317
Биіктік акклиматизациясы (Биіктікке бейімделу)
«Биіктік акклиматизациясы» термині биіктікте ұзақ уақыт
үзіліссіз көбірек немесе азырақ болу үдерісінде туындайтын ар-
найы физиологиялық бейімделудің жиынтығымен түсіндіріледі. Бұл
бейімделу адам организміне тыныстайтын ауадағы оттегінің төмен
қысымы ықпалын төмендетеді жəне осы арнайы жағдайларда оның
жұмыс қабілеттілігін жоғарылатады.
Биіктік жағдайларына табиғи бейімделудің негізгі механизмде-
рін екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі, дене ұлпаларына
оттегі тасымалдануының күшеюін қамтамасыз етеді, екіншісі,
ұлпалық деңгейде əсер ете отырып, энергияның аэробтық түзілуі
үшін жасушалардың оттегіні тиімді пайдалануының күшеюіне
бағытталады.
Неғұрлым биіктікте болу кезеңі ұзағырақ болса, соғұрлым оған
бейімделу жетіле түседі жəне соғұрлым сол биіктікте жұмысқа
қабілеттілік жоғары болады. Биіктік акклиматизациясы үшін қажетті
уақыттың минималды кезеңі ең алдымен, оның биіктігіне байланыс-
ты болады: 2000-2500 м биіктікте шамамен, 7-10 күн, 3600 м биіктікте
15-21 күн, 4500 м биіктікте 21-25 күн. Бұл тек болжамды мерзімдер,
өйткені көпшілігі адамның жеке бас ерекшеліктеріне байланысты
болады. Сонымен бірге, тауларда болудың кез келген ұзақтығы
кезінде теңіз деңгейіндегі сол адамға тəн жұмысқа қабілеттілік
деңгейіне жетпейді. Биіктікте болған жазық тұрғындарында
таудың тұрғылықты тұрғындарына тəн оттегіні тасымалдаудағы
жəне утилдеудегі үнемдеу деңгейіндей болмайды. Кейбір адамдар
биіктікке мүлдем акклиматизацияланбайды жəне биіктік ауруынан
зардап шегеді. Кейде бұл тіпті, тауда дүниеге келген адамдарда да
байқалады.
Биіктікте болу ұзақтығы бойынша акклиматизацияның төрт
деңгейін ажыратады:
1. Жедел – 30 мин. дейін;
2. Қысқа мерзімдік – бірнеше апта;
3. Ұзақ – бірнеше ай;
4. Тұрақты – биіктікте үнемі мекендеу.
Гипобаралық гипоксия жағдайына бейімделудің негізгі
механизмдеріне:
– өкпе вентиляциясының артуы жəне қан мен басқа ұлпалардың
қышқыл-сілтілік тепе-теңдігіндегі өзгерістер;
318
– өкпенің диффузиялық қабілетінің күшеюі;
– қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің жоғары-
лауы;
– ұлпалық деңгейдегі өзгерістер жатады.
Өкпе вентиляциясының артуы. Адаптациялық гипервенти-
ляция биіктікте болған алғашқы бірнеше сағаттарда-ақ байқалады.
Бірнеше күн барысында сол жүктемені орындау кезінде өкпе
вентиляциясының əрі қарай артуы жүреді. Осы биіктікте бір аптадан
соң ӨВ жоғарылаған деңгейі тұрақтанады. Гипобаралық гипоксия
жағдайына ұзақ мерзімдік акклиматизация тыныс алу реттелуінің
хеморецепторлық механизмі сезімталдығын азайтады: тыныс
алу орталығына рефлекстік ықпалы жəне оның гипоксиялық пен
гипокапниялық стимулдарға реакциясы əлсірейді.
Жазық жағдайға оралғанда ӨВ кəдімгі деңгейге жетуі үшін
бірнеше апта қажет болады.
Өкпенің диффузиялық қабілеттілігінің жоғарылауы. Өкпе-
нің диффузиялық қабілеттілігі биіктік акклиматизациясы үдерісінде
баяу өзгереді. Тіпті, 5800 м биіктікте 6 ай болғаннан кейін өкпенің
диффузиялық қабілетінде елеулі өзгерістер байқалмайды. Сонымен
бірге ол жоғары биіктіктің тұрғылықты тұрғындары мен ұзақ өмір
сүрушілерінде жазық жердің тұрғындарына қарағанда жоғары бола-
ды.
Биіктікте ұзақ өмір сүретін адамдарда газдар диффузиясы үшін
өкпенің жалпы беткейі біршама артады, ол ең алдымен, өкпе капил-
лярлары көлемі мен альвеола ауданының олардың үнемі созылуы
– дилятациясы арқасында артуы есебінен жүреді. Бұл альвеолалық-
капиллярлық мембрананың жұқаруына əкеледі. Нəтижесінде ол
арқылы О
2
молекулаларының диффузиясына қолайлы жағдай туады.
Кеңейген өкпе капиллярлары арқылы қан айналысының баяулауы да
О
2
диффузиясы үшін жағдайды жақсартады.
Биік таулы аймақтың тұрғылықты тұрғындарында жазық жердің
тұрғындарымен салыстырғанда барлық өкпе сыйымдылықтары
(жалпы, тіршілік, функциялық қалдық) көрсеткіштері мен өкпенің
қалдық көлемі ұлғайған.
Қан жүйесіндегі өзгерістер. Қан жүйесіндегі негізгі адапта-
циялық өзгерістер оның оттегі тасымалдау мүмкіндіктерінің
жоғарылауына бағытталған.
Биіктікке акклиматизация қан жəне басқа ұлпалардағы төмен
319
О
2
мен СО
2
парциалдық кернеуіне бейімделу болып табылады.
Биіктік гипервентиляциясы альвеолалық ауадағы жəне сəйкесінше,
артериялық қандағы О
2
парциалдық қысымының түсуіне кедергі
келтіреді. Бірақ биіктікте болған сəтте байқалған артериялық
қандағы О
2
парциалдық кернеуінің төмендеу дəрежесі бірнеше
апта бойы акклиматизация барысында тұрақты болып қалады.
Биіктікте қысқа мерзімдік болу кезінде ӨВ өсуімен бірге артериялық
қандағы СО
2
парциалдық кернеуінің төмендеуі жалғаса береді. Де-
генмен, биіктікке ұзақ мерзімдік акклиматизация нəтижесінде ол
жоғарылайды. Ол тыныштық күйдегі сияқты əсіресе, бұлшық ет
жұмысы кезінде айқындалады.
Қан мен дененің басқа сұйықтықтарындағы қышқылдық-
сілтілік тепе-теңдік биіктікте бірнеше күн болу барысында қаннан
бүйректер арқылы (бикарбонаттардың) сілтілердің күшті экскре-
циясы мен олардың зəрмен кетірілуі арқасында біртіндеп қалпына
келеді. Қаннан бикарбонаттардың күшті экскрециясы оның рН
қалыпты (7,40 жуық) мөлшерге дейін қалпына келгенде тоқтайды.
Алкалоздың төмендеуі өкпе вентиляциясының əрі қарай күшеюіне
əкеледі.
Жоғары биіктікке акклиматизацияланған адамдар қанында
буферлік негіздер (сілтілік резерв) мөлшерінің азаюының теріс əсері
бар: метаболизмдік қышқылдардың (ең алдымен, сүт қышқылының)
түзілуімен жəне олардың қанға бөлінуімен байланысты бұлшық
ет жұмысы кезінде туындайтын ацидозға қарсы тұру қабілеті
төмендейді. Бұл жұмыс қабілеттіліктің төмендеуі себептерінің бірі
болуы мүмкін.
Артериялық қандағы лактат концентрациясы стандартты
субмаксималды аэробтық жүктемені орындау кезінде биіктікке ак-
климатизация барысында төмендейді. Əрі сол адамға тəн қандағы
лактаттың максималды концентрациясы да ұзақ мерзімдік биіктікке
акклиматизация үдерісінде біршама азаяды.
Қан плазмасының көлемі биіктікте алғашқы бірнеше күндер
болу барысында жазықтағы көлеммен салыстырғанда төмен болады.
Сондықтан гематокрит көрсеткіші артқан жəне қандағы эритроцит-
тер мен гемоглобин концентрациясы жоғарылаған. Мұнда неғұрлым
биіктік жоғары болса, соғұрлым плазма жоғалту күштірек (гемокон-
центрация дəрежесі жоғары) болады.
Плазма көлемінің бас кезінде төмендеуі гипервентиляция мен тер
Достарыңызбен бөлісу: |