45
Сонымен эндокриндік жүйенің аталған өзгерістері жоғарыда
көрсетілген бейімделу реакциясын көрсетеді.
Егер жаттықтыру жүргізілген ортада температура жоғары болса
дене температурасы онан сайын өседі. Ауыр дене жұмысында тем-
пература 1,0-1,5°С-қа жоғарылайды. Мəселен, орта жылдамдықпен
жаяу жүргенде дене температурасы 0,5-0,6°С, ал ұзақ жүргенде не
жүгіргенде ол 39-40°С-қа дейін көтеріледі.
Өте салқын микроклиматта жаттықтыру дене температурасының
төмендеуіне, тіпті, дененің тоңазып, жаттықтыруды жалғастыру
мүмкін болмайтын күйге əкелуі ықтимал. Адам температурасын
тыныштық күйде жəне жаттықтыру кезінде өлшеу арқылы, көптеген
əртүрлі орта жағдайларында бейімделуді қамтамасыз ететін
ұсыныстар енгізіледі.
Дене жұмысы салдарынан қан жүйесінде көптеген өзгерістер
байқалады. Қанның газ тасымалдау қызметі (эритроциттер, гемогло-
бин мөлшері) артады, оның жасушаларының жаңару қарқыны үдейді,
қанның морфологиялық құрамын реттейтін жүйке орталықтарының
тонусы күшейеді. Сонымен қатар эритроциттің осмостық төзімділігі
артып, қанның тұтқырлығы көбейеді, оның оттектік сыйымдылығы
кеңейеді. Сөйтіп қан жүйесі жүктемеге сəйкес бейімделеді (Орга-
низм жүйелерінің əрбір дене жаттығуларына тəн өзгерістері алдағы
тарауларда толық баяндалып отыратын болады).
Сайып келгенде адам организмі өзінің табиғаты арқылы қарқын-
ды бұлшық ет əрекетіне бейімделеді. Динамикалық қарқынды дене
жүктемесі организмнің жүйке, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелеріне
қолайлы əсер етіп, қоршаған ортаның жағымсыз факторларына
төзімділікті арттырады.
Организмнің қызметтік қорлары жəне олардың жіктелуі
Адам организмі – қоршаған ортаға бейімделудің көп мүмкінді-
гіне ие күрделі биологиялық-əлеуметтік жүйе.
Организмнің физиологиялық қорлары туралы ілім спорт
физиологиясының негізін қалайтын ілімдердің бірі болып табылады.
Себебі бұл ілім спортшылар денсаулығын сақтау мен олардың шыны-
ғу дəрежесін жоғарылату міндеттерін шешуге əрі оны дұрыс бағалауға
мүмкіндік береді. Организмнің қор (резервті) мүмкіндіктері туралы
46
мағлұматтар К. Бернар, П. Бэр, У. Кеннон ілімдерімен байланысты
болып келеді. Бұл ғалымдар организмге түрлі қолайсыз жағдайлар
əсер ету кезінде өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелердің өздерінің
қорларын пайдалана отырып, қызметтерінің күшеюі есебінен гоме-
остазды сақтауы туралы физиологиялық ілімнің негізін қалаушылар
болып табылады. Қозғалыс жəне вегетативтік қызметтердің жоғары
үндесуінің ішкі табиғатын ашуда У. Кеннонның аталмыш ілімінің
айтарлықтай септігі бар. Ғалым организмнің ішкі сұйық ортасының
тұрақтылығын сақтау мен эмоцияның дамуындағы симпатикалық-
адреналдық жүйенің маңызын дəлелдеген.
Физиологиялық қор туралы ілімнің түбегейлі қағидаларын Ре-
сейде 1930 жылдары академик Л. А. Орбели жасаған болатын. Ол
адам организмі резервті мүмкіндіктерінің есебінен сыртқы ортаның
үйреншікті емес жағдайларына бейімделу мүмкіндіктері жайында
бірнеше мəрте атап көрсеткен. Кейіннен Л. А. Орбели идеялары ең
алдымен, əскери еңбек физиологиясы саласы бойынша теориялық
жəне қолданбалы дамуының жемісін тапты. Ал спорт физиология-
сы бойынша бұл мəселе Мəскеуде В. В. Кузнецов жəне Ленинградта
А. С. Мозжухин еңбектерінде қарастырыла бастады.
Қазіргі уақытта организмнің физиологиялық қорлары эво-
люция үдерісінде қалыптасқан мүшелер, жүйелер жəне тұтас
организмнің салыстырмалы тыныштық күймен салыстырғанда
өздерінің қызметтері қарқындылығын бірнеше есе күшейте ала-
тын адаптациялық жəне компенсациялық қабілеті деп түсіндіріледі.
Анықтама авторы М. П. Брестки көзқарасы бойынша физиологиялық
қорлар белгілі бір анатомиялық-физиологиялық немесе орга-
низм құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері, атап айтқанда,
бұзылған қызметтердің орнын алмастыра тұратын жұп мүшелердің
(талдағыштар, кейбір ішкі секреция бездері, бүйрек, құлақ, мұрын
жəне т.б.) болуы, жүрек қызметінің айтарлықтай күшеюі, қан
айналудың жалпы қарқындылығының артуы, өкпе вентиляциясы
жəне басқа да мүшелер мен жүйелер қызметтерінің күшеюі жəне ор-
ганизм ұлпалары мен жасушаларының олардың əртүрлі қызмет етуі
жағдайларының ішкі өзгерістері мен сыртқы орта əсерлеріне жоғары
резистенттілігі арқылы іске асырылады. Жұп мүшелердің əрқайсысы
өзінің «серіктесі» істен шығып қалған кездерде кəдімгі жағдайларда,
кей жағдайларда көрнекі (аса зор) жүктемелер кезінде де организмнің
қалыпты қызмет етуін жүзеге асырады. Бұл мүмкіндіктер эндокринді
47
жүйелер үшін ерекше байқалады: ішкі секрециялық жұп бездердің
біреуінің кішкентай ғана бөлігінің өзі организмнің қалыпты күйін
толық қамтамасыз ете алады. Организмнің шексіз жəне қуатты
құрылымдық қорына тіршілік жағдайларының түрлі өзгерістеріне
оның жасушалары мен ұлпаларының резистенттілігі жатады.
Физиологиялық қордың көрініс беруінің мысалы ретінде ауыр
дене жүктемесі кезінде жақсы шыныққан адамда минуттық қан
көлемінің 40 л-ге дейін жетуін, яғни 8 есе ұлғаюын жəне мұндағы
оттегі пайдалану мен көмірқышқыл газын бөліп шығарудың 15
есе жəне одан да көп жоғарылауына себепші бола отырып, өкпе
вентиляциясының 10 есе артуын айтуға болады. Бұл жағдайларда,
есептеулер көрсеткендей адам жүрегінің жұмысы 10 есеге ұлғаяды
екен.
Организмнің барлық резервті мүмкіндіктерін А. С. Мозжухин:
1. Əлеуметтік қор (психологиялық жəне спорттық-техникалық);
2. Биологиялық қор (құрылымдық, биохимиялық жəне
физиологиялық) сияқты 2 топқа жіктейді.
Физиологиялық қордың морфологиялық-физиологиялық негізі
ақпараттың қайта өңделуін, гомеостаз жəне қимыл мен вегетативті
актілердің координациясы сақталуын қамтмасыз ететін организм
мүшелері, жүйелері жəне олардың реттелу механизмдері болып та-
былады.
Автор бойынша физиологиялық қорлар дереу барлығы
бірдей жұмылдырылмайды, керісінше, кезекпен іске қосылады
(физиологиялық қорларды жіктеу 4-топта көрсетіледі). Қорлар
бірінші кезекте, организмнің абсолютті мүмкіндіктерінің 30%-ға
дейін болатын жұмыс кезінде жүзеге асырылады жəне тыныштық
күйден күнделікті əрекет жағдайына ауысады. Бұл үдерістің
механизмі – шартты жəне шартсыз рефлекстер. Екінші кезектегі
қосылу, қызу əрекет барысында, көбіне, максималды мүм-
кіндіктердің 30-65%-ына дейін болатын жұмыс (жаттығу, жарыс)
кезіндегі экстремалды жағдайларда жұмылдырылады. Мұнда ор-
ганизм қорларының қосылуы нейрогуморалды ықпалмен, сонымен
қатар ерік күші мен эмоция арқылы жүзеге асады. Үшінші кезектегі
қорлар əдетте, өмір үшін күрес, көбіне, естен танғаннан соң, жанта-
ласу (агония) жағдайларында қосылады. Бұл кезектегі резервтердің
қосылуы шартсыз-рефлекстік жолмен жəне кері гуморалдық байла-
ныс арқылы қамтамасыз етілуі ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |