299
14-кестенің жалғасы
Қан жəне қан
айналу
Жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі.
Систолалық көлемнің артуы.
Тері қан айналымының күшеюі.
Қан айналымдағы қан көлемінің артуы.
Жұмыс гемоконцентрация дəрежесінің төмендеуі.
Неғұрлым қанды жылдам қайта таратылуы (тері
тамырлары жүйесіне).
Қан айналымның дене беткейіне тақауы жəне дене
беткейімен оның неғұрлым тиімді таратылуы.
Жұмыс кезінде жатыр жəне бүйректік қан айналысы
азаюы.
Зат алмасу
(метаболизм)
Негізгі алмасудың төмендеуі.
Стандартты (жеңіл) жұмыстың оттектің
құндылығының төмендеуі.
Жылу реттелу
Тыныштық күйде жəне бұлшық ет жұмысы кезінде
дене ядросы мен қабығының температурасының
төмендеуі.
Дененің жоғары температурасына организмнің
тұрақтылығының өсуі.
Тыныс алу
Ентігудің азаюы (жиі жəне беткі тыныс алу).
Сайып келгенде, спортшыларда тұрақты төзімділікке қарқынды
жаттықтыру
нəтижесінде
тіпті,
бейтарап
температуралық
жағдайларда да жылуға бейімделуге тəн белгілі физиологиялық
механизмдер жетілдіріледі. Сондықтан төзімділікке жақсы
жаттыққан спортшылар жаттықпағандарға қарағанда, көбіне, ыстық
жағдайларда жұмыстарды орындауға жақсы бейімделеді жəне ыстық
жағдайларда аз қуаттылықты жұмыстарды орындау барысында
неғұрлым тез акклиматизацияланады. Сонымен бірге тіпті, жоғары
спорттық жаттықтырылу дəрежесі жəне сыртқы ортаның бейтарап
жағдайындағы кез келген сипаттағы жаттықтыру, егер спортшы
жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында жарысқа
түсетін болса, оған қажетті арнайы жылуға бейімделуді толығымен
алмастыра алмайды.
Бейтарап (немесе суық) жағдайларда жаттыққанда туындаған
жылуға адаптациялық бейімделу ыстық жағдайларда қарқынды
жұмыстарды тиімді орындау үшін жеткіліксіз болып табыла-
ды. Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
өткізілетін жарысқа дайындалу кезінде спортшыны сондай
300
жағдайларда жарысқа дейін 7-12 күн бойы жаттықтыруды бастау
қажет.
Егер мұндай жағдайларда жаттықтыру мүмкіндігі болма-
са, жылудың берілуіне кедергі жасайтын жəне тердің булануын
шектейтін костюмдер («терлеме»-«потник») қолдану керек. «Тер-
лемеде» жаттықтыру ортаның ыстық жағдайында жаттықтыруға
қарағанда аз болса да, жоғары жылуға тұрақтылық əсерін тудырады.
Су қабылдау режимі
Ыстық жағдайда күш сала орындалатын жұмыс кезінде жоғары
жылдамдықпен тер бөлінудің организмнің айтарлықтай дəрежеде
суды, сонымен қатар тұздарды жоғалтуына əкелетіні айтылып
өткен болатын. Нəтижесінде жұмысқа қабілеттілік жəне жылуға
тұрақтылық (ыстыққа үйрену қабілеті) төмендейді.
Суды жоғалту жəне оның жарыс кезінде толтырылуы.
Жаттықтырушылар мен спортшылар арасындағы судың əлсірету
əсері жөнінде, «артық» сұйықтықтың жүрекке «қосымша» күш
түсіру туралы көзқарастары бойынша судың термен жоғалуын азайту
үшін суды аз ішу қажет деп санайды. Сонымен бірге физиологиялық
зерттеулер əсіресе, ыстық жағдайда күш түсіре орындалған жұмыс
нəтижесінде жоғалған су мөлшерін неғұрлым тезірек жəне тиісінше,
сол мөлшерде толтыру қажеттігін дəлелдейді.
Егер спортшылар судың жоғалуын толтыру үшін арақашықтықта
сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішпесе, оларда (сондай немесе
басқа дəрежеде) дегидратация дамиды. Тердің бөлінуімен суды пай-
далану бірдей (су балансы) болған кезде суды аз пайдаланған жəне
əсіресе, суды қабылдамаған жағдайларға қарағанда сондай жұмыс
уақытында дене температурасы төмен болады. Сонымен ыстық
жағдайда жүргізілген жарыс кезінде сұйықтық қабылдау дененің
қызып кету қаупін азайтады.
Ыстық жағдайда велоэргометрде орындалған жұмыс үдерісінде
суды бөліп-бөліп ішу қан плазмасының жоғалуын кідіртеді жəне
осылайша қан айналымдағы қанның қалыпты көлемін ұстап тұрады.
Нəтижесінде судың жоғалуын толтырусыз орындайтын жұмыс
кезіндегі сияқты деңгейге дейін систолалық көлемнің төмендеуіне
жəне ЖЖЖ жоғарылауына жол берілмейді. Жұмыс кезінде сұйықтық
301
қабылдау оның шекті ұзақтығының (жұмыс қабілеттілігінің) арту-
ына əкеледі. Көмірсулар ерітіндісі түріндегі сұйықтық тек судың
жоғалуын толтырып қана қоймай жəне ұзақ уақыттық жүктемелер
кезінде жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін өте маңызды
қандағы глюкозаның қалыпты мөлшерін ұстап тұрады.
Бұлшық ет жұмысы кезінде жоғалған су мөлшерін толтыру үшін
пайдаланатын «алмастырғыш» сұйықтықтар құрамы бірнеше та-
лаптармен анықталады. Ішілген сұйықтық асқазаннан қанға дерлік
сіңірілмейді. Судың абсорбциясы ішектерде жүреді. Сəйкесінше, ең
басты судың жоғалуын толтыру жылдамдығын асқазаннан ішекке
сұйықтықтың эвакуациялану шапшаңдығы анықтайды. Асқазанның
босау шапшаңдығына ондағы сұйықтықтардың көлемі, температу-
расы мен осмолярлығы ықпал етеді. Бұлшық ет жұмысы өздігінен
өзі асқазан босауының шапшаңдығына аз ықпал етеді.
Едəуір сұйықтық көлемдері (500-600 мл) аз мөлшердегі
сұйықтыққа қарағанда асқазаннан тезірек өтеді. Бірақ арақашықтық-
та сұйықтықтың көп мөлшерін бір ретте қабылдау асқазанды тол-
тырып жағымсыз сезім мен ауыр тыныс алдыруды тудырады.
Сондықтан сұйықтықты аз мөлшерде жиі қабылдаған дұрыс. Мы-
салы, аралық қабылдау интервалы 10-15 мин-та 150-250 мл-ден су
ішіп отыру қажет.
Суық сұйықтық жылы сұйықтыққа қарағанда асқазаннан
тезірек эвакуацияланады. Суық су (8-13°С) асқазан температурасын
7-18°С-қа түсіре отырып, ішекке сұйықтықтың өтуін жылдамдата
асқазан қабырғасы бірыңғай салалы бұлшық еттерінің белсенділігін
күшейтеді. Бұдан басқа асқазанда суық судың аз дəрежеде болса да
жылытылуы (жылу осы судың жылытылуына жұмсалғандықтан)
дененің жылу жоғалтуын күшейтеді. Сондықтан ыстық жағдайларда
жүргізілген жарыстар кезінде салқындатылған су ішу жылы суға
қарағанда, барынша мақсатқа лайықты болады. Асқазан моторика-
сы мен оның босау жылдамдығы біраз шамада ондағы заттардың
осмолярлығымен анықталады. Су асқазаннан жеңіл кетеді.
Асқазаннан одан да тезірек ас тұзының изотониялық ерітіндісі (NаСl
0,85% ерітіндісі) кетеді. Ерітіндідегі глюкозаның аз (5%-ға дейін)
мөлшерінің өзі асқазанның босауының айтарлықтай баяулауын ту-
дырады. Ішетін сұйықтыққа тұздарды (электролиттерді) қосу оның
осмолярлығын жоғарылатады. Осмолярлығы 200 мОсм/л-ге жуық
гипотониялық сұйықтық оптималды болып табылады. Мұндай
Достарыңызбен бөлісу: |