Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет9/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   168

28

кен. Адаптогендерді қолдану барысындағы иммундық жүйе күйінің 

жағымды  өзгерістері,  атап  айтқанда,  олардың  вегетативті  жүйке 

жүйесіне  жəне  энергиялық  алмасуға  ықпал  етумен  байланысты 

болған.  

Пантогематогенді  бастапқы  парасимпатикотония  фонында 

қолдану иммунологиялық көрсеткіштерге жақсы ықпал етсе, ал ара-

лия  тұнбасы – бастапқы  симпатикотония  фонында  сондай  ықпал 

жасаған. 

Сондықтан 

бейімделуге 

толық 


даярлық 

генотиптік 

жəне  фенотиптік  факторларға  негізделіп,  бейімдеуші  жəне 

гомеостатикалық механизмдер арқылы қалыптасып жетіледі.



Бейімделу белгілері

Əрбір  организмнің  бейімделуінің  өзіндік  мөлшерлік  жəне 

саналық  айырмашылықтары  болады.  Бұлардың  арасалмағы 

бейімделудің  өлшемі  болып  саналады.  Организмнің  бейімделу 

өлшемі ретінде белгілі ырғақ пен тіршілік нормасы есептеледі.

Организмнің  бейімделу  əрекетінің  ырғағы  оның  ішкі  күйіне, 

белсенділік  дəрежесіне  жəне  тіршілік  қарқынына,  сыртқы 

факторлардың сипатына байланысты өзгеріп отырады. Осыған орай, 

организмнің  белсенділік  шамасына  сəйкес  тіршіліктің  үш  түрлі: 

дағдылы, төмендеген жəне жоғарылаған нормасын жіктейді.

В. П. Казначеев бейімделудің:

1. Термодинамикалық  белгілер – барабар  жəне  барабар  емес 

жағдайларға  биологиялық  жүйелердің  қолайлы  деңгейін  тұрақты 

ұстауға бағытталған;

2. Кибернетикалық (меңгерімдік) белгілер – əртүрлі жағдайларда 

өздігінен  реттеуші  жүйелердің  функциялық  деңгейде  өзін  сақтау 

үдерісі;

3. Биологиялық  белгілер – бейімделу  кезінде  биологиялық 

жүйелердің  түрлік,  қауымдастық,  биоценоздық  қасиеттерді  сақтап 

жəне дамытып үдемелі эволюцияны қамтамасыз етуі;

4. Физиологиялық  белгілер – ортаның  құбылмалы  жағдайла-

рында  біртұтас  организмді,  оның  гомеостатикалық  жүйелерінің 

функциялық  күйін  қолдап,  денсаулығын,  жұмысқа  қабілеттілігін, 

ұзақ өмірін қамтамсыз ету үдерісі сияқты төрт белгісін ажыратады.

Н.  А.  Агаджанянның  ұсынысы  бойынша,  бейімделудің 

белгілеріне  ұлпалардағы  газ  алмасуына  жауапты  физиологиялық 

функциялардың  тұрақтылығы,  оттегіні  максималды  пайдалану 



29

шамасы,  физиологиялық  жүйелердің  өзгеріссіз  белсенділік  пен 

өзара  реакция  деңгейінің  тиянақтылығы,  дене  жəне  ой  еңбегіне 

жұмысқа қабілеттілігінің толық қайта жасалуы, олардың қосымша 

факторларға  төзімділігі,  хронология  ауытқуларына  орнықтылығы, 

организмнің  иммундық  белсенділігін  қалпына  келтіру,  ұрпақ 

жаңғырту қасиеттері жатады.

Күнделікті  тіршілік  жағдайларында,  дене  жүктемелерінің  əсер 

етуі  кезінде  организм  мүшелері  мен  ұлпаларында  үнемі  қоректік 

заттар  мен  су  тапшылығы,  оттегі  жетіспеушілігі,  температуралық 

ауытқулар,  газдардың  парциалдық  қысымының  өзгерістері 

байқалады. Осы өзгерістер жəне оларды реттеуші жүйелер қалыпты 

физиологиялық  механизмдер  арқылы  организмнің  бейімделуінің 

негізін жасайды. Жоғарыдағы мəліметтер мен əртүрлі жағдайларға 

бейімделу  мəселелері  Х.  Қ.  Сəтпаева (1995) еңбегінде  толығымен 

баяндалған. 



Бұлшық еттер тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі ретінде

Дене  шынықтыру  мен  спорттың  барлық  түрлерінің  адамның 

қозғалыс əрекеті арқылы атқарылатыны баршамызға белгілі.  Спорт-

тық  жаттығуларда  ең  əуелі  вегетативтік  (қан  айналу,  тыныс  алу) 

мүшелер қызметімен неғұрлым тиімді қамтамасыз етілетін бұлшық 

ет жүйесі белсендіріледі. Бұлшық еттер адам организміндегі əртүрлі 

қозғалыстарды  қамтамасыз  ететін  тірек-қимыл  жүйесінің  белсенді 

бөлігі болып табылады (Осыған орай бұл пəнді толық меңгеру үшін 

ең  алдымен,  бұлшық  еттің  құрылымы  туралы  білуіміз  қажет,  ал 

бұлшық ет жəне бұлшық ет күші физиологиясы туралы толығымен 



7-тарауда баяндалады). 

Кез келген жұмыс əрекеті талдағыштардың жəне орталық жүйке 

жүйесі  қатынасуымен  жүреді.  Өйткені  сыртқы  мəліметтер  сезім 

мүшелері  арқылы  қабылданып,  мида  өңделеді,  сөйтіп  жауапты 

қимыл əрекеті ұйымдастырылады.

Жұмыстың барлық түрлері қозғалыс аппаратымен атқарылады. 

Физиологияда қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыс-

тыруды  жəне  сыртқы  əсерлерге  белсенді  қимыл  əрекеттің  туында-

уын қамтамасыз ететін мүшелер мен ұлпалар жиынтығын айтады. 

Қозғалыс  аппаратына  бұлшық  еттер,  оларды  жиырылтатын  мото-

нейрондар жəне қаңқа жатады (8-сурет).



30

Адам  денесінің  жартысына  дерлігі  қаңқа  бұлшық  еттерінен 

тұрады. Олардың  көпшілігі негізінде сіңір арқылы сүйекке бекиді, 

бірақ кейбір бұлшық еттер екінші ұшымен теріге, сіңірге, бұлшық 

етке,  шеміршекке  бекуі  мүмкін.  Бұлшық  ет  жиырылуы  кезінде 

туындаған  күш  пен  қозғалыс  сіңірлер  арқылы  қаңқаға  беріледі. 

Сондықтан  спортшыларды  жаттықтыруды  жоғары  деңгейде  өткізу 

үшін бұлшық еттің маңызды физиологиялық қасиеттерін, оның күші 

мен жылдамдығын ескеру қажет. Бұлшық еттердің жиырылуына ор-

таша жүктеме мөлшері тиімді келеді.      

 

8 А-сурет. Қаңқа бұлшық еттерінің құрылымдық иерархиясы (Modifi ed 

from McMahon, Muscles, Refl exes and Locomotion Princeton University 

Press, 1984)



31

8 Ə-сурет. Қаңқа бұлшық еттері: 1 – маңдай бұлшық еті; 2 – көздің 

шеңберлі бұлшық еті; 3 – самай бұлшық еті; 4 – төс-бұғана-емізік бұлшық 

еті; 5, 25 – трапеция тəрізді бұлшық ет*; 6 – көкіректің үлкен бұлшық 

еті*; 7, 31 – алдыңғы, ортаңғы жəне артқы дельта (иық) бұлшық еті*; 8, 

11 – қардың екібасты бұлшық еті (бицепс)*; 9 – тоқпан-шыбық бұлшық 

еті*; 10, 27 – саусақтарды бүгетін бұлшық ет; 12 – тоқпан жілік бұлшық 

еті, 13 – алдыңғы тісті бұлшық ет*; 14 – құрсақтың тік бұлшық еті 

(жоғарғы жəне төменгі пресс)*; 15 – құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық 

еті*; 16 – мықын-бел бұлшық еті; 18 – санның төртбасты бұлшық еті 

(квадрицепс)*; 19 – төртбасты бұлшық ет сіңірі; 20 – жақындататын 

ұзын бұлшық ет; 21 – нəзік бұлшық ет; 22 – таспа бұлшық еті; 23, 38 – 

нағыз балтыр бұлшық еті*; 24 – үлкен жіліншіктің алдыңғы бұлшық еті;                                                  

26 – саусақтарды жазатын бұлшық ет; 28, 32 – қардың үшбасты бұлшық 

еті (трицепс)*; 29 – жұмыр кіші бұлшық ет; 30 – жұмыр үлкен бұлшық ет; 

33 – (жоғарғы, ортаңғы жəне төменгі арқа) арқаның ең жалпақ бұлшық 

еті*; 34 – бөксенің үлкен бұлшық еті*; 35 – санның екібасты бұлшық еті 

(сан бицепсі)*; 36 – жартылай сіңірлі бұлшық ет; 37 – камбала тəрізді 

бұлшық ет*; 39 – өкше (ахилл) сіңірі

*-спорттық практикада жиі жүктеме берілетін бұлшық еттер



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау