399
Эволюция үдерісінде қалыптасқан моторлық жəне вегетативтік
қызметтердің өзара байланысы моторлық-вицералдық рефлекстер
механизмі бойынша зат жəне энергия алмасудың онтогенез бары-
сында жетілдірілуін қамтамасыз етеді.
Қозғалыс аппараты
Балалардың дамуы процесінде қаңқаның сүйектенуі, яғни
шеміршек ұлпаларының сүйек ұлпаларына алмасуы жүреді. Со-
нымен бірге бұл үдеріс қаңқаның түрлі бөлімдерінде əртүрлі
мерзімдерде іске асырылады. Сүйектердің дамуы олардың ұзынынан
жəне көлденеңінен өсуімен, химиялық құрамының өзгерістерімен
(кальций, фосфор, магний тұздары мөлшерінің артуымен) жəне
беріктілігінің артуымен сипатталады. Сүйектерде қан түзуші мүше –
қызыл сүйек кемігі орналасқан. Жас артқан сайын қан түзу қызметі
де жетіле түседі.
Сүйек ұлпаларының дамуы айтарлықтай дəрежеде бұлшық ет
ұлпаларының өсуімен байланысты болып келеді. Балалардың бұл-
шық ет жүйесі ересектердің бұлшық етінен айрықша ерекшеленеді.
Жас ұлғайған сайын бұлшық ет массасы да артады. Алайда, бұл
біркелкі жүрмейді, мəселен, алғашқы 15 жылда 9%, ал одан кейінгі
2-3 жылда 12%-ға артады. Əрбір бұлшық ет немесе бұлшық ет
тобы да біркелкі дамымайды. Аяқ бұлшық еттері барынша жоғары,
ал қол бұлшық еттері барынша төмен қарқынға ие болып келеді.
Жазғыш бұлшық еттердің өсу қарқыны бүккіш бұлшық еттердің да-
муынан алда болады. Əсіресе, ертерек жұмыс атқаратын жəне дене
жүктемесіне көбірек жұмылдырылатын бұлшық еттер салмағы жыл-
дам артады.
Негізгі қозғалыстардың сипаттамасы
Бала алғаш дүниеге келген сəттен бастап уақытша байланыс-
тар механизмі бойынша жаңа қозғалыстар қалыптаса бастайды.
Мұнда қимыл жүйесінің көру, есту, тепе-теңдік сияқты басқа да
талдағыштар жүйесімен өзара əрекеттерінің маңызы зор.
Жүріс. Күрделі қимыл дағдысы – жүріс өмірдің 2-жылдарын-
да меңгеріледі. Жас артқан сайын жүріс тұрақтана бастайды, яғни
қадам ұзындығы артады, жүріс кезіндегі дене теңселуі мен қозғалыс
қарқыны азаяды.
Жүгіру. Жүгіру элементтері балаларда 2 жастан бастап көріне бас-
тайды. Жүгірудің қимыл дағдысы қарыштау фазасының артуы мен
аяққа тірек түсіру ұзақтығының азаюы есебінен жетіле түседі. 3-тен
400
10 жасқа дейін шарықтау фазасы 2 есеге көбірек артады. Қадамның
ұзақтығы мен жүгіру қарқынының өзгеруі жасқа сай жүгіру
жылдамдығының жоғарылауын, яғни максималды жылдамдықты
анықтайды. Сонымен бірге қысқа қашықтыққа жүгірудің соңында
жылдамдықты төмендету мөлшері азаяды. Жүгірудің максималды
жылдамдығы 10-11 жаста 5,37 м/с, 14-15 жаста – 6,07 м/с, 17-18 жас-
та – 8,08 м/с болады.
Жасөспірімдер мен бозбалаларға қарағанда 7-8 жастағы балалар-
да жүгірудің жоғары жылдамдығын сақтау қабілеті азырақ дамыған.
Секіру. Секіру қозғалыстың айтарлықтай күші мен шапшаңды-
ғын талап еттеін күрделі қимыл дағдысы ретінде өмірдің 3-жылда-
рында ғана қалыптаса бастайды. Жас артқан сайын секіру нəтиже-
лері бұлшық еттік координацияның (үйлесімнің) артуы, бұлшық
ет күші мен шапшаңдықтың дамуы арқасында жоғарылай береді.
Жүгіруде барынша жоғары нəтижелер ұлдарда 13 жасқа дейін, ал
қыздарда 12-13 жасқа дейін байқалады. Одан кейінгі келесі жылдар-
да 17-18 жасқа дейін ол баяулайды.
Секіру биіктігіне жасқа сай анализ жасау 8-ден 10 жасқа дейін
нəтижелердің жылдық өсімі орта есеппен, 2 см болатынын көрсет-
кен. Ең үлкен өсім 10-нан 13 жасқа дейін аралықта 4,3 см болған.
Одан кейінгі жылдары өсім қарқынының төмендеуі орын алған.
Спорттық жаттықтыру секіру нəтижелерінің жоғарылауына əкеледі.
Жас спортшыларда барынша қарқынды өсім 13-14-тен 15-16 жасқа
дейін кезеңдерде анықталған. Келесі жас кезеңдерінде (17-18 жас)
өсім темпі баяулайтыны байқалған.
Қимыл сапаларының дамуы
Қимыл сапаларының (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік,
иілгіштік) дамуы мен қимыл дағдыларының қалыптасуы арасын-
да тығыз өзара байланыс бар (6- жəне 7-тарауларда дене сапалары
жəне қимыл дағдылары толық баяндалған). Жаңа қозғалыстарды
меңгеру қимыл сапаларының жетілдірілуімен қатар жүреді. Əртүрлі
қозғалыстар адамның қозғалыс аппаратына таңдай əсер етеді,
сондықтан жеке бұлшық еттер мен бұлшық ет топтарын бірдей ша-
мада дамытпайды.
Онтогенез барысында қимыл сапаларының қалыптасуы біркелкі
401
жүрмейді, гетерохронды болады жəне организмнің бірнеше
жүйелерінің дамуына тəуелді келеді. Мысалы, төзімділіктің жетілуі
айтарлықтай дəрежеде қан, тыныс алу мен жүрек-тамыр жүйелерінің
қызметтерімен анықталса, ал бұлшық ет күшінің дамуы сүйек пен
бұлшық ет ұлпаларының өсуімен, бұлшық ет жұмысын басқару
қабілетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Əрбір адамның
жасына қимыл сапалары дамуының белгілі бір деңгейі тəн. Күш,
жылдамдық жəне төзімділіктің ең жоғары жетістіктері əртүрлі
мерзімдерде жүзеге асырылады.
Жүйелі түрде жаттықтыру қимыл сапаларының дамуын жыл-
дамдатады, бірақ олардың өсімі түрлі жас кезеңдерінде бірдей бол-
майды.
Қимыл бірліктерінің жасқа байланысты өзгерістері 7-тараудағы
39-суретте жəне
73-суреттерде көрсетілген. Cуреттен қартаю ба-
рысында мотонейрондармен жабдықталған бұлшық ет талшықтары
санының кемитіндігін, яғни соның есебінен моторлық бірліктер
санының азаятындығын байқауға болады. Ал қимыл талшықтары
мөлшерінің артуы орын алады.
73-сурет. Қимыл бірліктерінің қартаюға байланысты өзгерістері
(A. Giovanelli мəліметтері бойынша)