308
бұлшық ет температурасының төмендеуін тудыратын ортаның суық
жағдайларында нəтижелер төмендейді.
Кейбір спорт түрлері (коньки жарыс, шаңғы, т.б.) жарыстары
мен жаттықтыру сабақтары көбіне, суық ауа райында өтеді. Деген-
мен, күшті аяз бен желді күнді қоспағанда суық жағдайлар кезінде
көбіне, спортшының жұмыс қабілеттілігі мен дене температура-
сын реттеуде ең алдымен, спортшы денесінде өте көп мөлшерде
метаболизмдік жылудың түзілуімен жүретін қарқынды бұлшық ет
əрекеті арқасында елеулі проблемалар туындамайды. Осы жылу
есебінен тіпті, суық жағдайлардың өзінде дененің айтарлықтай
қызуын жəне оның жоғары жұмыс температурасын ұстап тұру
мүмкін болады. Мəселен, егер еріксіз түрдегі суықтық діріл негізгі
алмасуды максималды 2-5 есе арттырса, онда күш сала орындала-
тын бұлшық ет əрекеті 20-30 есеге жоғарылатады. Суық жағдайда
жылудың атмосфераға берілуі конвекция жəне радиация есебінен,
ал тер бөліну кезінде тердің булануы есебінен жеңіл жүреді. Осы-
мен бірге қоршаған ортаның төмен температурасы (бірақ аяз емес)
жағдайында ыстық жағдайдағы жұмыс кезіне қарағанда жылу
шығару үшін жеңілдетілген жағдайлар төзімділікке жаттықтыру
кезінде жоғары жұмыс қабілеттілігі үшін алғышарттар жасайды.
Мысалы, 12°С жуық температура кезінде марафондық жүгіруден
кейін спортшының ректалды температурасы, тіпті, жүгіруге дейінгі
кезге қарағанда төмен (сəйкесінше, 37,3°С жəне 37°С) болады.
Белгілі бір проблемалар суықта болудың бастапқы кезінде не-
месе осы жағдайларда жоғары бұлшық ет белсенділігі мен тынығу
кезеңдерін кезектестіре қайталау жұмыстары орындалғанда ту-
ындайды. Бұл жағдайларда жылдам жылу жоғалту салдарынан
суықтанудың алдын алатын спорттық киімнің маңызы зор. Тек өте
суық жағдайларда ғана жоғалған жылу мөлшері гипотермия күйінің
дамуымен бұлшық ет əрекеті кезінде өндірілген жылудан асып кетуі
мүмкін.
Суыққа акклиматизация. Суыққа организмнің реакция-
сы дененің перифериялық аймақтарына жылудың берілуін азайта
отырып, ішкі температураны сақтауға көмектесетін тамырлардың
генерализацияланған тарылуынан тұратыны белгілі.
Суық жағдайда ұзақ өмір сүру адамның суыққа қарсы тұру, яғни
ортаның төмен температурасы кезінде дененің ішкі қажетті темпе-
ратурасын ұстап тұру (суықтық акклиматизация) қабілеттілігін біраз
309
дəрежеде жоғарылатады. Суықтық акклиматизация негізінде: жылу-
ды жоғалтудың төмендеуі жəне негізгі алмасудың күшеюі сияқты екі
негізгі механизм жатыр.
Суыққа акклиматизацияланған адамдарда тері вазоконстрикция-
сы азаяды, сондықтан акклиматизацияланбаған адамдарға қарағанда
олардың аяқ-қол температуралары неғұрлым жоғары болады. Бұл ме-
ханизм қорғаныс қызметін атқарады: төмен температура жағдайында
дененің шеткі бөлімдерінің суықтық зақымдалуының (үсуінің) ал-
дын алады жəне аяқ-қолдармен үйлестірілген (координацияланған)
қозғалыстарды жүзеге асыра алады. Суық суға аяқ-қолын жүйелі са-
латын адамдарда (жергілікті суықтық акклиматизация) осындай экс-
позиция кезінде жергілікті қан айналу еш айтарлықтай төмендемейді.
Бұл құбылысты қорғаныс бейімделуі ретінде қарастырған жөн.
Акклиматизацияланған адамдардың осылайша аяқ-қолдары аз
тоңады.
Суықтық акклиматизация үдерісінде дененің жылу өндіруі өседі:
негізгі алмасу артады, бұлшық ет тонусы жоғарылайды, суықтық
діріл күшейеді, эндокриндік жəне жасуша ішілік метаболизмдік
қайта құрулар жүреді. Осымен қатар көптеген зерттеушілер əсіресе,
суық жағдайларда бұлшық ет əрекетіне қатысты суыққа адамның ак-
климатизациясын байқамаған.
Алайда, жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда
суық жағдайларға жақсы төтеп бер алады. Дене жаттығулары
суыққа акклиматизацияланумен кейбір қатынаста ұқсас əсерлерді
тудырады: жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда
суықтық экспозицияға жылу өндірудің көп күшеюімен жəне тері
температурасының аз төмендеуімен жауап береді.
Орта биіктік жəне климаттық белдеулердің ауысуы
жағдайларында спорттық жұмысқа қабілеттілік
Атмосфералық ауаның барометрлік қысымды анықтайтын
айтарлықтай салмағы болады. Ол өзінің салмағымен сығылады,
сондықтан оның қысымы мен тығыздығы жер бетінде (теңіз
деңгейінде) көбірек жəне биіктеген сайын азаяды. Биіктікке бай-
ланысты барометрлік қысымның төмендеуі гипобаралық күйді ту-
дырады. Биіктікке шығу барысында барометрлік қысымның азаю-
310
ына пропорциялы түрде атмосфералық ауаны құрайтын газдардың
парциалдық қысымы төмендейді. Адам үшін оттегінің парциалдық
қысымының төмендеуінің жəне осымен байланысты дем алған
ауа көлеміндегі оның молекулалары санының төмендеуінің, яғни
гипоксиялық күйдің басты маңызы бар. Биіктікте адам өспелі
гипобаралық гипоксия күйіне түседі. Мұндай жағдай герметикалық
барокамерада ондағы қысымды төмендету жолымен жасалуы
мүмкін. Кейде оларды қоспалардың қалыпты жалпы барометрлік
қысым кезінде О
2
мөлшері төмендетілген газ қоспаларымен тыныс
алдыру жолы арқылы модельдейді.
Биіктіктің артуымен атмосфералық ауадағы оттегі тапшылығы
альвеолалық ауада оттегі парциалдық қысымының төмендеуін,
артерия қанындағы оның мөлшерінің азаюын жəне соның салда-
ры ретінде ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарла-
уын тудырады. Сондықтан тауда болу организмнің оттегімен ба-
рабар қамтамасыз етілуін ұстап тұру үшін арнайы физиологиялық
бейімделуді қажет етеді.
Биіктікте атмосфера тығыздығының төмендеуінің басқа əсері
қозғалатын денеге ауаның сыртқы кедергісінің азаюы болып та-
былады. Сондықтан бірдей жылдамдықпен орын ауыстыру кезінде
сыртқы жұмыс жазыққа қарағанда биіктікте азырақ болады. Əсіресе,
бұл жоғары жылдамдықпен орын ауыстыру арқылы орындала-
тын спорттық жаттығуларда көрінеді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде
(спринтер), конькимен шапшаң жүгіруде, қысқа арақашықтағы ве-
лосипед спортында жазыққа қарағанда биіктікте неғұрлым жоғары
нəтижелерге қол жеткізу мүмкін болады.
Ауа температурасы биіктік артқан сайын төмен болады. Егер
теңіз деңгейінде орташа температура 15°С-қа тең болса, ол биіктік
əр 1000 м артқан сайын 6,5°С-қа тіпті,11000 м жуық биіктікке дейін
көтерілу барысында төмендеуі мүмкін.
Биіктікте сонымен қатар ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
да төмендейді. Тауда ауа неғұрлым құрғақ болғандықтан, бұл
жағдайларда теңіз деңгейіне қарағанда дем шығарған ауамен судың
жоғалуы көбірек болады. Егер жоғары биіктікте ұзақ жұмыс орын-
далатын болса, онда судың көп жоғалуы дегидратацияға жəне ауыз
қуысының кеберсінуі сезіміне əкелуі мүмкін.
Тауда күн жəне ультракүлгін радиациялары əсері жазыққа
қарағанда неғұрлым қарқындылау болғандықтан қосымша
қиындықтар, яғни күюді, қардан көздің қарығуын тудыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |