Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет12/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   168

39

тақауда ғана ашылуы себепті мұнда барлық компоненттер толық деп 

есептеуге болмайды. 

15-суретДистрофин жəне онымен байланысты молекулалар диаграммасы 

(Cohn and Campbell (2000) Muscle Nerve 23:1459-1471)

Бұлшық еттің ұзақ уақыт жиырылу күшін жүзеге асыратын жəне 

сақтайтын  қабілетін,  яғни  оның  төзімділігін  статикалық  жұмысты 

орындағанда, жүкті мығым жағдайда ұстап тұратын немесе тұрақты 

қысым  күшін  сақтайтын  мерзімі  арқылы  анықтайды.  Ол  үшін 

уақытты  күш  көрсеткішіне  көбейтеді.  Егер  жұмсалған  күш  мак-

сималды  күштің 20%-на  тең  болса,  тұрақты  қалыпты  жұмыс  ұзақ 

уақытқа созылады. 

Динамикалық  жұмыстарда  төзімділік  ең  ақырғы  уақыт  жəне 

шегіне жеткен қажетті қуатпен бағаланады. Динамикалық төзімділік 

орындалған қимылдың ең жоғары мөлшерімен сипатталады. Мұндай 

жұмысты  орындау  кезіндегі  төзімділік  велоэргометрдің  көмегімен 

өлшенеді.



Бұлшық еттер адам организмі эндокриндік мүшесі ретінде

Соңғы  уақытта  бұлшық  еттердің  жиырылу  нəтижесінде  орга-

низмде  миокиндердің  өндірілетінін  анықталған (Claus Brandt and 

Bente K. Pedersen  Hindawi, 2012).




40

Дене жаттығуларын тұрақты түрде орындап, дағдыға айналдыру 

нəтижесі қант диабетінің 2-типі, жүрек-тамыр жүйелерінің аурулары, 

тік ішек, сүт бездері обырлары, остеопороз жəне ақыл-естің кемдігі 

сияқты т.б. көптеген аурулардан қорғайтыны дəлелденген. Шетелдік 

ғалымдар  дене  жаттығулары  өздерінің  қабынуға  қарсы  əсерлерін 

висцералдық  майлар  массасын  төмендету  арқылы    іске  асырады 

деп  топшылайды.  Бұл  бұлшық  еттердің  жиырылуы  нəтижесінде 

бұлшық ет жасушалары бөліп шығаратын  белок – миокиндерге бай-

ланысты.  Сондықтан  ғалымдар  қаңқа  бұлшық  еттерін  эндокринді 

мүше ретінде қарастыру қажет деп санайтын инновациялық идеяны 

ұсынады. Миокиндер бұлшық ет жасушалары  бөліп шығаратын ци-

токиндерге жатады. 

Цитокиндер – негізінен  иммундық  жүйе  жасушалары  мен 

басқа  да  жасушалар  бөліп  шығаратын  жəне  синтездейтін  гормон 

тəріздес  белоктық  заттар  мен  пептидтер  тобы.  Олар  биологиялық 

қызметтеріне байланысты:

1. Иммундық жүйе дамуы мен гомеостазын басқаратын;

2.  Қан  жасушаларының  (гемопоэз  жүйесі)  өсуі  мен  дифферен-

циациялануын бақылайтын;

3. Қабыну үдерістеріне, қан ұюына жəне қан қысымына ықпал 

ете  отырып,  организмнің  бейарнайы  қорғаныс  реакциялары-

на  қатысатын  цитокиндер  деп 3 топқа  бөлінеді.  Жалпы  алғанда, 

цитокиндер  жасушаның  өсуі,  дифференциациялануы  мен  өмір 

сүру  ұзақтығын  реттеуге  қатысады.  Сонымен  қатар  апоптозды 

(жасушалардың  генетикалық  бағдарланған  өлімін)  басқаруда  да 

үлесі бар.  Қазіргі кезде цитокиндердің көптеген түрлері ашылған. 

Мысалы, олардың интерлейкиндер, лимфокиндер, монокиндер, хе-

мокиндер, интерферондар, миокиндер жəне т.б. топтары бар. 

2003  жылы Bente Klarlund Pedersen бұлшық  ет  талшықтары     

жиырылуы  кезінде  бөлінетін  цитокиндер  мен  басқа  да  белоктар-

ды миокиндер деп атауды ұсынған болатын. Миокиндерден бұрын 

1997  жылы  Джон  Хопкинс  университеті  зертханасында  миостатин 

белогы алғаш анықталған. Миостатин – бұлшық ет ұлпасы өсуі мен 

дифференциациялануын  тежейтін  белок.  Аэробтық  жəне  күштік 

жаттығулар адам жəне жануарлар организмінде миостатин инакти-

вациясын əлсіретсе, төзімділік жаттығулары оларды күшейте түседі 

(3-тарау, 19-суретке қараңыз)

Соңғы  жылдары  жүргізілген  зерттеулер  бұлшық  ет  жасушала-




41

рынан бөлініп шығатын əлі толықтай анықталмаған факторлардың 

обыр  жасушаларының  өсуі  мен  ұйқы  безі  қызметіне  ықпал 

ететіндігін  дəледейді.  Қаңқа  бұлшық  еттері  бөліп  шығаратын 

көптеген  белоктар  бұлшық  еттің  жиырылуына  байланысты.  Дене 

белсенділігінің төмендеуі нəтижесінде миокиндердің синтезделмеуі 

–  отырықшы  өмір  салтын  ұстану  мен  көптеген  созылмалы  ауру-

лар  арасындағы  байланыстың  бір  себебі.  Авторлар: «Бұлшық  ет 

массасының  азайып,  висцералдық  (ішкі)  майлардың    жинақталуы 

инсулинрезистенттілікке,  атеросклерозға,  ісіктердің  өсуі  мен 

нейродегенерацияға  əкеліп,  созылмалы  аурулар  кластері  дамуына 

əкеледі», – деген қорытындыға келген. Бұлшық еттердің миокиндерді 

бөліп шығаруы – дене белсенділігінің мезгілсіз қазаның алдын ал-

уын түсінудегі молекулалық негіз болып табылады.  Миокиндердің 

ми қызметіне де жағымды ықпалы анықталған.

Бұлшық  ет  организмдегі  ең  үлкен  мүше,  ал  оны  тірек-қимыл 

жүйесінің  белсенді  бөлігі  ретінде  ғана  емес,  секрециялық  əрі 

иммуногендік  мүше  ретінде  қарастыру  ғалымдар  қоғамы  күн 

тəртібіндегі өзекті тақырып. 

Бұлшық ет қызметінің физиологиялық жүйелерге əсері

Cпорт физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын 

алады. Жұмысқа қабілеттілікті арттыру жəне қозғалыс дағдыларын 

қалыптастыру  үшін  үнемі  жаттықтырудың  мəні  өте  зор.  Өйткені 

жаттығулар  адам  организмі  қызметін  тереңірек  қайта  құрады. 

Жаттықтыру кезінде организм қызметінің дамуы мен оның жоғары 

сатыға  көтерілуі  əртүрлі  болады.  Бұлшық  еттер  жұмысы  энергия 

шығынын көбейтеді. Мəселен, бұлшық еттің 70-90% қатысатын ауыр 

жұмыстарда  энергия  шығыны 12-20 кДж/м,  ал 30-60% қатысатын 

жеңіл жəне орташа жұмыстарда 8-12 кДж/м-ге тең келеді. Бұлшық 

еттің 5-15% қатысатын «отырып» атқаратын дене еңбектерінде энер-

гия шығыны (шамамен, 1-4 кДж/м) аз болады. Энергия шығынының 

мөлшері интегралды көрсеткіш болғандықтан, ол еңбек жəне спорт 

физиологиясында жиі қолданылады. 

Дененің энергия шығыны бұлшық еттер қызметінен ғана тумай-

ды,  оған  адамның  эмоциялық  күйі  де  əсер  етеді.  Ол  организмнің 

негізгі  зат  алмасу  деңгейін  қалыптағыдан 10% көтереді.  Дене 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау