365
ие. Осылайша, əйелдерде аз болатын максималды жүректің қан
айдауы ер адамдармен салыстырғанда төменкелетін систолалық
көлеммен лимиттеледі.
Организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері ӨТС (өкпенің
тіршілік сыйымдылығы) мен максималды өкпелік вентиляциямен
(желденуімен) байланыста болады. Əйелдерде ӨТС орта есеппен
1 л-ға, ал максималды өкпелік желдену шамамен, 30%-ға аз. Дене
мөлшеріне коррекция жыныстық ерекшеліктерді азайтады, деген-
мен, толығымен оларды жоймайды. Одан басқа əйелдерге бұлшық
еттік жұмыс кезінде тыныс алуды реттеуде белгілі бір физиология-
лық ерекшеліктер тəн. Осылай əйел адамдар тыныс алу жиілігі мен
тереңдігінің барынша тиімсіз қатынасымен ер адамдардың өкпелік
вентиляция өлшеміне жетеді. Белгілі бір шамада бұл əйелдердегі
өкпелік көлемнің азаюымен жəне барынша əлсіз тыныс бұлшық
еттерімен негізделген. Бұдан басқа əйелдерде О
2
үшін өкпенің
диффузиялық қабілеті айтарлықтай төмен болып келеді.
Төзімділікке жаттықтыру организмнің оттегі тасымалдау
мүмкіндіктерін жоғарылатады. Алайда, оның түрлі буындарындағы
бұл өзгерістер бірдей емес. 17-кестеде көрсетілген гематологиялық
көрсеткіштер арасынан төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде тек
қан айналымдағы қанның жалпы көлемі ғана өзгеретінін, яғни арта-
тынын көреміз. Қан айналымдағы гемоглобиннің жалпы саны про-
порциялы жоғарылайды, сондықтан қандағы оның концентрациясы
өзгеріссіз қалады.
Спортшы-əйелдерде артерия қанындағы О
2
мөлшері тыныштық
күйде де, максималды аэробты жұмыс кезінде де жаттықпаған
əйелдердегі деңгейдей болады. Осымен қатар максималды аэроб-
ты жұмыс кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттерден келетін вена
қанындағы О
2
мөлшері төзімді спортшы-əйелдерде 1,8 мл О
2
/100мл-
ге (спортшы-ер адамдарда орта есеппен, 1,4 мл/О2 /100мл қанға)
дейін, ал аралас вена қанында 4 мл О
2
/100 мл-ге дейін (спортшы-
ерлерде орташа осы деңгейлес) төмендейді. Бұл цифрлар спортшы-
əйелдерде жаттықпаған əйелдерге қарағанда бұлшық еттің қаннан
оттегіні утилдейтін жəне жүректің қан айдауын барабар (адекватты)
тарату қабілетінің жоғары екендігін көрсетеді. Спортшы-ер адам-
дар да осылай болады. Спортшы-əйел адамдарда спортшы-ерлерге
қарағанда артерия қанындағы О
2
мөлшерінің төмен, АВА-О
2
мəнінің
кем болғанымен жаттықпаған əйелдерге қарағанда олардың мөлшері
366
жоғары болып табылады. Төзімділікті жаттықтырған білікті спорт-
шы əйелдерде максималды жүйелік АВА-О
2
орта есеппен 13 мл О
2
/100 мл қанға келсе, ал спортшы ер адамдарда 15,5 мл О
2
/100мл-
ді құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, бұл айырмашылық
əйелдердің артерия қанындағы О
2
мөлшерінің төмендеуіне əкелетін
олардың қанындағы гемоглобиннің барынша төмен концентрация-
сымен айқындалады.
Жүрек көлемі спортшы-əйелдерде жаттықпаған əйелдерге
қарағанда орта есеппен алғанда айтарлықтай үлкенірек болады жəне
жаттықпаған ер адамдардың жүрек мөлшеріне дейін жетеді. Макси-
малды жүрек көлемі шаңғышы-əйелдерде – 1150 мл жəне ватерпол-
шыларда – 1700 мл байқалған. Дене салмағына шаққандағы жүрек
көлемі спортшы-əйелдерде ер адамдардың көрсеткіштеріне (16 мл/
кг дейін) тақау келеді.
Максималды систолалық көлем спортшы-əйелдерде жаттықпа-
ған əйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Ол айтулы стайерлер-
де (ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде) 140-150 мл-ге дейін жетеді.
Максималды ЖЖЖ спортшы-əйелдерде (195 екп/мин. жуық)
спортпен шұғылданбаған əйел адамдарға (205 екп/мин. жуық)
қарағанда төмен болады.
Алайда, систолалық көлемнің ұлғаюы есебінен максимал-
ды жүректің қан айдауы спортпен айналыспайтын əйелдерге
қарағанда көбірек. Ол айтулы шаңғышы əйелдерде 28-30 л/мин-
ге жетеді. Сонымен, төзімділікті жаттықтыратын ер адамдардағы
сияқты əйелдерде де систолалық көлемнің көп болуы организмнің
оттегі тасымалдау мүмкіндіктерін жоғарылатудың басты механизмі
болып саналады.
Ер адамдарға да қатысты іспеттес айтулы спортшы-əйелдердің
жоғары аэробтық мүмкіндіктері оттегі тасымалдау мен оттегі
утилдейтін жүйелерді жаттықтыру нəтижесі ме, əлде осы жүйелердің
жоғары мүмкіндіктері тұқым қуалай (генетикалық) беріле ме, оны
нақты топшылау қиын.
Бірнеше апта жəне ай бойы жүйелі түрде төзімділікке жаттықты-
ру ОМП-дың айтарлықтай (бұрын жаттықпаған əйелдерде 25-30%-
ға дейін) артуына əкеледі. Мұнда ОМП-дың салыстырмалы өсуі
мен оның бастапқы деңгейі арасында кері тəуелділік орын алады,
яғни, неғұрлым бастапқы ОМП төмен болған сайын, ол жаттықтыру
нəтижесінде соғұрлым көбірек арта түседі. Осы мəліметтерді
367
талқылай келе, əйелдер мен ер адамдардың максималды аэробты
мүмкіндіктерінің жаттықтырылу дəрежесі негізінен бірдей деу-
ге болады, дегенмен, ерлерге қарағанда əйелдерде абсолютті өсу
азырақ болса, ал жаттықтыру əсерінің индивидуалды өзгерістері
(вариациялығы) басымырақ келеді.
Субмаксималды аэробты жұмысқа қабілеттілік
Ерлер мен əйелдер бірдей максималды емес аэробты (О
2
пайдала-
ну жылдамдығы шамалас) жүктемелерді орындау кезінде əйелдерде
физиологиялық өзгерістер артықтау, себебі (ОМП % жоғары) əйел
организміне салыстырмалы физиологиялық жүктеме көп бола-
ды. Алайда, əйелдер мен ер адамдарда тіпті, бірдей салыстырмалы
(ОМП пайызы тең келетін) жүктемелерді орындауға жүрек-тамыр
жүйесінің бейімделуі де бірдей болмайды.
Əйелдерде қандағы гемоглобин мөлшері төмен болғандықтан,
бірдей абсолютті жəне салыстырмалы аэробты жүктемелерді
орындау кезінде ер адамдарға қарағанда, АВА-О
2
де аз болады.
Сəйкесінше, ер адамдардағыдай оттегі мөлшерін тасымалдау үшін
əйелдердің жүректері қанның көп мөлшерін айдауы тиіс. Осыған
орай ерлерге қарағанда əйелдерде аэробты жұмыс кезінде пайдала-
нылатын О
2
-нің əр литріне жүректің қан айдауы орта есеппен 10-
15%-ға артық болады.
Ер адамдарға қарағанда əйелдерде систолалық көлемнің аз бо-
луынан жүректің қан айдауының артуы көбінесе ЖЖЖ артуы
есебінен орын алады. Тіпті, бірдей салыстырмалы аэробты жүктеме
кезінің өзінде ерлерге қарағанда əйелдерде ЖЖЖ орта есеппен,
10 екп/мин-қа артық болады. Бірдей абсолютті аэробты жүктемені
орындау кезінде ЖЖЖ айырмашылығы 20-40 екп/мин. құрайды. Ер
адамдардағыдай бірдей субмаксималды аэробты жұмысты орын-
дау кезінде жаттықпаған əйелдерге қарағанда жаттыққан əйелдерде
ЖЖЖ төмен мəнге ие.
Бірдей абсолютті қуаттылықты максималды емес аэробты
жұмысты орындау барысында ер адамдарға қарағанда əйелдерде
қандағы лактат концентрациясы жоғары келеді. Бұл жағдайда
əйелдер ер адамдарға қарағанда О
2
пайдалануы (ОМП %) едəуір
жоғары салыстырмалы деңгейде, яғни «оттектік төбеге» тақау жұ-
мыс атқарады. Осыған орай дене қуаттылығы бірдей жұмыс кезінде
физиологиялық жүктеме əйелдерде анаэробтық табалдырықтан
жоғары, ал ер адамдарда одан төмен болуы мүмкін. Спорттық
Достарыңызбен бөлісу: |