптік практиканың əр түрінің мақсаты, міндеттері мен бағдарламасы бар,
оларға байланысты кəсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.
1.5 АƏИУ білім алушының кəсіптік практикасының əртүрі бойынша университеттің
ішкі құжаттарын дербес əзірлейді.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 133-беті
133
2 Кəсіптік практиканы ұйымдастыру
2.1 Кəсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып
табылады.
2.2 Білім алушыны кəсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін,
практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып, АƏИУ ректорының бұйрығымен
ресімделеді.
Білім алушыға осы Қағидаға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша жолдама беріледі.
2.3 Кəсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен,
үлгілік жəне оқу жұмыс жоспарларымен жəне бағдарламалармен айқындалады.
2.4 Кəсіптік практиканың бағдарламасы практика базалары ретінде айқындалған
кəсіпорындарымен (мекемелерімен, ұйымдарымен) келісіледі жəне АƏИУ ректорымен
бекітіледі.
2.5 Кəсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша мамандықтың бейінін,
практика түрінің ерекшелігін, кəсіби стандарттардың жəне білім беру бағдарламасының
талаптарын, университет қызметінің, технологиялық процестің жəне практика нысанының
сипатын көрсетеді.
Кəсіптік практиканың бағдарламасы мерзімді жаңартылады жəне ғылым мен
техниканың заманауи жетістіктерін, практика базасында қолданылатын инновациялық
технологияларды қамтып көрсетеді.
Кəсіптік практиканың бағдарламасын жаңарту жəне қайта бекіту тетігін АƏИУ дербес
айқындайды.
2.6 АƏИУ сырттай, кешкі оқу нысандарында білім алушылар мамандық бойынша
жұмыс істейтін жағдайда оқудан жəне өндірістікпрактикадан босатылады.
Бұл жағдайда олар АƏИУ-ге жұмыс орнынан олардың кəсіптік қызметін көрсететін
анықтаманы жəне мінездемені ұсынады.
Сырттай, кешкі оқу нысандарында білім алушылар дипломалды практиканың
бағдарламасын орындайды.
2.7 АƏИУ білім алушылары кəсіптік практиканың əрбір түрінің қорытындылары
бойынша практика жетекшісі тексеретін есепті ұсынады.
2.8 АƏИУ білім алушылары кəсіптік практиканың əр түрінің қорытындылары
бойынша тиісті кафедраға практика жетекшісі мен кеңесшісі тексеретін жəне кафедра
меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалатын есепті ұсынады.
Есепті қорғау нəтижелері Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008
жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген “Жоғары оқу орындарында білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жəне қорытынды аттестаттау өткізудің
Үлгі ережесіне” сəйкес бағалардың балдық–рейтингтік əріпті жүйесі бойынша бағаланады.
3 Кəсіптік практика базасы ретінде ұйымды айқындау тəртібі
3.1 Білім алушылардың кəсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде жарғылық
қызметі мамандарды даярлаудың бейініне жəне білім беру бағдарламасының талаптарына
сəйкес келетін, кəсіптік практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары
жəне материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
3.2 Кəсіптік практиканың базасы ретінде айқындалған ұйыммен Заңның 5-
бабының 24) тармақшасына сəйкес білім алушылардың кəсіптік практикасын өткізуге
арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде құрастырылған кəсіптік практика түрі
көрсетілген оны өткізу туралы шарт жасалады.
3.3 АƏИУ-дің білім алушылардың кəсіптік практика базаларымен шарты практика
басталғанға бір айдан кешемес мерзімде жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |