Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 130-беті
130
3.6.2 Анықтамалар тiзiмі: «Жұмыста (жобада) келесi терминдер қолданылған ......»
деген сөз тіркестерімен басталады жəне тиiстi анықтамалар жазылады.
3.7 Белгiлеулер мен қысқартулар
3.7.1 Белгiлеулер мен қысқартулар қабылданған нормативтiк құжаттағыларға сəйкес
келуi керек.
3.7.2 Бұл құрылымдық элементте жұмыста (жобада) қолданылған белгiлеулер мен
қысқартуларды түсiну үшін тізім беріледі.
3.8 Кiрiспе
3.8.1 Кiрiспе жұмыстың (жобаның) тақырыпқа қатысты саланың жай-күйiн, технология
мен техниканың сипаттамасын жəне əзірлеудің өзектiлігін көрсетедi.
3.8.2 Кiрiспеде талаптар болмайды.
Кiрiспе жеке парақтан басталады.
3.9 Курстықжұмыстың (жобаның) мазмұны
3.9.1
Курстық
жұмыс
(жоба)
мазмұны
мəтiндiк
жəне
график
түрiндегі
құжаттардантұрады.
Курстықжұмыс (жоба) мазмұны оқу пəнiнiң маңызды сұрақтарын қамтуы қажет. Бұл
элемент курстық жұмыстың (жобаның) негiзгi (кəсiби) мазмұнын анықтайды. Ол (мамандық)
бағытына байланысты өзi түрлi сипатта болуы мүмкін.
3.9.2 Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны оқыған пəн бойынша бiлiмдi білім
алушының нақты практикада қолдана білуін көрсетуi керек.
3.9.3 Бұл бөлімде жобалап қойылған объект, агрегат, конструкцияны дəлелдеу, объекттiң
сипаттамасы, таңдау жəне өңдеу нұсқаларының дəйектемесi т.б. болуы мүмкін.
Зерттеудің əдiстеме мен нəтижелері, өңдеу кезеңдерімен толықтай сəйкестікте
түсiндiрмелері жəне есептеулерi сипатталады.
3.9.4 Курстық жұмыс (жоба) жоба жетекшi берген тапсырмаға сəйкес орындалады.
Тапсырмада жаңалық элементi көрсетiледi.
Курстық жоба (бөлiмдерін) кезеңдерiн орындау жəне оны қорғауға ұсыну тапсырмадағы
бекітілген мерзiмдерге сəйкес келуi керек.
Курстық жұмыс (жоба) жетекшiсi жұмысты тексерудi кезең бойынша немесе толық
тексеруі мүмкін.
3.9.5 Егер курстық жұмыс жетекшiсі білім алушыны қорғауға дайын емес деп санаса,
онда жұмысты (жобаны) қайта белгіленген мерзiмде орындап, бiтiруге қайтарылады.
3.10 Қосымшалар
3.10.1 Жұмыстың мазмұнын толықтыратын материалды қосымшаларда беруге рұқсат
етiледi. Ондай қосымшаларға графикалық материалдар, үлкен форматты кестелер,
алгоритмдердің, аппаратураның сипаттамасы, статистикалық мəлiметтер, стандарттар жəне
тағы басқалар (кестелер, схема, бағдарламалық құжаттар) болуы мүмкін.
3.10.2 Қосымша міндетті жəне ақпараттық болуы мүмкін. Міндетті қосымшаларда
міндетті орындау үшін талаптар беріледі. Ақпараттық қосымшада ақпараттық, ұсынылатын
немесе анықтамалық сипаттағы материалдар, орындауға міндетті емес, талаптарды
қамтымайтын материал беріледі.
Жобаның мəтiнiнде барлық қосымшаларға сiлтеме берілетiн болуы керек.
3.11 Библиографиялық мəлiметтер
Пайдаланылған ақпарат көздері тiзiмінде барлық ақпарат көздері жұмыс мазмұнында
пайдаланылған тəртіппен немесе əлiпби бойынша орналасқан болуы мүмкін.
4. Курстық жұмысты (жобаны) мазмұндауға қойылатын талаптар
4.1 Жұмысты жазу барысында төмендегі элементтерге қойылатын талаптарды сақтау
қажет:
- мəтiнге қойылатын талаптарға;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 131-беті
131
- мəтіннің тармақтарға бөлінуіне;
- тақырып аттарына;
- тiзiмдемелерге;
- кестелерге;
- график түрiндегі материалдарға;
- өрнектерге (формулаларға);
- сiлтемелерге;
- қысқартуларға;
- шартты белгiлеулерге, суреттер мен таңбалауларға;
- физикалық шама бiрлiктерге;
- санмен көрсетiлген мəндерге;
- сызбаларға қойылатын талаптарға.
5. Курстық жұмысты (жобаны) ұйымдастыру, жетекшілік жасау жəне қорғау
5.1 Курстық жұмысқа (жобаға) жетекшілік
5.1.1 Курстық жұмысқа (жобаға) жетекшiлер болуы мүмкін:
- тиiстi теориялық курс оқитын жетекші оқытушы;
- кафедраның оқытушылары;
- жұмыс (жоба) орындалатын пəн саласы бойынша университеттiң ғылыми-зерттеу
бөлiмдерiнiң ғылыми қызметкерлерi;
- жеткiлiктi тəжiрибесі бар кафедраның ғылыми қызметкерлері.
5.1.2 Курстық жұмыстың (жобаның) жетекшiсi:
- жаңалықты элементi бар тапсырманы жəне орындалу кезеңдерінiң кестесін бередi;
- жұмыс (жобалау) үдерісін ұйымдастырады;
- жұмысты орындау үшін қажеттi əдебиеттердi, нормативтiк жəне техникалық
құжаттаманы, анықтамалық жəне тағы басқа да материалдарды ұсынады;
- жұмысты (жобаны) орындау барысында білім алушыларға уақытында кеңес беріп,
көмек көрсетедi;
- жұмыстың (жобаның) орындалу барысы туралы кафедраға мəлiмет бередi.
5.2 Курстық жұмысты (жобаны) орындауды ұйымдастыру
Кафедра курстық жұмысты орындауға арналған əдістемелік нұсқауды дайындап, білім
алушыларды қамтамасыз етеді.
Рəсiмделуі бойынша əдiстемелiк нұсқау осы ереже талаптарына сəйкес болуы қажет.
Жұмыстың көлемі 20-25 бет болуы тиіс, бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады
(шрифт-қалыпты, кегль 14).
Ережеде қамтылмаған мəселелер кафедра ұсынысымен факультеттің ОƏК, ғылыми
кеңесінде шешімін табады.
5.3 Курстық жұмысты (жобаны) қорғау
5.3.1 Жұмысты (жобаны) қорғауы оның орындауын тексерудiң ерекше формасы болып
табылады. Қорғау білім алушыларды ұсынған шешімдерін жан-жақты дəлелдеуге жəне
орындалған жұмысты терең түсiнуiне баулуы қажет.
5.3.2 Курстық жұмысты (жобаны) қорғау көпшілік алдында жетекшiсінiң жəне
кафедраның бiр-екi қызметкерінің, білім алушылардың қатысуымен жүргізіледі.
Курстық жұмысты ғылыми жетекшісінің қатысуымен, кафедра меңгерушісінің өкімімен
бекітілген комиссия емтихан сессиясынан екі апта бұрын қабылдайды.
5.3.3 Курстық жұмысты қорғаудың мiндеттi талабы көрсетілмейдi. Курстық жұмысқа
баға білім алушының баяндауынан кейін, сұрақ-жауаптан соң, білім алушымен əңгіме
өткізудің жəне ұсынған оқу материалдарын, сызбаларын, жобаларын, модельдерін, т.б.
тексерудің қорытындысы бойынша қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |