Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет10/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   168

32

Бүкіл  дене  бұлшық  еттері  көлденең  жолақты  бұлшық  еттер 

адамның  еркіне  байланысты  денені  қозғалысқа  келтіреді,  тепе-

теңдікті  сақтауға  қатысады,  т.б.  Бұлшық  ет  талшықтары  көптеген 

миофибрилдерден құралған (8 А-, 9-суреттер).

9-сурет. Бұлшық еттің микроқұрылымы: 1 – саркомерлер; 

2 – сарколемма; 3 – саркоплазма; 4 – ядро; 5 – миофибрилдер; 

6 – миофиламенттер

Əрбір  бұлшық  ет  жүйке  талшықтарымен  қамтамасыз  етіледі. 

Қаңқа  еті  көлденең  жолақты  миоциттерден  тұрады.  Ұзындығы 10 

см-дей, кейде одан да ұзын, ені 12-70 мкм болатын талшықтар ұзын, 

цилиндр тəрізді болып келеді. Бұлшық ет саркоплазмасы миоглобин 

белогына  бай.  Миоглобин  гемоглобинге  ұқсап  оттегін  байланыс-

тырады.  Бұлшық  ет  талшығының  пішініне  жəне  саркоплазмалық 

миоглобиннің мөлшеріне қарай-күрең қызыл, ашықтау жəне аралық 

бұлшық  ет  талшықтары  болады.  Саркопазмасы  көп  талшықтар 

қызарып  баяу  жиырылады,  ал  саркоплазмасы  аз  талшықтар 

ақшылданып өте тез жиырылатын қасиеті бар, бірақ тез шаршайды.

  Миоцитті  қаптаған  қабықша – сарколемманың  саркоплазмаға 

қарай  шыққан  көлденең  Т-өсінділері  болады.  Олар  миофибрилді 

саркомерлерге бөлетін Z мембраналарының тұсында пайда болады. 

Сарколемманың  ішкі  жағында,  миофибрилдер  тобының  сыртын-

да олармен қатар жатқан саркоплазмалық ретикулум мембрананың 

Т-өсіндісіне жеткенде кеңіп, Са

2+

 иондарына толы қуыс (цистерна) 



құрады.  Осы  сарколеммалық  бір  көлденең  Т-өсіндісімен  оның  екі 

жағындағы  екі  ретикулум  цистернасының  түйіскен  жері  (жасуша 

ішіндегі 3 элементтен тұратын триада) – ішкі синапс деп аталады. 



33

Бұлшық еттің жиырылғанда қысқаруы мен босаңсығанда ұзарып, 

қалпына келуі саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындығына бай-

ланысты.


Саркомерлер  грек  тілінен  аударғанда sarcos – ет, meros – бөлік 

деген мағынаны  білддіреді, яғни саркомер бұлшық ет талшығының 

жиырылғыш  протеиндік  жіпшелері – миофибрилдердің  кұрылым-

дық  жəне  қызметтік  бірлігі  (10-сурет).  Саркомерлер  қатарынан 

орналасқан  екі  телофрагма (Z) сызығы  (линиясы)  аралығындағы   

миофибрилл бөлігі. Ол актин миофиламентінен кұралған ашық түсті 

екі жарты изотропты (I) белдеулерден (дискілерден) жəне олардың 

аралығындағы  миозин  миофиламентінен  түзілген  күңгірт  түсті 

толық анизотропты (А) белдеуден (дискіден) түзілген. А дискісінің 

орталығымен  мезофрагма  (М)  сызығы  (линиясы)  өтеді.  Миозин 

жіпшелері  миофибрилдердің  күңгірт  (А)  бөлігінде,  ал  актин  ашық 

(І) бөлігінде бірінен соң бірі кезектесіп орналасқандықтан, микро-

скоппен қарағанда жолақ-жолақ болып көрінеді.  

10-сурет. Саркомер – көлденең жолақты бұлшық еттің құрылымдық жəне 

қызметтік бірлігі. Көлденең қима бойынша түрлері: А – жіңішке жіпшелер 

торы, Ə – астасқан бөлігі, Б – саркомер орталығы, В – жуан жіпшелер 

торы. Электрондық микрография (Modifi ed from Vander, Sherman, Luciano 



Human Physiology, McGraw-Hill)


34

11-суретМиозин –  молекулалық мотор: 1 – екі шиыршықтан құралған 

оралымды катушка, 2 – ауыр тізбектер, 3 – жеңіл тізбектер 4,6 – АТФ 

байланыстырушы орындар, 5 – актин байланыстырушы орын (Modifi ed 

from Vander, Sherman, Luciano Human Physiology, McGraw-Hill)

Миозин S1 фрагменті кристалдық құрылымы (Ruegg et al., (2002) News 

Physiol Sci 17:213-218)

Миозин шиыршықты 150 молекуладан тұратын домалақ бастары, 

мойны мен құйрық бөлімдерінен (терминал) тұратын молекулалық 

мотор болып табылады. Миозиннің домалақ бастары құрылымы мен 

қасиеттерін зерттеу үшін көбіне, тұтас миозиннен кез келген иондық 

əсер кезінде ерігіштігімен ерекшеленетін S1 қолданылады. Ол мио-

зин басының негізгі қасиеттерін толық сақтайды (11-, 13-суреттер). 

Əр жіпшенің ұшындағы алмұрт тəріздес екі домалақ (глобула) бас-

тары  миозиннің  білік  бөлігімен  иілгіш  «топсалы»  үлескі-мойыны 

арқылы  байланысқан.  Осыған  орай  миозиннің  білігіне  қарағанда 

осы  домалақ  бас  бөлігі  миозиннің  негізгі  қызметін  атқарады,  яғни 

қозғалыс (актинмен өзара байланысуға) жəне күш өндіру қабілетіне 

(АТФ-азалық белсенділікке) ие болып келеді. Миозиннің жуан бөлігі  

диаметрі  5-7 нм,  ал  ұзындығы 19-21 нм.  Сəйкесінше  аталмыш 

домалақ өсінділері арқылы (көлденең-көпір) миозин (~ 5 нм) актин-

ге жабысады. Миозиннің осы өсіндісінің АТФ қышқылын ыдырата-




35

тын ферменттік қасиеті бар. Бұл қасиеті актинмен байланысқанда 10 

есе жоғарылайды. 

12-сурет. Бұлшық еттің негізгі жиырылғыш элементі (саркомерлер 

актомиозин кешенінің бірі) – актин құрылымы

Актин шиыршықты жіпшелерден тұрады, олардың ішінде əрбір 

40 нм аралығында  домалақ басы бар тропонин молекуласы жəне тро-

помиозин  белогі  кездеседі.  Тропомиозин  жіпшелері  жиырылмаған 

бұлшық етте актиннің миозин өсінділері жабысатын жерін жауып, 

миозиннің актинге жабысуына кедергі жасайды (12-, 13-суреттер). 

Бұлшық  еттің  жиырылу  жəне  босаңсу  механизмін,  бұлшық  ет 

жиырылған  кезде  талшықтар  неліктен  қысқаратынын  түсіндіруде 

қазірге уақытта З. А. Хаскельдің «белок талшықтарының жылжуы» 

теориясы айрықша қолдау тауып отыр. Бұл теория бойынша бұлшық 

ет жиырылған сəтте  актин талшықтары миозин бойымен толығымен 

сырғып,  толығынан  олардың  ара-арасына  кіреді  (13-суретті 

қараңыз).  Мұның  салдарынан  миофибрилдердің  ашық  бөлімі  (І) 

қысқарады, тіпті жоғалып та кетеді, ал күңгірт бөлімі (А) оның қақ 

ортасындағы  тек  миозин  жіпшелерінен  тұратын  ашыңқы  (Н)  зо-

насы жоғалып, одан əрі күңгірттене түседі жəне күңгірт бөлімдері 

(А) бір-біріне жақындайды. Осы сəтте миофибрилдерді жай микро-

скоппен қараса, оның көлденең жолақтығынан айырылғанын көруге 

болады.  Актин  жəне  миозин  жіпшелерінің  ұзындығы  бұлшық  ет 

жиырылғанда өзгермейді, яғни қысқармайды. Тек актин жіпшелері 

миозин  жіпшелерінің  арасына  енгендіктен  саркомер  қысқарады. 

Бірнеше  миллиондаған  саркомерлердің  қысқаруы  миофибрилді 

əжептəуір қысқартады. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау