Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 124-беті
124
31. Магистранттарды қорытынды аттестаттаудың нəтижесі туралы есепке МАК
төрағалары қол қояды, жоғары оқу орнының отырысында талқыланады жəне бекітіледі.
32. Жоғары оқу орны магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы
аяқталғаннан кейін магистранттарды қорытынды аттестаттауының нəтижесі туралы есепті
білім саласындағы уəкілетті органға ұсынады.
33. МАК төрағасының есебіне білім беру басшысы қол қойған дипломның нөмірі,
мамандығы, тегі, аты, əкесінің аты көрсетіліп жазылған магистратура бағдарламасын
аяқтаған бітірушілердің тізімі тіркеледі.
2.7 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру
жəне өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту.
1.1 СӨЖ білім алушы білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне
ықпал ететін оқу үдерісінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы білім
алушы оқу үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, нақты дəлелдермен
жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді.
1.1.1 СӨЖ аудиториядан тыс жеке немесе топ болып орындау арқылы білім алуға,
білімді меңгеруге жəне машықтануға бағытталған оқу жұмыстары. СӨЖ мөлшері оқу
жоспарында көрсетіледі.
1.2 Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мəселелерге назар аудару
қажет:
– тақырыптарға сəйкес СӨЖ тапсырмалары дəл жəне анық болуына;
– лекция жəне семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
– СӨЖ тапсырмаларының көлеміне жəне оны қабылдау формасына;
– СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін əдістемелік құралдардың болуына;
– СӨЖ орындауды жəне қабылдауды əр түрде өткізуге.
1.3 СӨЖ ұйымдастыру жəне қабылдау технологиясы мынадай кезеңдерден тұрады:
– СӨЖ жоспарлау,
– əдістемелік жағын қамтамасыз ету,
– СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау жəне одан ары дамыту.
1.4 СӨЖ екі бөліктен:оқытушы басшылығымен білім алушының орындайтын өзіндік
жұмысынан (ОСӨЖ) жəне білім алушының өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
1.5 ОСӨЖ бөлек кестемен ұйымдастырылады.
1.6 Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлеміт.б. мəліметтер
пəндердің жұмыс бағдарламасында, силлабуста жəне кафедраның оқу-əдістемелік
құжаттарында көрсетіледі. Əр пəн үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын
пəннің мақсаттары мен міндеттерін, пəннің қалыптастыратын құзыреттер мен оқыту
нəтижелерін, білім алушылардың даярлығын жəне СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру
қажет.
1.7 Оқытушылардың білім алушылармен өзіндік жұмысы негізгі үш функцияны
қамтиды:
1.7.1 Бірінші, нұсқамалық/бағыттаушы-бағдарлаушылық (мақсат қою, тапсырма беру,
материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу -
əдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру жəне т.б.). Осы берілген нұсқамалық
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 125-беті
125
кеңестер білім алушылардың алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті
болуы қажет.
1.7.2 Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек жəне жеке консультация
беру арқылы білім алушының өзіндік жұмысына түзету енгізу. Бұл – білім алушының өзіндік
жұмысында оқу əрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация
жүргізу жəне тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру үдерісінде бұл функцияны
тьюторлар атқарады.
1.7.3 Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Білім
алушының білімін, пəнді меңгеру деңгейін əр түрлі əдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау
жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау. Кейбір кездесетін негізгі қиындықтарды
анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде
«дұрыс» əрекеттерді, өзара əрекеттестікті, эталондық тəсілдерді көрсетуін қарастырады.
1.8 Білім алушылардың оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 функцияны қамтиды:
- біріншісі, білім алушылар оқу пəні бойынша сабақ барысында оқытушыдан
қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
- екіншісі, білім алушылар оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-
əдістемелік құралдарды, əдебиеттерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау жəне курстық
жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде білім алушылар жұмыс атқару əдістерін біле отырып,
өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
- үшіншісі, білім алушылар күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп,
бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу əрекеттерін
орындауы керек. Білім алушылар шешілмейтін мəселелерді, проблемалық жағдайларды
оқытушыға сұрақтар қояды, сұрақтардың жауаптарын өздеріде дайындайды;
- төртіншісі, білім алушылар оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін
келеді.
1.9 СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОСӨЖ-дің үлесі университет ережелерімен
анықталады.
1.10 Білім алушылардың өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс,
бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
1.11 Білім алушылардың өзіндік жұмысының нəтижелері коллоквиум, конференция,
іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
1.12 Білім алушының дəрісханалық өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды
орындауы арнайы журналға тіркеледі жəне ПОҚ тарапынан белгіленеді.
1.13 СӨЖ тапсырмалары:
- реферат,
- кейс,
- кроссворд,
- бақылау,
- есептеу жəне сызба жұмыстары түрінде орындалады немесе:
- тренинг,
- дискуссия,
- іскерлік, дидактикалық ойындар,
- презентация əзірлеу,
- кейс құрастыру,
- топ бойынша немесе жеке жобалар жасау түрінде ұйымдастырылады
Білім алушылар үшін өзіндік жұмыстардың тақырыптары төмендегідей де болуы
мүмкін:
- оқу мəтіндерімен жұмыс (конспектілеу, схема, кестелер құрастыру);
- ғылыми мақалаларға аннотация жəне пікір жазу;
- Интернет көздерімен жұмыс жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |