305
юы дене ядросы температурасының төмендеуінің алдын алады,
бірақ тері температурасының біртіндеп төмендеуіне əкеледі. Тері
температурасының түсуі өз кезегінде денеден жылу шығарылудың
төмендеуіне əкелетін қоршаған орта мен дене беткейі арасындағы
температура айырмасының азаюына əкеледі.
Неғұрлым айтарлықтай тері вазоконстрикциясы əсіресе, аяқ
бақайлары мен қол саусақтарында жүреді. Мəселен, қол саусақтары
арқылы қан айналысы 100 жəне одан көп есе (120-дан 0,2 мл/
мин/100 г ұлпаға дейін) баяулауы ықтимал. Сондықтан аяқ-қолдың
дисталды бөлімдерінің ұлпа температурасы қоршаған орта темпе-
ратурасына дейін төмендеуі мүмкін. Мұнымен ең алдымен, аяқ,
қол саусақтарының, сонымен қатар сыртқы құлақ қалқандарының
неғұрлым суыққа əлсіз келетін үсуге шалдыққыш дене бөлімдері
болып табылатыны түсіндіріледі. Бастың қан тамырлары суықта
тарылуға айтарлықтай аз ұшырайды. Сондықтан жылудың көп
мөлшері (тыныштық күйде жалпы жылу өндірудің 25%-ына дейін)
жалаң бастан қоршаған ортаға беріледі.
Тері вазоконстрикциясынан басқа денедегі жылудың ішкі
өткізгіштігінің азаюында жəне сəйкесінше жылуды сақтауда суық
жағдайларда қанның беткі веналармен емес негізінен терең веналар
арқылы ағу жағдайы маңызды рөл атқарады. Терең веналар артерия-
лармен қатар жатқандықтан олардың арасында жылу алмасу жүреді:
дене ядросына қайтып келген веналық қан артериялық қан есебінен
қыздырылады. Осылайша дене ядросы суықтануының алды алына-
ды. Керісінше, жүректен ағатын артериялық қан аяқ-қол артерия-
ларына келіп біртіндеп суынады жəне дисталды тері учаскелеріне
жеткенде оның температурасы неғұрлым төмен болады. Мысалы,
сыртқы температура 9°С кезінде қоршаған ортаға жылу жоғалтуын
азайтатын қол басы тамырларындағы қан температурасы 21°С-қа
дейін төмендеуі мүмкін.
Суық жағдайға бейімделудің басқа маңызды механизмдері
суықтық дірілдеудің туындауы, яғни бұлшық еттердің еріксіз жиыры-
луы есебінен жылу өндірудің күшеюі болып табылады. Тыныштық
күйде жалаңаш адамда сыртқы температураны комфорттық
(қолайлы) деңгейден (29°С) 22°С-қа дейін төмендету кезінде мета-
болизм үдерісінің жылдамдауы жүрмейді, ал дене жылуы тері ва-
зоконстрикциясы күшеюі есебінен консервацияланады. Сыртқы
температура 22°С-тан төмен болғанда суықтық діріл есебінен мета-
болизм күшейеді.
306
Суықтық діріл туындау кезінде оған бұлшық ет топтары біртін-
деп тартылып отырылады. Ол мойын, іш, кеуде бұлшық еттерінен
басталып, аяқ-қол бұлшық еттерімен аяқталады. Əртүрлі адамдар-
да суықтық дірілдеудің сипаты жəне дəрежесі бірдей емес. Суықтық
діріл дене ядросы мен беткейі температурасының өзгерістерімен бай-
ланысынан тыс біресе, пайда болады, біресе, жоғалып отырады. Тек
өте төмен температура кезінде ғана жалаңаш адамда діріл үздіксіз
созылады. Неғұрлым суықтық діріл қарқынды болса, соғұрлым
бұлшық еттік жылу өндіру жоғары болады. Сыртқы температураның
төмендеуінен, сонымен қатар ауа қозғалысы (жел) жылдамдығына
пропорциялы жылу жоғалтудан денені қорғауда суықтық дірілдің
үлесі жоғарылайды.
Егде жастағы жəне кəрі адамдарда жастарға қарағанда
суықтық діріл əлсіз көрінеді, суық жағдайларда жылу өндіру аз
жоғарылайды жəне дене температурасы көп төмендейді. Жалпы
егде жастағы адамдардың локалды (жергілікті) суықтық əсерлерге
сезімталдықтары төмен болады немесе оны мүлдем сезінбейді.
Жылу өндіру суықтық дірілмен байланыссыз (метаболизмдік
емес термогенез) метаболизмдік үдерістердің күшеюі есебінен де
жоғарылауы мүмкін.
Суық жағдайда тыныштық күйде оттегі пайдалану жоғарылай-
ды. Бұл жоғарылау шамасы қоршаған орта температурасына, салы-
стырмалы май мөлшеріне (тері асты май қабатының қалыңдығына),
киім сипатына жəне сонымен қатар суықта болу мерзімінің
ұзақтығымен байланысты. Оттегі пайдалану жылдамдығы (АВА-О
2
жүйесінің айтарлықтай өзгеріссіз) жүректің минуттық қан көлемінің
артуымен параллельді жоғарылайды. Мəселен, 5ºС ауа температура-
сы кезінде жалаңаш адамның оттегі пайдалану жылдамдығы жəне
жүректің минуттық қан көлемі екі есеге артады. Бірақ суықтық
экспозиция кезінде ЖЖЖ өзгеріссіз қалады, сəйкесінше, жүректің
минуттық қан көлемі систолалық көлемнің артуы есебінен ғана
жоғарылайды.
Суық жағдайларда дене жұмыс қабілеттілігі. Суық жағдайлар-
да бұлшық ет жұмысы кезінде дененің жылу оқшаулауы айтарлықтай
төмендейді жəне жылу жоғалту (конвекциямен) күшейеді. Бұл
тыныштық күйге қарағанда жылу балансын сақтау үшін көп жылу
түзілу қажет екенін білдіреді. Сыртқы температураның төмендеу
мөлшері бойынша, яғни дене мен қоршаған орта арасындағы
температуралық градиенттің артуы барысында бұлшық ет жұмысы
307
кезінде жылу өндіру арту керек. Егер қосымша жылу түзілуді
қамтамасыз ететін бұлшық ет əрекеті жеткіліксіз дəрежеде қарқынды
болса, дене температурасы қалыптағы мөлшерден төмен түседі (ги-
потермия).
Аз қуаттылықты жүктеме кезінде (оттегі пайдалану 1,2-1,4 л/
мин-қа дейін) оттегі пайдалану жылдамдығы төменгі ауа темпера-
турасы жағдайында комфортты температуралық жағдайға қарағанда
жоғары болады. Неғұрлым жоғары жүктеме кезінде (оттегі пайда-
лану 1,4 л/мин-тан жоғары) оттегі пайдалану жылдамдығы сыртқы
температураға тəуелді болмайды. Суық жағдайда бірдей оттегі пай-
далану жылдамдығы кезіндегі жұмыс термобейтарап жағдайдағы
осындай жұмыспен салыстырғанда ЖЖЖ біраз төмендеуін жəне
систолалық көлемнің жоғарылауын тудырады.
Суық жағдайда салыстырмалы аз қуаттылықты жұмыс кезінде
жоғары энергиялық шығындар (оттегі пайдалану жылдамдығы
неғұрлым жоғары) суықтық дірілмен байланысты. Ол жүктеменің
айтарлықтай дəрежеге дейін артуымен жоғалады. Жеңіл жүктемелер
кезінде ректалды температура төмендейді, ал ауыр жүктемелерде
комфортты жағдайлардағы сияқты деңгейде қалады. Сонымен кейбір
қуаттылықты дене жүктемесінен (оттегі пайдалану жылдамдығы
2 л/мин-қа жуық) бастап жылу жоғалтуға сəйкес жылу өндірудің
критикалық деңгейіне жеткенде суықтық діріл жоғалады жəне
дененің жұмыс температурасының реттелуі тұрақталады.
Қалыпты немесе (бұлшық ет əрекеті нəтижесінде) жоғары дене
температурасы кезінде суық жағдайларда ОМП жəне максималды
ЖЖЖ өзгеріссіз қалады. Бірақ өкпе вентиляциясы біршама күшейеді,
ал ОМП деңгейінде жүгірудің шекті уақыты төмендейді. Гипотермия
ОМП төмендеуіне əкеледі: дене ядросы температурасы 37,5°С-тан
төмен кезде дене температурасының əр градусы бойынша түсе оты-
рып, ол 5-6%-ға азаяды. ОМП мұндай төмендеуінің негізінде мак-
сималды ЖЖЖ түсуінен жүректің минуттық қан көлемінің азаюы
жатыр. Гипотермия жағдайында адамның төзімділігі төмендейді:
жүктеме ауырлығын субъективті бағалау дене температурасы-
на тəуелді болмаса да тұрақты аэробтық қуаттылықты жұмысты
орындаудың шекті уақыты азаяды.
Максималды динамикалық күш белгілі шамада бұлшық ет тем-
пературасымен тура байланысты. Сондықтан көп динамикалық
күштің көрінуімен орындалатын жаттығуларда (спринт, секіру)
Достарыңызбен бөлісу: |