116
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы
типтік бағдарламасын көбейтуге және таратуға рұқсат етілмейді
МАЗМҰНЫ
1
ТҮСІНІКТЕМЕ
2
КУРСТЫҢ ДЕҢГЕЙЛІК МАЗМҰНЫ
3
1 МОДУЛЬ. БІЛІМ. МАМАНДЫҚ
4
2 МОДУЛЬ. ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ
5
3 МОДУЛЬ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
6
4 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ –
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ
МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МАҢЫЗДЫ
ФАКТОР
7
5 МОДУЛЬ. СПОРТТАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
8
6 МОДУЛЬ. КҮРЕС ТҮРЛЕРІ
9
7 МОДУЛЬ. ШАХМАТ – ҒЫЛЫМИ АҚЫЛ-ОЙ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ
ШЫҒАРМАСЫНЫҢ НЕГІЗІ
10
8 МОДУЛЬ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА- СПОРТ
ПАДИШАСЫ
11
9 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
12
АҒЫМДЫ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ,
ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
13
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ)
14
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
15
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
117
ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту
және оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз
мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби
мамандар даярлау болып табылады. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында
мемлекеттік тілді оқыту – тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және
жеке қарым-қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту мақсатын
көздейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңейіп, іс қағаздары,
бұйрықтар, баянат, өзге де құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуіне байланысты
атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың оң нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады.
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы студенттерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың
концептуалдық негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыда дамыту және осы даярлық
үдерісін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету; өзгетілді дәрісханада қазақ тілін оқыту
әдістемесіне байланысты оқытудың ұтымды әдістемелік жүйесін жасау бүгінгі таңда басты
мәселеге айналып отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
құрамды бөлімі, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының міндетті
құрылымы ретінде «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен дайындықты қамтамасыз ету үшін осы типтік
оқу бағдарламасы құрастырылды.
Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс
аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру
мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі
күннің талаптарына толық жауап беруді көздейді.
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Пәннің мақсаты мен міндеті.
2. Курстың құрылымы.
3. Курстың деңгейлік мазмұны.
4. Тіл үйренушілердің деңгейлігін анықтау критерийлері.
5. Студенттердің өзіндік ағымдық-аралық және қорытынды бақылау жұмыстары
бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
6. Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер.
ЖОО-ның қазақ тіл кафедралары мамандықтарына сай тіл үйренушілердің тілдік
дайындығын ескере отырып, ұсынылып отырған бағдарлама негізінде жұмыс-оқу
бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешені мен оқу құралдарын шығаруларына болады.
Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері
Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің
іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан,
кәсіби қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі
туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық
118
технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар
атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып
отыр.
Курстың мақсаты – студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып,
өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі
кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға
үйрету.
«Кәсіби қазақ тілінің» мақсаты мамандыққа кіріспе емес, қазақ тілін кәсіби деңгейде
жетік меңгеру талаптарын негізге алады. Бұл пәнді аяқтаған тіл үйренуші:
- мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына
қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;
- мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі;
- өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын,
терминологияны үнемі дамытып отыруы;
- мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге дағдылануы;
- кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;
- проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем
жеткізе білуі керек және т.б.
Курстың міндеттері:
- студенттерді өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға
үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио,
теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.
- күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін
араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;
- әртүрлі стилде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен
ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;
- өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге
дағдыландыру;
- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз
мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;
- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды
ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту;
- қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, нұсқауларды оқып,
түсіну қабілетін қалыптастыру;
- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
- белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге
керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;
- өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама
жазуға машықтандыру.
Пәннің пререквизиттері: ЖОО-дағы қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс-қағаздарын
жүргізу.
Постреквизиттері: мамандық пәндері, спортқа қатысты әдебиеттерді оқу.
Пәннің құзыреттіліктері:
- бизнес-жоспар мен парктикалық тапсырмаларды ағылшын тілінде әзірлеу;
- ғылыми еңбектерді жинау әрі талдай жасай білуі, кәсіби мамандығы бойынша отандық
және шетелдік тәжірибені іске асыруы және пайдаланған әдебиетті талдай білуі қажет;
- іске асырған жұмысы бойынша презентациялар мен ғылыми-техникалық есеп жаза
білуі және ғылыми еңбектерінің нәтижесі бойынша ғылыми конференцияларға мақала
немесе баяндама жаза білуі тиіс;
- бәсекеге түсе алатын идеяны мақсат етіп қойып, жобаны жүзеге асыра білуі тиіс.
Курстың құрылымы