Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет97/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   168

302

ерітінділерде қант аз (2,5%-ға дейін) болады, асқазанды тез босата-

ды жəне сондықтан судың ішектен қанға жеңіл сіңірілуін əрі судың 

жоғалуының  үлкен  жылдамдықпен  толтырылуын  қамтамасыз  ету-

ге  қабілетті  келеді.  Қабылданған  сұйықтықтың  жалпы  мөлшерін 

анықтау  кезінде  кез  келген  жағдайда  судың  сіңірілуі  максималды 

жылдамдығы 0,8 л/сағ.-тан аспайтынын ескерген жөн. 

Сайып  келгенде,  күшті  тер  бөлінумен  қатар  жүретін  ыстық 

жағдайларда орындалған ұзақ ауыр жұмыс уақытында 2,5%-ға дейін 

қант (көмірсу) мөлшері бар салқын гипотониялық ерітінділерді пай-

далану  керек.  Біраз  су  резерві  болу  үшін  мəреге  дейін  шамамен, 

жарты сағат қалғанда 500 мл ( құрамында көмірсулар жоқ) су ішкен 

жөн. Арақашықтықта əр 10-15 мин. сайын 150-200 мл гипотониялық 

ерітінділер қабылдау қажет. 

Егер  жарыс  организмнің  қызып  кетуі  мен  дегидратация  қаупі 

болмайтын  бейтарап  немесе  суық  жағдайларда  (шаңғы  жарыс) 

өтетін болса, су қабылдау режимі басқадай болу қажет. Сұйықтықты 

қабылдау  көлемі  мен  жиілігі  айтарлықтай  азайып,  ал  ондағы 

көмірсулар мөлшері (25%-ға дейін) артуы мүмкін. Бұл жағдайларда 

тіпті, асқазаннан ішектерге ерітіндінің баяу орын ауыстыруының өзі 

қанды көмірсулармен қамтамасыз етеді.

Күшті  тер  бөлінумен  жүретін  жұмыс  кезінде  электролиттер 

жоғалуын дереу толтыру организм тер бөліну арқылы тұзға қараған-

да,  судың  салыстырмалы  көп  мөлшерін  жоғалтатындықтан,  судың 

жоғалуын толтыру сияқты рөл атқармайды. Бұдан басқа жаттыққан 

(жəне ыстыққа акклиматизацияланған) спортшыларда жаттықпаған 

адамдармен  салыстырғанда  тердегі  тұздар  мөлшері  төмен  болады. 

Сондықтан ыстық жағдайлардың өзіндегі жарыс кезінде спортшы-

ларда  тұздардың  жоғалу  мөлшері  салыстырмалы  көп  емес.  Мұнан 

басқа  тер  бөліну  қандағы  жəне  дененің  басқа  сұйықтықтарында 

тұздар (ең алдымен, NаСl) концентрациясының жоғарылауын туды-

рады.  Осыған  байланысты  бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  тұздардың 

көп мөлшерін қосымша қабылдау организм үшін тіпті, зиян келтіруі 

мүмкін. Жарыс кезінде тіпті құрамында тұздардың аз мөлшері ғана 

бар суды көп ішу олардың жоғалуын жеткілікті мөлшерде толтыра-

ды. Тек тер бөліну көп болатын (бірнеше күн қатарынан) қайталап 

жүктеме əсер ету кезінде ғана қосымша тұздар мөлшерін қабылдау 

ұсынылады. Бірақ дəл бұлшық ет жұмысымен айналысқан уақытта 

қабылдауға болмайды. 



303

Ыстық  жағдайларда  жаттықтыру  үдерісінде  суды  жəне 

тұздарды жоғалту. Спортшы əсіресе, ыстық жағдайларда күнделікті 

жаттықтыру уағында денеден термен бірге тұздар да кететін судың 

көп мөлшерін жоғалтады. Мəселен, марафоншы ыстық ауа райында 

қарқынды  жаттықтырудың  бір  күнінде 9 л-ге  дейін  су  жоғалтады. 

Организмде  бұл  жоғалтылған  су  мөлшері  толтырылмаса,  су  жəне 

тұз  балансының  елеулі  бұзылулары  мен  жұмысқа  қабілеттіліктің 

төмендеуі  мүмкін.  Сəйкесінше,  ыстық  жағдайларда  жаттықтыру 

күндері  спортшы  сабақ  уағындағы  сияқты,  əсіресе,  сабаққа  дейін 

жəне  одан  кейін  де  ең  алдымен,  жоғалған  су  мөлшерін  толты-

ру  үшін  сұйықтықтың  көп  мөлшерін  пайдалану  керек.  Ыстық 

жағдайларда  əсіресе,  акклиматизацияланбаған  адамдарда  дене  де-

гидратациясы  дəрежесіне  қарағанда  шөлдеуді  субъективті  сезіну 

əлсіздеу  болады.  Сондықтан  жаттықтырудың  алғашқы  күндері 

ішілген сұйықтың көлемі шөлдеу сезімімен анықталған мөлшерден 

көбірек болу керек. Организмнің суға қажеттілігін бақылау ретінде 

жаттықтыруға дейін жəне одан кейін спортшының салмағын өлшеу 

жолымен жоғалтылған су мөлшерін анықтауға болады. Тіпті, кейде 

сұйықтықты мөлшерден көп пайдаланудың өзі организмнен артық су 

мөлшері  бүйректер  арқылы  тез  шығарылатындықтан  спортшының 

жұмысқа қабілеттілігіне жағымсыз ықпал ете қоймайды. Сонымен 

қатар суды мөлшерден тыс артық пайдалану қан мен дененің басқа 

сұйықтықтарының осмолярлығының төмендеуіне əкелетіндігі де на-

зардан тыс қалмау керек, ал ол өз кезегінде бұлшық ет дірілдеуіне 

немесе  тырысуына  дейін  кейбір  жағымсыз  құбылыстарға  əкелуі 

мүмкін. Сондықтан жаттықтыру арасында суды аз мөлшерде, бірақ 

жиі-жиі ішу керек. 

Алайда,  жұмыс  үдерісінде  денеде  электролиттердің (Nа,  Сl 

жəне  К)  кідіруіне  бағытталған  механизмдердің  іске  қосылуына 

қарамастан  ыстық  жағдайларда  орындалған  күн  сайын  жəне 

ұзақ  уақыттық  жаттықтыру  нəтижесінде  тұздардың  айтарлықтай 

мөлшері жоғалуы мүмкін. Егер тəулігіне тер жоғалту орта есеппен, 

3  литрді  құраса,  онда  организмде  жоғалтылған  тұздар  мөлшерін 

толтыру  толығымен  кəдімгі  ас  рационымен  қамтамасыз  етіледі. 

Мұнда  спортшы  тұздардың  кейбір  қосымша  мөлшерін  құрамында 

өте көп емес (1 л ерітіндіге 200 мг Nа жəне 200 мг К жуық ) негізгі 

минералдық  заттар  ғана  болатын  немесе  олар  мүлдем  болмайтын 

«өтеуші» (мысалы, минералдық суды) сұйықтықтарды ішу арқылы 



304

алады.  Тек  неғұрлым  айтарлықтай  тəуліктік  терді  жоғалту  кезінде 

тəулігіне 4 л терге – 3-4 г тұз, 5 л терге – 10 г жуық тұз, 6 л терге 

– 15 г жуық тұз есебінде тұздарды арнайы қабылдау қажеттілігі ту-

ындайды. Мұнда тұз таблеткалары міндетті түрде «алмастырғыш» 

сұйықтықтар мөлшерімен барабар қолданылу керек. 

Ыстық жағдайларда көп күндік қарқынды жаттықтырудан кейін 

денеде  калий  иондарының  тапшылығы  байқалуы  мүмкін.  Мұндай 

тапшылықтың  салдарынан  қаңқа  бұлшық  еттері  мен  жүректің 

жұмыс  қабілеттілігінің  төмендеуі,  тер  өнімінің  азаюы,  зəрмен 

су  жəне    натрий  мөлшерін  жоғалтудың  артуы,  сонымен  қатар 

дене  жүктемесінен  кейін  бұлшық  еттерде  гликоген  ресинтезінің 

бұзылуы мүмкін. Сондықтан ыстық жағдайда жүргізілген қарқынды 

жаттықтыру  кезінде  ас  рационында  калийдің  жеткілікті  мөлшері 

(тəулігіне 80 мэкв  дейін)  болуы  қажет.  Сонымен  қатар  жеңіл 

еритін жəне асқазанда тез абсорбцияланатын калий препараттарын 

қабылдау қауіпті. Себебі əсіресе, жүрек үшін токсинді болып келетін 

гиперкалемияның күшеюі мүмкін.



Төменгі ауа температурасы (суық) жағдайында спорттық 

əрекет

Қоршаған ортаның температурасының төмендеуі кезінде сыртқы 

орта мен дене беткейі температуралары арасында айырмашылықтар 

артады.  Бұл  (конвекция  жəне  радиациялық  жолмен  жылу  шығару 

есебінен)  дененің  жылуды  жоғалтуының  күшеюіне  əкеледі. 

Суық  жағдайларда  жылу  жоғалтудан  денені  қорғаудың  негізгі 

механизмдеріне  перифериялық  (тері)  тамырлардың  тарылуы  мен 

денедегі жылу өндірілудің күшеюі жатады. 



Суыққа  бейімделудің  физиологиялық  механизмдері.  Тері 

тамырларының  тарылуы  (тері  вазоконстрикциясы)  нəтижесінде 

дене  ядросынан  оның  беткейіне  жылудың  конвекциялық  (қанмен) 

тасымалдануы  азаяды.  Терінің  өзі  жəне  əсіресе,  тері  асты  май 

қабаттары  жылуды  нашар  өткізетіндіктен,  вазоконстрикция  дене 

«қабығының»  жылуды  оқшаулау  қабілетін  алты  есеге  күшейтуі 

мүмкін.  Басқаша  айтқанда,  суық  жағдайларда  дененің  жылу 

оқшаулайтын  температуралық  «қабығының»  қалыңдығы  артады 

жəне сəйкесінше дене температуралық ядросы өлшемі азаяды.

Жылудың  дене  ядросынан  беткейге  тасымалдануының  аза-



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау