Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет36/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   168

115

Мұндай жұмыс үдерісінде бұлшық еттер энергияның айтарлықтай 

үлесін  бұлшық  ет  пен  қанда  жинақталуы  (рН  төмендеуі)  қажудың 

дамуында  маңызды  рөл  атқаратын  сүт  қышқылының  түзілуімен 

жүретін анаэробтық гликогенолиз нəтижесінде алады.

Максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларды 

орындау  да  негізінен  оттегі  тасымалдау  жүйесінің  мүмкіндікте-



рімен  лимиттеледі.  Оларды  орындау  үдерісінде  фосфагендер  кон-

центрациясы айтарлықтай емес төмендейді, бұлшық ет пен қандағы 

лактат концентрациясы салыстырмалы көп болмайды. Қажу жүрек-

тамыр  жүйесінің,  əсіресе,  жүректің  қызметінің  төмендеуімен  бай-

ланысты.  Жүрек  қызметі  бұлшық  еттің  оттегімен  жабдықталуын 

лимиттеуші басты фактор болып саналады. Жұмыс негізінен гликоге-

нолиз арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақ оны жалғастыруды тоқтатуы 

организмнің  көмірсу  ресурсының  түгесілуімен  байланысты  емес. 



Бұлшық ет пен қандағы сүт қышқылының жоғары концентрация-

сы оны максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларды 

орындау  кезіндегі  қажудың  маңызды  механизмдерінің  бірі  ретінде 

қарастыруға мүмкіндік береді.

Субмаксималды аэробтық қуаттылықты жаттығулар жүрек-

тамыр  жүйесіне  жүктеменің  көп  болуымен  байланысты.  Олар-

ды  орындау  негізгі  субстрат  ретінде  бұлшық  ет  гликогені  мен  қан 

глюкозасын  пайдаланатын  жұмысшы  бұлшық  еттердегі  тотығу 

үдерістерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жаттығулар кезінде қажудың 

басты  механизмі  жұмыс  атқаратын  бұлшық  еттер  мен  бауырдағы 

гликоген  қорының  түгесілуі  болып  табылады.  Квази  тұрақты  күй 

кезеңі  барысында  жүрек-тамыр  жүйесі  қызметінде  байқалатын 

көптеген өзгерістер ақыр аяғында қажуға əкеледі. Жүрекке көп жəне 

ұзақ  уақыт  ықпал  еткен  жүктеме  миокард  қызметінің  төмендеуіне 

əкеледі.  Қажудың  дамуында  жұмыстың  жалғасуы  барысында 

жоғарылайтын қажетті дене температурасын ұстап тұру (жұмыс ги-



пертермиясы) белгілі бір рөл атқарады. 

Орташа  аэробтық  қуаттылықты  жаттығулар  да  оттегі  та-

сымалдау  жүйесіне  айтарлықтай  жүктеме  түсіреді.  Мұндай 

қуаттылықты  жұмыстарда  гипогликемияның  дамуына  əкелетін 

бұлшық  ет  гликогенінің  айтарлықтай  жəне  бауырдағы  гликогеннің 

күшті  шығындалуы  (түгесілуі)  жүреді.  Сонымен  қан  глюкозасы 

жалғыз энергия көзі болып табылатын ОЖЖ екіншілік зардап шегеді. 

Бұдан басқа жылу реттелу үдерісінің бұзылуының көп маңызы бар. 




116

Бұл  дене  температурасының  критикалық  жоғарылауын  тудыруы 

мүмкін.  Қосымша  қан  айналымының  қайта  таратылуы  (тері  қан 

айналымының күшеюі мен жұмыс атқаратын бұлшық еттердегі қан 

айналымның  төмендеуі)  нəтижесінде  жылу  шығару  жоғарылайды. 

Жұмысшы  бұлшық  еттерге  оттегі  жеткізілуінің  төмендеуі  бұлшық 

ет қажуына əкеледі.

Аз  аэробтық  қуаттылықты  жаттығулар  да  орташа  аэробтық 

қуаттылықты  жаттығулар  кезіндегі  қажу  локализациясы  мен 

механизмдері  сияқты  сипатталады.  Айырмашылығы  сипатталған 

үдерістердің  неғұрлым  баяулап  өтуінен  жəне  майлардың  көп 

шығындалуынан  тұрады.  Толық  тотықпаған  өнімдер  қанға  түсіп 

қажудың маңызды факторы болуы мүмкін. 



Қалпына келу

Жаттығуды  тоқтатқан  соң  сол  жаттығудың  орындалу-

ын  қамтамасыз  ететін  физиологиялық  жүйелер  қызметінің  кері 

өзгерістері жүреді. Осы кезеңдегі өзгерістер жиынтығының барлығы 

қалпына келу түсінігіне келіп саяды. Қалпына келу кезеңі барысын-

да жұмыс метаболизмі өнімдері жойылады жəне бұлшық ет əрекеті 

кезінде шығындалған энергиялық қор, пластикалық (құрылымдық) 

заттар (белок жəне т.б.) мен ферменттер толтырылады, яғни бұзылған 

гомеостаз  жұмысының  қалпына  келуі  жүреді.  Бірақ  қалпына  келу 

организмнің  тек  жұмыс  алдыңғы  күйіне  оралу  үдерісі  ғана  емес. 

Осы  кезеңде  организмнің  қызметтік  мүмкіндігінің  жоғарылауын, 

яғни жаттықтыру əсерінің тиімділігін қамтамасыз ететін өзгерістер 

де жүреді.

Жұмысты  тоқтатқаннан  кейінгі  қызметтердің  қалпына 

келуі. Жұмысты тоқтата салысымен түрлі физиологиялық жүйелер 

қызметінде алуан түрлі өзгерістер жүреді. Қалпына келу кезеңінде:

1. Тез қалпына келу;

2. Баяу қалпына келу;

3. Суперкомпенсация (немесе «қайта қалпына келу»);

4. Ұзақ (кеш) қалпына келу сияқты 4 фазаны бөліп көрсетуге бо-

лады.

Əртүрлі  қызметтерде  бұл  фазалар,  олардың  ұзақтығы  мен  си-



паты  түрліше  болады.  Алғашқы  екі  фазаға  қажытатын  жұмыс 


117

нəтижесінде  төмендейтін  жұмысқа  қабілеттіліктің  қалпына  келу 

кезеңі,  үшінші  фазаға  жоғары  жұмысқа  қабілеттілік,  төртіншіге 

жұмыс  қабілеттіліктің  қалыпты  (жұмыс  алдыңғы)  деңгейіне  оралу 

сəйкес келеді (33-сурет).

Жұмыстан  кейін  қызметтердің  қалпына  келуінің  жалпы 



заңдылықтары келесілерден тұрады. 

Біріншіден,  көптеген  функциялық  көрсеткіштердің  қалпына 

келу  жылдамдығы  мен  ұзақтығы  жұмыс  қуаттылығымен  тура 

тəуелділікте болады: неғұрлым жұмыс қуаттылығы жоғары болған 

сайын  соғұрлым  жұмыс  кезінде  көптеген  өзгерістер  жүреді  жəне 

(сəйкесінше)  қалпына  келу  жылдамдығы  жоғары  болады.  Бұл 

неғұрлым  жаттығудың  шекті  ұзақтығы  қысқарақ  болған  сайын 

соғұрлым қалпына келу кезеңі қысқа болатынын көрсетеді. Мəселен, 

максималды  анаэробтық  жұмыстан  соң  көптеген  қызметтердің 

қалпына келу ұзақтығы бірнеше минутқа, ал ұзақ жұмыстан кейін 

мысалы,  марафондық  жүгіруден  кейін  бірнеше  күнге  созылады. 

Көптеген функциялық көрсеткіштердің бастапқы қалпына келу ба-

рысы  өзінің  сипаты  бойынша  бабына  келу  кезеңіндегі  олардың 

өзгерістерінің айнадағы бейнесі ретінде көрінеді. 

Ψɚɠɵɬɚɬɵɧ

ɠαɦɵɫ

ɌɵɧɵΥɭ

ɀαɦɵɫΩɚ

 

Ωɚɛɿɥɟ

ɬɬɿɥɿɤ

ɬɿέ

 

Ωɚ

ɥɵɩɬɵ

 

ɞɟέɝ

ɟɣɿ

ɀɨΥɚɪɵ

 

ɠαɦɵɫΩɚ

Ωɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɤ

ɀαɦɵɫΩɚ

Ωɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɤɬɿέ

ɬλɦɟɧɞɟɭɿ

ɀαɦɵɫΩɚ

Ωɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɤɬɿέ

Ωɚɥɩɵɧɚ

 

ɤɟɥɭɿ

Ψɚɥɵɩɬɵ

 

ɠαɦɵɫΩɚ

  

Ωɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɤ

33-сурет. Жұмысты тоқтатқанға дейінгі жəне қалпына келу кезеңінде 

жұмысқа қабілеттілік өзгерістерінің сызбанұсқалық көрінісі 

(Г. В. Фольборт бойынша)

Екіншіден

түрлі 


қызметтердің 

қалпына 


келуі 

түрлі 


жылдамдықпен,  ал  қалпына  келу  үдерістерінің  кейбір  фазалары 

əртүрлі  бағыттылықпен  өтеді,  сондықтан  олардың  тыныштықтағы 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау