311
Тартылыс күші биіктік артқан сайын азаяды. Сондықтан орта
биіктік жағдайында секіру, лақтыру сияқты спорттық жаттығуларды
орындау барысында жоғары жетістіктерге жету қолайлы келеді.
Альпинизмнен
(шыңға
өрмелеуден)
басқа
спорттың
барлық түрлерінде жаттықтыру мен жарыстар 2500-3000 м-ге
дейінгі биіктікте өтеді. Осыған орай спорттық практика үшін
1500-3000 м-ге дейінгі орта таулы аймақ биіктігінің организмге
физиологиялық ықпалының қаншалықты екенін білу өте маңызды.
Төменгі атмосфералық қысымның жедел
физиологиялық əсері
Биіктікке шыққан бетте-ақ немесе барокамерада «көтерілуге»
жауап ретінде гипобаралық гипоксия жағдайы тудырған организмде
бірқатар физиологиялық өзгерістер туындайды.
Тыныс алу қызметі. Биіктікте тыныштық күйде немесе субмак-
сималды жүктемені орындау кезінде организмнің оттегіге қажеттілігі
жазықтағы сияқты болып қалады. Сондықтан организмді оттегімен
барабар қамтамасыз ету үшін биіктікте ауа көлемі бірлігіндегі оттегі
молекулалары санының азаюы өкпе вентиляциясы ұлғаюымен
сəйкесінше өтелуі керек. Бұл – биіктіктің гипоксиялық жағдайына
организмнің жылдам бейімделуінің негізгі функциялық механизмі.
Тыныштық күйде 3000-3500 м-ге дейінгі биіктікте өкпе вентиля-
циясы басында аса айтарлықтай күшеймейді. Сондықтан сол сəтте-ақ
көбіне əсіресе, альвеолалық ауадағы оттегі парциалдық қысымының
көп төмендеуі байқалады. Биіктікте бұлшық ет жұмысын орындау
кезінде өкпе вентиляциясы жазыққа қарағанда ең əуеліден елеулі
көп болады. Сол бір адамның өзінде бірдей абсолютті (О
2
пайдала-
нуы бірдей) жүктеме кезінде өкпе вентиляциясы неғұрлым биіктік
жоғары болған сайын соғұрлым күштірек жүреді.
Бір жағынан жоғары биіктікте төменгі ауа тығыздығы сыртқы
тынысты жеңілдетеді, ал басқа жағынан алып қарағанда төмен
барометрлік қысым кезінде кеуде ішілік қысымды жоғарылататын
тыныс бұлшық еттерінің қабілеті төмендейді. Тұтасымен
алғанда, дегенмен, биіктікте тыныс алу аппаратының максималды
мүмкіндіктері теңіз деңгейіне қарағанда көбірек. Үлкен биіктікте
максималды жұмыс кезінде өкпе вентиляциясы 200 л/мин-қа жетуі
мүмкін.
312
Барометрлік қысымның төмендеуі өкпе вентиляциясы күшеюі
мен басқа физиологиялық механизмдердің қанда жəне дененің басқа
ұлпаларында О
2
мөлшерінің төмендеуін тосқауылдауына қарамастан
организмнің оттегі тасымалдау жүйесінің барлық буындарында О
2
парциалдық кернеуінің азаюына əкеледі. Нəтижесінде митохондрия
маңайында оттегі қысымы теңіз деңгейінде 10 мм сынап бағанасы
тең жəне тіпті, 5600 м биіктікте 5 мм сынап бағанасы жуық болады.
Мұндай қысым дене жасушаларында тотығу ферментативтік реак-
циялары жүруі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету барысында
жетіп жатыр.
Альвеолалық ауадағы О
2
парциалдық қысымы тыныс алған
ауадағы осы газдың қысымымен жəне өкпе вентиляциясы өлшемімен
анықталады. Өкпе вентиляциясы неғұрлым жоғары болған сайын,
яғни, өкпеде ауа неғұрлым көп алмасса, соғұрлым альвеолалық ауа
құрамы атмосфералық ауаға тақау болады. Дегенмен, альвеолалық
ауадағы О
2
парциалдық қысымы кез келген жағдайда осындай
атмосфералық (тыныс алатын) ауаға жуықтауы ғана мүмкін, бірақ
оған тең болу немесе одан асып кету деген мүлдем болмайды.
Осыған орай биіктіктің артуы (барометрлік қысым төмендеуі) бары-
сында атмосфералық ауада жəне сəйкесінше, альвеолалық ауада О
2
парциалдық қысымы төмендейді.
Атмосфералық жəне альвеолалық ауадағы О
2
парциалдық
қысымының төмендеуіне пропорциялы артерия қанында О
2
парциалдық кернеуі төмендейді
(гипоксемия). Бұл – тыныштық
күйде өкпе вентиляциясының күшеюіне əсер ететін маңызды
стимулдардың бірі. Гипоксемия тыныс орталықтары белсенділігін
рефлексті күшейтетін каротидті жəне қолқа денешіктер хеморецеп-
торларын стимулдайды (ынталандырады).
Биіктік гипервентиляциясы қаннан тыныс шығарылған ауа-
мен СО
2
біржола жойылуының күшеюін тудырады. Нəтижесінде
биіктікке шығу барысында бұлшық ет спазмдарын (түйілуін) жəне
көлемді вазоконстрикция дамуын тудыруы мүмкін болатын артерия
қанында СО
2
кернеуі төмендейді, яғни гипокапния дамиды. Əсіресе,
организм үшін ми тамырларының тарылуы салдары жағымсыз бо-
лады.
Қаннан тыныс шығарған ауамен СО
2
кетірілуінің күшеюі кезінде
ондағы бикарбонатқа қарағанда еріген СО
2
мөлшері көп төмендейді.
Сондықтан биіктік гипервентиляциясының екіншілік əсері қан
313
реакциясының сілті жаққа жылжуы – рН жоғарылауы (тыныс алу
алкалозы) болып табылады. Артериялық қандағы рН жоғарылауы
жəне СО
2
парциалдық кернеуінің төмендеуі тыныс орталығына
тежеуші ықпал жасайды.
Биіктікте өкпе вентиляциясы деңгейін гипоксиялық жағдайда
организмнің оттегімен барабар қамтамасыз етілу қажеттілігі мен
қалыпта қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтау қажеттілігі арасындағы
физиологиялық компромисс ретінде қарастыру керек.
Биіктік гипоксия жағдайында артериялық қандағы О
2
парциалдық кернеуінің төмендеуі гемоглобиннің оттегімен
пайыздық қанығуының төмендеуіне жəне сəйкесінше,
қандағы
оттегі мөлшерінің төмендеуіне əкеледі. 2000-3000 м биіктікте
альвеолалық ауадағы О
2
парциалдық қысымы шамамен, 80-60 мм
сынап бағанасы тең, яғни əлі оксигемоглобин диссоциациясы қисық
сызығының «тегіс», жоғары бөлімінде болады (60-сурет).
60-сурет. Жазық тұрғындарының оксигемоглобин диссоциация қисық
сызығы (Я. М. Коц бойынша)
Стрелкалар əртүрлі биіктікте гемоглобиннің оттегімен қанығу пайызын
көрсетеді
Бұл өкпе капиллярларында қанның оттегімен оксигемоглобин
түрінде гемоглобиннің 90%-дан аса, яғни салыстырмалы жоғары
қанығуына кепіл болады. Үлкен биіктікте О
2
альвеолалық қысымы
оксигемоглобин диссоциация қисық сызығының «құлдилай» бастай-