Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет134/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   168

414

нəтижелерінің  олардың  алғашқы  бастапқы  нəтижелеріне  тəуелді 

еместігі  анықталған.  Сəйкесінше,  аталмыш  жағдайда  бастапқы 

спорттық  нəтиженің  емес,  қызметтік  мүмкіндіктердің  жеке-дара 

даму  темпінің  көп  дəрежеде  дефинитивті  көрсеткіштермен  өзара 

байланысты екені көрінеді. 

Спорттық  жетістіктер  өсімінің  неғұрлым  жоғары  темптерінің 

дифференциациялық  спорттық  жетілдіруде  орны  бар,  яғни  онда 

спортшыларды  іріктеуді  олардың  жеке-дара  морфологиялық  жəне 

физиологиялық  көрсеткіштерін,  жоғары  жүйке  қызметі  дамуы 

ерекшеліктерін  ескере  жүргізеді.  Даралау  (индивидуализация) 

ұстанымының  аясы  кең.  Болашақ  спортшыны  тəрбиелеу – бұл  тек 

арнайы  дене  сапаларын  жеке-дара  дамыту  емес,  сонымен  қатар 

болашақ спортшыны тұлға ретінде қалыптастыру. 




415

ХІІІ ТАРАУ

СПОРТТЫҚ  ІРІКТЕУДІҢ ЖƏНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жаттықтыру  тиімділігі  сол  адам  үшін  дене  жаттығуларының  

оның  туа  біткен  жəне  жүре  пайда  болған  ерекшіліктерімен  бара-

бар  келуімен  айтарлықтай  анықталады.  Мұны  спорттық  іріктеу 

үдерісінде ескеру қажет. 

Жаттығу  үдерісінде  спортшы  организмінің    түрлі  мүшелері 

мен  жүйелерінің  күйін  зерттейтін  əртүрлі  бақылаудың  түрлерін 

қолданады:

1.  Оперативті  (жедел)  немесе  ағымдағы  бақылау – жүректің 

жиы-рылу жиілігі (ЖЖЖ), «Өзін-өзі сезіну-Белсенділік-Көңіл күй» 

(ӨБК) тесті, тактикалық тапсырмаларды шешу қабілеті, зейін күйі 

жəне т.б. барынша вариативті көрсеткіштер бойынша орындалатын 

дене  жүктемелеріне  спортшы  организмінің  күнделікті  реакциясын 

көрсетеді; 

2.  Сатылы  бақылау – оттегіні  максималды  пайдалану  (ОМП), 

максималды  анаэробты  қуаттылық,  Гарвард  степ-тест  индексі 

(ГСТИ), уақыт интервалдарын бағалау жəне т.б. азырақ динамикалы 

көрсеткіштерді қолдана отырып, жылына 5-6 рет өткізіледі;

3.  Тереңдетілген  медициналық  тексеру – тұлғалық  сипатта-

маларын  тестілеу,  психологиялық-физиологиялық  көрсеткіштер, 

жоғары  жүйке  қызметінің  жеке  дара-типологиялық  ерекшеліктері 

сынды жеткілікті консервативті көрсеткіштер мен бірнеше күрделі 

медициналық тексеру арқылы жылына 1 рет өткізіледі.  

Спорттық іріктеу мəселесінің физиологиялық жəне 

генетикалық қырлары

Халықтың дене тəрбиесі бойынша атқарылатын шаралардың ара-

сында спорттық іріктеу мен спорттық бағдарлаудың маңызы зор. Бұл 

үдерістердің  өзіндік  айырмашылықтары  бар.  Спорттық  бағдарлау 

үдерісінде  адамның  туа  біткен  қасиеттері  ескеріледі  де,  соған  ба-

рабар дене жаттығулары мен спорт түрлері таңдалып алынады. Ал 




416

спорттық  іріктеу  кезінде  айтулы  спортшылардың  жарыстардағы 

модельді  сипаттамалары  мен  аталмыш  спорт  түріне  тəн  спорттық 

маңызды сапалары анықталады да, одан соң туа пайда болған жəне 

тіршілік  барысында  дамитын  морфологиялық-физиологиялық  

ерекшеліктеріне сəйкес келетін адамдар таңдау мен іздеу іске асы-

рылады. 

Адамның 


жеке 

дара 


ерекшеліктерін 

педагогикалық, 

психологиялық  жəне  əлеуметтік  зерттеу  əдістерімен  қатар 

генетикалық  жəне  морфологиялық-физиологиялық  əдістер  де 

қолданылады.  Бұл əдіс адамның табиғи, туа біткен ерекшеліктерін 

ғана емес, тұлғаның қабілетін анықтайтын өмір барысында дамып 

отыратын  оның  жеке  дара  ерекшеліктері  кешенін  де  сипаттауға 

мүмкіндік береді. Алынған сипаттамалар спортшыны дайындаудың 

түрлі сатыларында  əртүрлі болу қажет, себебі көп жылдық жаттығу 

барысында  адам  организміне  қойылатын  талаптардың  да  өзгеріп 

отыруына  орай,  спорттық  іріктеу  көп  сатылы  үдерістен  тұрады. 

Мұнда  тек  бастапқы  көрсеткіштерді  ғана  емес,  басқа  да  көптеген 

көрсеткіштерді:

1.  Берілген  жүктемеге  спортшы  организмінің  жеке  дара 

реакцияларының динамикасын;

2.  Түрлі  дене  сапаларын  дамыту  үшін  жаттықтырушы  əсердің 

барынша тиімді келетін жас кезеңдерін;

3.  Белгілі бағыттылықта дене жаттығуларына бейімделудің жеке 

дара типін;

4.  Зерттелуші  организмнің  қызметтік  қорларының  мобилдену 

жылдамдығы мен қуаттылығын;

5.  Барлық  спорттық  шынықтыру  кешеніне  жедел  жəне  ұзақ 

мерзімдік бейімделудің көрінуі мен темпін ескеру қажет;

6.  Қазіргі  зерттеу  нəтижелері  көрсеткендей,  спорттық  маман-

дандыру  немесе  жарыс  стилінің  барабар  таңдалмауы  спорттық 

шеберліктің  өсуін  шұғыл  баяулатады  жəне  спорттық  жетістіктер 

деңгейін шектейді, сонымен қатар спортшы денсаулығына қатер ту-

дыратын фактор болып табылады. 

Соңғы  уақытта  жылдан-жылға  адам  организмі  құрылысы  мен 

қызметінің  көптеген  көрсеткіштеріне,  сонымен  бірге  оның  түрлі 

дене  сапаларының  даму  дəрежесіне  тұқым  қуалау  ықпалының 

маңызы  одан  əрі  айқындалып  келеді.  Оларды  жаттығу  үдерісін 

ұйымдастыру мен спорттық іріктеуде ескеру аса қажет болып бара-



417

ды.  Американдық  ғалымдардың  Ұлттық  баскетбол  қауымдастығы 

(ҰБҚ),  Ұлттық  футбол  лига  (ҰФЛ)  спортшылары  мен    АҚШ 

тұрғындарының орташа бой көрсеткіштеріне жүргізген зерттеулері 

бұл  көрсеткіш  эволюциясының  ХХ  ғасырдың  соңына  таман 

шыңына  жеткендігін  көрсететеді  (75-сурет).  Сонымен  қатар  бой 

ұзындығының  шұғылданатын  спорт    түрімен  тығыз  байланысты 

екендігі белгілі. 

Тұқымқуалаушылық – ата  тектерге  тəн  белгілерді  сақтаудағы 

тірі  организмдердің  ортақ  қасиеті,  яғни  организмдердің  өздерінің 

белгілерін  келесі  ұрпаққа  беру  қабілеті  болып  табылады.  Бұл 

құбылысқа қарама-қарсы өзгергіштік – организм мен сыртқы орта-

ның қарым-қатынасын көрсететін күрделі үдеріс;  тірі организмдердің 

өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта əсеріне байланысты жаңа 

белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін 

жоғалтуы.     



75-сурет. Жылдар барысындағы Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA), 

Ұлттық футбол лига (NFL) спортшылары мен  АҚШ (US) тұрғындарының 

орташа бой көрсеткіштері (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, Marion 

Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c American, 2013)

Генотип (ген жəне гр. typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің 

көбеюі кезінде ата-анадан берілетін жасушадағы барлық гендердің 

жиынтығы.  Ол  организмдегі  тұқымқуалаушылық  қасиеттің  негізі 

болып  есептеледі.  Ал  фенотип  (грек.  Phaіno-көріну  жəне  тип) – 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау