Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет125/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   168

387

Мəселен, мектепке дейінгі жастағы оқушылардың тəуліктік рацио-

нында кальций мен фосфордың мөлшері шамалас болуы тиіс болса, 

ал  одан  жоғары  жас  кезеңдерінде  фосфор  мөлшері  екі  есеге  дейін 

артық болуы қажет (21-кесте). 

21-кесте

Балалар организміне қажетті минералдық заттар мөлшері, 

тəулігіне мг

Баланың жасы

кальций

фосфор

магний

1 жасқа дейін

1000

1500


-

1-3 1000


1500

140


4-6

1000


1500

220


7-10

1200


2000

360


11-13

1500


2500

400


14-17

1400


2000

530


ересек

4500


2000

-

Өсіп  келе  жатқан  организм  үшін,  сонымен  бірге  натрий,  хлор, 



темір де аса қажет. Алайда, ересек адамдарға қарағанда балалардың 

аталмыш  минералдық  заттарға  тəуліктік  қажеттілігі 1,5-2 есеге 

кемірек келеді. Осымен қатар балалардың зат алмасу үдерістерінде 

мыс, мырыш (цинк), кобальт, марганец сияқты микроэлементтердің 

де алатын өзіндік орындары бар. 

Энергия  алмасу.  Ересек  адамдарға  қарағанда  балалар-

да  энергиялық  алмасу  жоғары  болады.  Мысалы,  салыстыр-

малы  тыныштық  күйде  (негізгі  алмасу) 1 кг  масса  мен  дене 

беткейінің  бірлігіне  энергия  шығыны  ересектерге  қарағанда 8-10 

жаста 2-2,5 есе  жоғары  келеді.  Балалар  организмі  биоэнергети-

касы  қарқындылығының  барынша  жоғары  болуы  өсу  мен  даму 

үдерістерінің салдары болып табылады. Жəне де еске сала кететіні 

бала неғұрлым жас болған сайын соғұрлым жоғары болады. 

Энергияның  көп  шығындалуы  тек  күшейтіле  жүріп  жатқан 

пластикалық  үдерістерге  ғана  емес,  ересектерге  қарағанда 

айтарлықтай қарқынды жүретін тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері-

нің жұмыстарымен, сонымен қатар жылу шығындаудың көп болуы-

мен де байланысты. Балалардың дене беткейінің ауданы дене мас-

сасымен  салыстырғанда  үлкен  болып  келетіндіктен  ол  қоршаған 

ортаға жылуды көбірек шығарады.  Мəселен, негізгі алмасу күйінде 



388

энергия шығыны дененің 1 м

2

 беткейіне 10 жастағыларда 49,5 ккал 



болса, 16-18 жастағыларда 43 ккал тең болады. 

Дене  жүктемелерін  орындау  кезіндегі  энергия  шығыны,  соны-

мен  қатар  адамның  жасына  да  тəуелді  болып  келеді.  Бірдей  дене 

жүктемесін орындау кезінде ересектерге қарағанда жасөспірімдерде 

энергиялық алмасу жоғары болады. Жас артқан сайын сол бұлшық 

ет жүктемесіне энергия шығыны төмендей бастайды. Жүріс кезінде 

шығындалатын энергияны зерттеу барысында 1 м жолға неғұрлым 

балалар  үлкен  болған  сайын,  соғұрлым  энергиялық  шығындардың 

аз  болатыны  дəлелденген.  Велоэргометрде  жүктемені  орындау 

кезінде 1 минутта 1 кгм жұмысқа 8-9 жастағы балалар 7,6 мл, ал ере-

сек тұлғалар – 5,4 мл оттегі жұмсаған, яғни балаларға қарағанда 1,4 

есеге аз оттегі пайдаланған. 

Сайып  келгенде,  жас  ұлғайған  сайын  бұлшық  ет  жұмысының 

үнемділігі арта түседі (22-кесте). Мұны, сонымен қатар организмнің 

дамуы барысында механикалық тиімділіктің өсуі де көрсетеді. Вело-

эргометрде  жұмыс  орындау  кезінде  ол  ересектерде – 15-20% бол-

са, 6-9 жастағыларда 12,3%-ға  тең  болған.  Спорттық  жаттықтыру 

ықпалынан жаттығулардың энергиялық құндылығы төмендейді. Жас 

спортшыларда спортпен шұғылданбайтын құрдастарына қарағанда 

оттегіні пайдалану аз дəрежеде артатыны байқалған. 



22-кесте

Дененің 1 кг массасына жұмсалатын тəуліктік энергия мөлшері

Жасы

Энергияның тəуліктік мөлшері, 

кДж/кг

1-3 ай


462-504

3-6 ай


420-462

6-12 ай


378-420

2-6 жас


294-315

7-11 жас


252-294

11-15 жас

189-281

Ересек адам



147-168

Балаларда, сонымен бірге қызу бұлшық ет əрекеті кезінде алма-

су артуының максималды деңгейі де азырақ келеді. Мəселен, 10-11 

жаста  оттегіні  пайдалану  негізгі  алмасумен  салыстырғанда  макси-

малды 9-10 есеге артуы мүмкін болса, ал ол ересектерде 15-20 есе 



389

болады.  Организм  дамуының  жеке-дара    темптеріне  (қарқынына) 

ОМП-дың  тəуелділігі  анықталған.  Дене  дамуы  темпі  бойын-

ша  өздерінің  құрдастарын  басып  озған  жасөспірімдерде  қалыс 

қалғандарға қарағанда ОМП жоғарырақ болып келеді. 

Жас  спортшыларда  спортпен  шұғылданбайтындарға  қарағанда 

энергиялық алмасудың максималды деңгейі жоғарырақ болады. Мы-

салы, 16-17 жастағы спортпен айналыспайтын балаларға қарағанда 

спортшыларда ОМП 50-60% жоғары. 

Қан жəне қан айналу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері

Қан айналымдағы қан көлемі (дене салмағына қатысты алғанда) 

жасқа байланысты: 1 жасқа дейінгі балаларда – 11%, ересектерде – 

7%, 1 кг дене салмағына шаққанда 7-12 жастағы балаларда – 70 мл, 

ал ересектерде – 50-65 мл болады. 

Қанның  формалы  элементтеріне  де  жасқа    байланысты 

ерекшеліктер  тəн. 1 жастағы  сəбиде  эритроциттер  мөлшері 6-6,5 

млн/мм


3

 болса, жас артқан сайын ол 4-5 млн/мм

3

 дейін төмендейді. 



Организмнің  даму  барысында  қандағы  гемоглобин  концен-

трациясы  да  ұлғаяды.  Мысалы,  ұлдар  мен  ерлерде 8-9 жаста 13,8, 

10-11  жаста 14,4, 12-13 жаста 13,7, 14-15 жаста 15,1, 16-17 жаста 

15,1, 20-25 жаста 15,5 г/%  болады.  Ересектермен  салыстырғанда 

балаларда  гемоглобин  мөлшерінің  төмен  болуынан  қанның 

оттектік  сыйымдылығының  да  біршама  төмен  болуы  түсіндіріледі                      



(23-кесте).

23-кесте

Ерлер мен ұлдардағы қанның оттектік сыйымдылығы жəне ар-

терия қанындағы оттегі мөлшері

Жас


Көрсеткіштер

3-7


8-9 10-11 12-13

14

15 16-17 20-30



Қанның оттектік 

сыйымдылығы (%)

16,8 17,4 17,9

18,0 18,8 19,2 19,0

19,7

Артерия қанындағы 



О

2

  (%)



16,5 17,0 17,4

17,5 18,3 18,8 18,3

19,0

Сəбидің  алғашқы  күндерінде  қандағы  лейкоциттер  мөлшері                   



(1  мм

3

 10 000-15 000) көп  болады.  Сəби  өсе  келе  лейкоциттер 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау