Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет106/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   168

329

организмнің  ішкі  ортасының  тіршілік  тəртібіне,  организмдердің 

қызметіне, 

тамақтануына 

да 

байланысты 



қалыптасады. 

Физиологиялық  қызметтердің  биологиялық  ырғақтары  сонша  дəл, 

нақты  болғандықтан  оларды  көбіне,  «биологиялық  сағат»  деп  те 

атайды.  Уақытты  есептеу  механизмінің  адам  денесінің  əр  молеку-

ласында, соның ішінде генетикалық ақпаратты сақтайтын ДНҚ мо-

лекулаларында  орналасқанын  жорамалдауға  негіз  бар.  Жасушалық 

«кіші»  биологиялық  сағаттардан  басқа  мида  орналасқан  жəне 

организмдегі  барлық  физиологиялық  үдерістерді  синхрондайтын 

«үлкен» сағаттар бар. 

Биоырғақтардың  жіктелуі.  Ішкі  «сағаттармен»  немесе  ырғақ 

жүргізушілермен қалыптасатын эндогендік жəне сыртқы факторлар-

мен реттелетін экзогендік деп аталатын ырғақтар болады. Көпшілік 

биологиялық ырғақтар аралас, яғни жартылай эндогендік жəне жар-

тылай экзогендік болып келеді. 

Көпшілік  жағдайларда  ырғақ  белсенділігін  реттейтін  басты 

сыртқы фактор – фотопериод, яғни күннің ұзақтығы болып табыла-

ды. Бұл уақыттың сенімді көрсеткіші болатын жалғыз фактор жəне 

ол «сағаттарды» құруға қолданылады. 

«Сағаттардың»  нақты  табиғаты  белгісіз,  бірақ  мұнда  жүйкелік 

сияқты  эндокриндік  компоненттер  қатысатын  физиологиялық 

механизмдердің əсер ететіндігі күмəн келтірмейді. 

Көпшілік  ырғақтар  жеке  даму  (онтогенез)  үдерісінде 

қалыптасады.  Мəселен,  баланың  түрлі  қызметтері  белсенділігінің 

тəуліктік  тербелісі  дүниеге  келгенге  дейін  байқалады.  Оларды 

жүктіліктің  екінші  жартысында-ақ  тіркеуге  болады.  Адамдағы 

көптеген  қызметтердің  тəуліктік  циклділігі  дүниеге  алғаш  келген 

күндерде көрініс береді. 

Биологиялық ырғақтар қоршаған ортамен тығыз өзара қатынаста 

жүзеге  аса  отырып,  осы  ортаның  циклді  өзгеретін  факторларына 

организмнің  бейімделу  ерекшелігін  көрсетеді.  Жердің  Күнді  айна-

луы (жылға жуық кезең), Жердің өз осінде айналуы (24 сағатқа жуық 

кезең),  айдың  Жерді  айналуы (28 күнге  жуық  кезең)  жарықтың, 

температураның,  ылғалдылықтың,  электромагниттік  өрістердің, 

т.б.-дың  өзгерістеріне  əкеледі  жəне  «биологиялық  сағаттар»  үшін 

уақыттың датчиктері болып табылады. 

Биологиялық  ырғақтардың  жиілігі  немесе  кезеңдері  бойын-

ша  көптеген  айырмашылықтар  бар.  Тербеліс  кезеңі  шамамен,  се-




330

кунд  үлесінен  жарты  сағатқа  дейін  болатын  жоғары  жиілікті 

биологиялық  ырғақтар  деп  аталатын  топқа  мысал  ретінде  ми, 

жүрек,  бұлшық  ет,  басқа  мүшелер  мен  ұлпалардың  биоэлектрлік 

белсенділігінің тербелісін келтіруге болады. Оларды арнайы аппара-

тура (ЭЭГ, ЭМГ, ЭКГ, т.б.) көмегімен тіркей отырып, осы органдар 

қызметінің физиологиялық механизмі туралы құнды ақпарат алуға 

болады жəне ауруларды анықтауда (диагностикада) қолданады. Осы 

топқа тыныс алу ырғағын да жатқызуға болады.

20-28 сағат кезеңді биологиялық ырғақтарды циркадты немесе 

тəуліктік ырғақтар деп те атайды. Мысалы, тəулік барысында дене 

температурасы,  пульс  жиілігі,  артериялық  қан  қысымы,  жұмысқа 

қабілеттілік, т.б. кезеңдік өзгерістер.

Төмен  жиілікті  биологиялық  ырғақтар  тобына:  аптаға  жуық, 

айға  жуық,  маусымдық,  жылға  жуық,  көп  жылдық  ырғақтар  жата-

ды. Осылардың əрқайсысының негізінде қандай да бір функциялық 

көрсеткіштің  нақты  тіркелген  тербелісі  жатады.  Мысалы,  аптаға 

жуық биологиялық ырғаққа зəрмен бөлінетін кейбір физиологиялық 

белсенді заттардың деңгейі, айға жуыққа – əйелдердің етеккір циклі, 

маусымдық биологиялық ырғаққа – ұйқы ұзақтығының, бұлшық ет 

күшінің, сырқаттанудың, т.б. өзгерістері сəйкес келеді. 

Көптеген ішкі ырғақтардың басқарушысы рөлін атқаратын адам 

организміндегі  ең  маңыздыларының  бірі – циркадты  биологиялық 

ырғақ  барынша  зерттелген.  Циркадты  ырғақтар  түрлі  жағымсыз 

факторлардың əсеріне өте сезімтал келеді жəне осы ырғақты жоятын 

жүйенің  жұмысының  бұзылуы  организмдегі  сырқаттың  алғашқы 

симптомдарының  бірі  болып  табылады.  Адам  организмінде 300-

ден  аса  физиологиялық  қызметтердің  циркадалық  тербелістері 

анықталған.  Барлық  бұл  үдерістер  уақытпен  келісілген.  Тəулік 

барысындағы  ОЖЖ  əртүрлі  күйі  көп  жағдайда  организмнің  басқа 

физиологиялық жүйелерінің түрлі белсенділігін анықтайды. Ересек 

адамда  қан  айналу,  тыныс  алу  көрсеткіштері,  дене  температурасы 

жəне  т.б.  қызметтері  түнгі  сағат 2-4-ке  дейін  минималды  болады. 

Физиологиялық үдерістер оптималды активті болып, күндізгі сағат 

1-2-ге дейін сақталады. Көптеген тəулікке жуық үдерістер күндізгі 

сағат 4 пен 8 аралығында максималды жəне түнде немесе ерте таңғы 

сағаттарда минималды мəндерге жетеді. Мысалы, адамның дене тем-

пературасы түнде ең төменгі температураны көрсетеді. Таңға жуық 

ол  жоғарылайды  жəне  күннің  екінші  жартысында  максималдық 

мəнге жетеді.



331

Адам  организміндегі  физиологиялық  қызметтердің  тəуліктік 

тербелісінің  негізгі  себебі  зат  алмасуды  төмендететін  немесе 

жоғарылататын  жүйке  жүйесі  қозғыштығының  кезеңдік  өзгерісі 

болып  табылады.  Зат  алмасу  өзгерісінің  нəтижесінде  түрлі 

физиологиялық  қызметтердің  өзгерістері  де  туындайды.  Мыса-

лы, тыныс жиілігі түнге қарағанда күндіз жоғары, түнгі уақытта ас 

қорыту мүшелерінің қызметі төмен болады.

Дене температурасының тəуліктік динамикасы толқын тəріздес 

сипатта болатыны анықталған. Шамамен, кешкі сағат 6-да темпера-

тура максимумға жетсе, ал түн ортасында төмендейді: оның мини-

малды мəні түнгі сағат пен таңғы 5 аралығында болады. Тəулік ба-

рысында дене температурасының өзгерісі адамның ұйқыда болуына, 

немесе қарқынды жұмыспен шұғылдануына байланысты емес. 

Дене  температурасы  биологиялық  реакциялар  жылдамдығын 

анықтайды, күндіз зат алмасу барынша қарқынды жүреді. Тəуліктік 

ырғақпен ұйқы жəне ояну тығыз байланысты. Ұйқыға өзіндік ішкі 

сигнал дене температурасының төмендеуі болады. Тəулік барысын-

да ол 1,3°С-қа дейінгі амплитудамен өзгереді. Бірнеше тəулік бойы 

əр 2-6 сағат сайын дене температурасын тіл астынан өлшей отырып, 

ұйқыға кету моментін, ал температуралық шыңдар бойынша макси-

малды  жұмысқа  қабілеттілік  кезеңдерін  анықтауға  болады.  Күндіз 

ЖЖЖ  өседі,  артериялық  қан  қысымы  жоғары,  тыныс  алу  жиірек 

болады.  Келесі  күні  оянған  соң  ЖЖЖ,  артериялық  қан  қысымын 

жоғарылататын,  барлық  организм  қызметін  белсендіретін  қанда 

адреналин мөлшері жоғарылайды, осы уақытта қанда биологиялық 

стимуляторлар  жинақталады.  Кешке  қарай  бұл  заттардың 

концентрациясының  төмендеуі  тыныш  ұйқыға  жағдай  жасайды. 

Ұйқының  бұзылуы  көбіне,  толқу  мен  абыржумен  қатар  жүретіні 

белгілі: мұндай жағдайларда қанда адреналин жəне т.б. биологиялық 

белсенді  заттардың  концентрациясы  жоғарылайды,  организм  ұзақ 

уақыт  «жауынгерлік  дайындық»  күйінде  болады.  Биологиялық 

ырғаққа бағына əр физиологиялық көрсеткіш тəулік барысында өз 

деңгейін айтарлықтай өзгерте алады.

Биологиялық  ырғақтар  адам  өмірін  дұрыс  регламенттеудің 

(тəртіппен  белгіленудің)  негізі  болып  табылады,  себебі  жоғары 

жұмысқа  қабілеттілік  пен  өз-өзін  жақсы  сезінуге  өмір  ырғағы 

организмнің  физиологиялық  қызметінің  ырғағына  сəйкес  келген 

жағдайында ғана жетуге болады. Осыған орай еңбек (жаттықтыру) 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау