Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет124/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   168

384

тітіркендіргіштерге  латенттік  кезең  азаяды.  Ішкі  тежелу  күшейеді, 

жүйке  үдерістері  барынша  тепе-теңділікпен,  салмақтылықпен  си-

патталады. Ми қыртысының электрлік белсенділігінің қалыптасуы 

аяқталады, 17-18 жаста оның қызметі жеткілікті дəрежеде жетіледі. 

Зат жəне энергия алмасудың жасқа сай ерекшеліктері

Мектеп  жасындағы    балалардың  зат  алмасу  үдерістерінің 

ерекшеліктері  түзілген  энергияның  ересектерге  қарағанда  одан 

да  айтарлықтай  үлесінің  организмнің  өсу  жəне  даму  үдерістеріне, 

яғни пластикалық алмасуға жұмсалуында болып табылады. Осыған 

орай,  спорттық  шынығу  кезіндегі  энергия  шығыны  тек  сол  энер-

гия көздерін толтыру қажеттілігімен ғана шектелмей өсу жəне даму 

үдерістерімен де байланысты келеді. 



Белок  алмасу.  Ересектерге  қарағанда  балалар  организмінің 

белокқа  қажеттілігі  жоғары.  Неғұрлым  бала  кіші  болған  сайын, 

соғұрлым өсу үдерісі қарқындырақ жүруге сəйкес белокқа қажеттілік 

те артады (19-кесте).

Мəселен 4-7 жастағы  балалардың 1 кг  салмағына 3,5-4 г, 8-12  

жастарда – 3 г, 12-15 жастарда 2,5-3,5 г, ал ересектерге – 1-1,5 г белок 

қажет.  Себебі  балаларда  белок  синтезі  белоктың  ыдырау  үдерісіне 

қарағанда  басымырақ  келеді.  Өсіп  келе  жатқан  организм  үшін  оң 

азотты  баланс  тəн,  яғни  организмге  түсетін  тағам  құрамындағы 

белоктағы азот мөлшері зəрмен бөлініп шығатын азот мөлшерінен 

артық болады. 

19-кесте

Белоктың тəуліктік қажет мөлшері

Адамның жасы

Белок мөлшері, г/кг

2-3 айдан 1 жасқа дейін

4,0-5,0

2-3 жас


3,5-4,0

12-15 жас

2,5-3,5

15-17 жас



2,0-3,0

17-21 жас

1,5-2,0

21-50 жас



1,0-1,3


385

Пайдаланылған белоктардың санымен қатар сапасы да маңызды. 

Белоктардың  толық  құндылығы  синтезделуге  қажетті  амин. 

қышқылдарының  болуымен  анықталады.  Организмге  ауыстырыл-

майтын  амин  қышқылдарының  жеткілікті  дəрежеде  түсуінің  мəні 

айтарлықтай  зор.  Белок  тапшылығы  бала  организмі  дамуын  баяу-

латады. Ал спортпен шұғылданатын балаларда, əсіресе, бұлшық ет 

массасының  елеулі  артуы  жағдайларында  белокқа  қажеттілік 1,5-2 

есе жоғарылайды. 

Май  алмасу.  Май  жəне  май  тəріздес  заттар  өсу  үдерісінде 

айтарлықтай рөл атқарады. Олардың жүйке жүйесінің морфология-

лық жəне функциялық жетілуінде маңызы аса зор. Сонымен қатар 

майлар  жасуша  мембранасының  түзілуіне  қажет.  Дененің 1 кг 

салмағына майдың тəуліктік нормасы 5-6 жаста – 2,5 г, 10-11 жаста 

– 1,5 г, 16-18 жаста – 1 г-ды құрайды. 

Майларды  артық  қолдану  салдарынан  олар  қорға  жиналуы 

мүмкін. Əсіресе, олардың көбі организмде қозғалыс белсенділігі аз 

болған  жағдайларда  қорға  жиналады.  Майлардың  артық  мөлшері 

зат алмасу, ас қорыту үдерістерінің бұзылуына əкеліп, дене дамуына 

теріс ықпал етеді. Балаларда май алмасу тұрақсыз сипатқа ие. 

Көмірсу  алмасуы.  Балаларда  көмірсу  алмасуының  қарқынды-

лығы  жоғары  келеді.  Бұл  оларда  көмірсулардың  тек  негізгі  энер-

гия  көзі  болып  қоймай,  сонымен  қатар  жасуша  қабырғасымен 

бірге  дəнекер  ұлпасының    түзілуін  қамтамасыз  ететін  маңызды 

пластикалық  (құрылымдық)  қызмет  атқаруымен  байланысты         

(20-кесте).

20-кесте

Көмірсудың тəуліктік қажет мөлшері

Адамның жасы

Көмірсу мөлшері, г/кг

6 айдан 1 жасқа дейін

113

1-1,5 жас



160

1,5-2 жас

192

3-4 жас


233

5-6 жас


252

7-10 жас


324

11-13 жас

382

жігіттер


422

қыздар


367


386

Балалар тəулігіне тағаммен 4-7 жаста – 280-300 г, 8-13 жаста – 

350-370 г, 14-17 жаста 450-470 г көмірсу қабылдау қажет.

Ересек  адамдарға  қарағанда  балаларда  көмірсу  алмасуының 

реттелуі  азырақ  жетілген.  Бұл  көмірсу  ресурстарының  неғұрлым 

баяу  мобилизациясымен,  сонымен  қатар  жұмыс  кезінде 

көмірсу  алмасуының  қажетті  қарқындылығын  сақтап  тұруда 

аз  қабілеттілігімен  көрінеді.  Мəселен, 500 м  жүгіру, 5 км  кросс 

сияқты  қызу  спорттық  əрекеттер  кезінде  ересектерге  қарағанда 

жасөспірімдер  мен  бозбалаларда    қандағы  қант  деңгейі  жиірек 

төмендейді.  Əсіресе,  бұл  ұзақ  уақытта  орындалатын  монотон-

ды  (бірсарынды)  жаттығуларға  тəн.  Эмоцияға  қанық,  сезімге  бай 

сабақтар, сан алуан ойын жаттығуларын қолдану қандағы қанттың 

қалыпты деңгейінің сақталуына əкеледі. 



Су жəне тұз алмасу. Су бала денесі массасының 80%-ға жуығын 

құрайды. Организмнің дамуы барысында су мөлшері ересектердегі 

мөлшерге  (дене  массасының 68-72%-ы)  дейін  азаяды.  Неғұрлым 

бала кіші болған сайын соғұрлым ол тез дамитындықтан оның суға 

деген қажеттілігі де арта түседі. Мəселен, суға тəуліктік қажеттілік 

1 кг дене массасына шаққанда 6 жаста 100-110 г, 14 жаста – 70-85 г, 

18 жаста – 40-50 г-ды құрайды. Жас артқан сайын тұтынатын судың 

салыстырмалы  мөлшерінің  азаюына  қарамастан    оның  абсолюттік 

мөлшері  артып  отырады.  Бұл  жас  өскен  сайын  бала  денесінің 

массасының артуымен байланысты. Сондықтан тəулігіне пайдалана-

тын судың жалпы мөлшері ересектерге қарағанда балаларда азырақ 

болады.  Мысалы,  бұл  көрсеткіш  ересектерде 2200-2500 мл  болса, 

ал 6-10 жастағы  балаларда  1600-2000 мл-ды  құрайды.  Балаларға 

суды  жылдам  жоғалтып  жəне  оны  тез  қорға  жинау  қабілеті,  яғни 

жоғары  гидролабилділік  қасиет  тəн.  Бұл  су  алмасуының  жүйкелік 

жəне  гуморалдық  (эндокриндік)  реттелуінің  жеткілікті  дəрежеде 

жетілмеуі негізделеді. 

Минералдық  заттардың,  олардың  ішінде  ең  бастысы  каль-

ций  мен  фосфор  сүйек  ұлпаларының  қалыптасуында  маңызы 

зор.  Ол  заттарға  қажеттілік  қарқынды  өсу  кезеңдерінде,  əсіресе, 

жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңінде арта түседі. Мысалы, 

кальцийге тəуліктік қажеттілік 6-7 жаста 0,3-0,5 г, ал жоғары мектеп 

жасындағы оқушыларда 1,0 г болады. 

Организмнің  қалыпты  дамуы  үшін  минералдық  заттардың  тек 

абсолюттік  мөлшері  ғана  емес,  олардың  қатынасы  да  маңызды. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау