Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет126/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   168

390

мөлшері  төмендей  отырып, 8-10 жасқа  келгенде    ересек  адамның 

деңгейіне  жетеді.  Лейкоцитарлық  формулада  да  жасқа  байла-

нысты  айтарлықтай  өзгерістер  орын  алады.  Жас  артқан  сайын 

нейтрофилдердің  пайызы артып, ал моноциттер мен лимфоциттердің 

мөлшері  төмендей  бастайды.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалар-

да  қандағы  нейтрофилдердің  көп  болмауы  нəтижесінен  қанның 

фагоцитарлық қызметі төмен болып келеді. 

Бұлшық  ет  əрекеті  қан  жүйесіндегі  айтарлықтай  өзгерістермен 

қатар жүреді. Жасөспірімдер мен бозбалаларда ересектерге қараған-

да бұлшық ет жұмысынан кейін қанның бірнеше көрсеткіштерінің, 

лейкоциттер,  эритроциттер,  тромбоциттер  мөлшерінің,  қан  ұюы 

жоғарылауы сияқты  айтарлықтай өзгерістері мен олардың қалпына 

келуінің неғұрлым ұзақ кезеңі тəн.  Сонымен қатар 12-14 жастағы 

жасөспірімдерде  қанның  жекеленген  көрсеткіштерінің  əртүрлі 

бағыттағы  өзгерістері  айғақталған.  Бұл  осы  кезеңдегі  организм 

қызметінің нейрогуморалдық реттелуінің қайта құрылуымен байла-

нысты. 


Түрлі  жас  кезеңдерінде  жүрек-тамыр  жүйесі  өзіңе  тəн 

ерекшеліктерімен  сипатталады.  Ол  ең  бастысы  онтогенездің 

əртүрлі кезеңдеріндегі  зат жəне энергия алмасудың арнайы өзіндік 

өзгерістеріне негізделеді. 



Жүрек.  Балалардың  жүрек  бұлшық  еті  үшін  миокардтағы 

тотығу үдерістерінің айтарлықтай күшеюімен анықталатын энергия 

шығынының жоғары деңгейі тəн.  Бұл бұлшық еттердің оттегіні көп 

пайдалануымен көрініс береді. 

Баланың  өсу жəне даму үдерістері барысында жүректің массасы 

ұлғайып отырады. Жүрек салмағы ұл балаларда 9-10 жаста 111,1 г 

болса, ересек тұлғаларда 244,4 г, яғни ересектермен салыстырғанда 

2 есеге аз болады.   Осылармен қатар жүрек бөлімдерінің қатынасы 

да  өзгеріске  ұшырайды  жəне  оның  гистологиялық  құрылымы 

да  қайта  құрылады.  Жүрек  массасының  ұлғаюы  көбіне,  сол  жақ 

қарынша  есебінен  жүзеге  асырылады.  Жүйелі  түрде  жаттықтыру 

жүрек  бұлшық  еті  массасының  ұлғаюын  тудырады.  Мысалы, 

жас  жүзгіштерде,  шаңғышыларда,  велосипедшілерде,  орташа 

қашықтыққа жүгіретін желаяқтарда басқа спортшыларға қарағанда 

жүрек мөлшері көбірек ұлғаяды. 

Жүректің жиырылу жиілігі. Жас артқан сайын ЖЖЖ төмендеп 

отырады: тыныштық күйде жаңа туған нəрестеде 135-140 екп/мин, 7 

жаста – 85-90 екп/мин. болса, 14-15 жаста ересектердегі мөлшермен 

шамалас болып келіп, 70-80 екп/мин-ты құрайды.  




391

Балаларға  жүрек  қызметінің  тұрақты  емес  ырғағы  тəн.  Ол 

ішкі  жəне  сыртқы  тітіркендіргіштердің  ықпалынан  айтарлықтай 

өзгерістерге ұшырап отырады. Мысалы, қоршаған орта температу-

расы жоғары болса, ЖЖЖ-нің артуына, ал төмен болса, керісінше, 

азаюына əкеледі. 

Спорттық жаттықтыру ЖЖЖ мəнді ықпал етеді. Жас спортшы-

ларда,  əсіресе,  төзімділік  жаттығуларымен  айналысатындарда  са-

лыстырмалы тыныштық күйінде ересектердегі іспеттес брадикардия 

байқалады. Алайда, ол азырақ көрінеді. 



72-сурет. Түрлі жас кезеңдеріндегі (абсцисса осі бойынша) оқушылардың 

бірдей жүктеме кезіндегі жүректің жиырылу сомасы (ордината осі 

бойынша) (В. М. Волков бойынша)

ЖЖЖ жасқа байланысты барынша өзгерістері бұлшық ет əрекеті 

кезінде аңғарылады. Бірдей аэробты жүктеме кезінде ЖЖЖ жасқа 

сай төмендеп отырады. Жүктемесі бірдей сол жұмыс жүрек қызметін 

азырақ  интенсивтендіру    арқасында  неғұрлым  үнемді  жүзеге  асы-

рылады (72-сурет). Мысалы, 12-14 жастағы ұл балалар ЖЖЖ 130 

екп/мин. болып 70 ваттан аспайтын жұмысты орындай алса, ал 18 

жастағылар 122 ваттан аспайтын жұмысты орындай алады. 

Балалар мен жасөспірімдер организмі үшін жүктеме мөлшерінің 

жоғарылауы  (жаттығулар  қуаттылығының,  ұзақтығы  мен  қайталау 




392

жаттығулары  санының  артуы,  демалыс  интервалының  азаюы)  ере-

сек  организмге  қарағанда  қымбатқа  түседі.  Мысалы, 9-11 жастағы 

балаларда жүктемені 1 кгм арттыру кезінде жүректің соғуы жиілеп, 

1 с-та 8,2-9,4 екп/мин. болса, 12-13 жастағыларда – 6,4-9,5 екп/мин, 

ал ересектерде – 3,6-5,3 екп/мин. болады. 

Балаларда  қызу  дене  жаттығулары  кезінде  максималды  ЖЖЖ 

олардың жасымен кері тəуелділікте болады, яғни бала кіші болған 

сайын  соғұрлым  оның  мəні  жоғары.  Мектеп  жасында  максимал-

ды  ЖЖЖ  анықтаудың  қарапайым  ережесі  ретінде  мына  формула 

қолданылады:  ЖЖЖ

макс


 = 220-жас  (жылмен) (8-тарауда  ЖЖЖ

макс


 

анықтау  қарастырылған  болатын).  Мысалы, 10 жастағы  балалар-

да  максималды  ЖЖЖ  орта  есеппен 210 екп/мин. (220-10 (жас)) 

құрайды.  Түйіндей  келе,  тыныштық  күйдегі  ЖЖЖ  сияқты  кез 

келген  жұмыс  кезіндегі  ЖЖЖ  бірдей  максималды  емес  аэробты 

жүктемелерде жəне максималды ЖЖЖ ересектерге қарағанда бала-

ларда жоғары болады. 

Əртүрлі жастағы тұлғаларда дене жаттығуларын орындағаннан 

кейін ЖЖЖ қалпына келуі жүктеменің мөлшеріне де тəуелді болып 

келеді.  Максималды  қуаттылықты  ұзақ  емес  жүктемелерден  кейін 

ЖЖЖ қалпына келуі ересектерге қарағанда 11-14 жастағы балалар-

да  тезірек  жүреді.  Қызу  жəне  ұзақ  уақыттық  жаттығулардан  кейін 

ЖЖЖ  қалпына  келу  кезеңі  жас  артқан  сайын  қысқара  түседі.  Бұл 

жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауымен байланысты. 



Систолалық  қан  көлемі  жəне  жүректің  қан  айдау  қызметі 

(жүректің минуттық қан көлемі) жас ұлғайған сайын жоғарылайды. 

Систолалық қан көлемі 7 жаста 23 мл, ал 13-16 жаста 50-60 мл бо-

лады. Оның артуы жүректің минуттық қан көлемінің жоғарылауына 

əкеледі. Тыныштық күйде жүректің минуттық қан көлемі 6-9 жаста 

2,6  л/мин, 10-12 жаста 3,2 л/мин, 13-16 жаста 3,8 л/мин-ге  жетеді. 

Дегенмен  дене  масасының 1 кг-на  шаққанда  басқадай  сипатты 

иеленеді:  неғұрлым  жас  артқан  сайын,  соғұрлым  жүректің  қан  ай-

дау қызметі төменірек болады. Сайып келгенде, балаларға жүректің 

неғұрлым қызу қызметі тəн болып келеді. 

Бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  ересектерге  қарағанда  балалар-

да  систолалық  қысым  мен  жүректің  қан  айдауы  азырақ  артады.  

Балалардың өсуі мен дамуы барысында максималды систолалық қан 

көлемі көбірек болады. Мəселен, ол 8-9 жастағы балаларда 70 мл, 14-

15 жаста 100-120 мл, ересектерде 110-130 мл-ге жетеді. 8-9 жастағы 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау