Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет116/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   168

359

8

8 10



20

40

60



80

100


12 14 16 18 20 22 24 26 28 30

35 40 45 50 55 60



ɀɚɫ



ɠɵɥɦɟɧ

ɋ

ɚ

ɥɵɫɬɵɪ

ɦɚ

ɥɵ

 

ɛαɥɲɵΩ

 

ɟɬ

 

λɫɿɦɿ



ɦɚɤɫ

 %

69-сурет. Ерлер мен əйелдердегі түрлі жас кезеңдеріндегі күштік 

жаттығудың бұлшық еттің максималды ерік күшінің өсуіне ықпалы 

(Я. М. Коц бойынша)

Əйелдерде  күштік  жаттықтыру  ер  адамдармен  салыстырғанда 

май  ұлпаларының  азаюына  зор,  дене  салмағы  мен  бұлшық  ет 

массасының  артуына  аз  ықпал  етеді.  Тіпті,  əйелдерде  күштік 

жаттықтыру нəтижесінде бұлшық ет күшінің артуы жоғары болған 

жағдайлардың  өзінде  ер  адамдарға  қарағанда  олардың  бұлшық  ет 

массасының  ұлғаюы  салыстырмалы  түрде  аз  болады.  Бұл  бəлкім, 

бұлшық  еттік  гипертрофия  дəрежесінің  əйел  адамдарға  қарағанда 

қалыпты  жағдайда  қандағы  концентрациясы 10 есе  жоғары  бо-

лып  келетін  еркек  жыныс  гормондарымен  айтарлықтай  шамада 

реттелуімен түсіндірілуі мүмкін. 

Əйелдердің анаэробтық энергиялық жүйелері

Анаэробтық  энергиялық  жүйелерге  фосфагендік  (АТФ + КФ) 

жəне  лактацидтік  (гликолиздік)  жүйелер  жататындығы  белгілі. 

Əйелдерде олардың сыйымдылығы ер адамдарға қарағанда төмендеу 

болып келеді. Бұл ең алдымен, əйелдердегі бұлшық ет массасының 

аз  болуымен  байланысты.  Анаэробты  энергия  өндіру  жүйесінің 




360

төмен  сыйымдылығы  соғұрлым  төменірек  анаэробтық  жұмысқа 

қабілеттілікпен анықталады. 

Əйел  адамдар  бұлшық  еттеріндегі  АТФ  пен  КФ    концен-



трациялары  шамамен,  ер  адамдармен  (АТФ  үшін  бұлшық  ет 

салмағының 4 мм/кг жуық  жəне КФ үшін бұлшық ет салмағының 

16 мм/кг жуық)  бірдей келеді. Бұлшық ет ұлпаларының көлемінің 

аз  болуы  салдарынан  бұлшық  еттік  фосфагендердің  жалпы  саны 

ерлермен  салыстырғанда  əйелдерде  төменірек.  Əйелдердегі 

фосфагендік жүйелер сыйымдылығының аз болуы жөнінде оттектік 

қарыздылықтың  жылдам  (алактатты)  фазасының  мөлшері  бойын-

ша бағамдауға болады. Тіптен есуге маманданған жоғары санаттағы 

спортшы  əйелдердің  өзінде  фосфагендік  жүйелердің  максимал-

ды сыйымдылығы (дене салмағына 100 кал/кг жуық)  орта есеппен 

сондай  жаттықпаған  жас  ер  адамдармен  тең  келеді.  Жаттықпаған 

жас  əйелдерде  ол  айтарлықтай  (дене  салмағына 60 кал/кг  жуық) 

төмен.  Спортшы  əйелдер  мен  спортшы  ер  адамдар  арасындағы 

айырмашылық  бұдан  да  жоғары.  Егер  фосфагендік  жүйенің 

сыйымдылығын  дене  массасының  майсыз  салмағына  (бұлшық  ет 

массасының салмағына) шақсақ, онда əйелдер мен ерлер арасында 

айырмашылық азырақ болады. 

Қысқа мерзімдік тест жұмыстары (максималды мүмкін болатын 

жылдамдықпен  баспалдаққа  жүгіріп  шығу)  кезінде  анықталатын 

фосфагендік жүйелердің қуаттылығы жаттықпаған əйел адамдарда 

орта есеппен 130 кгм/с жуық келеді. Ол жаттықпаған ер адамдарға 

(160 кгм/с) қарағанда 20%-ға төмен. Дене салмағымен есептегенде 

ол əртүрлі жас кезеңдеріндегі ерлер мен əйелдерде шамалас (70-су-



рет). Бұл  егер мұны да дене салмағына шағып есептесе, спринтерлік 

(қысқа  қашықтыққа)  жүгіру  жылдамдығы  бойынша  ерлердің 

əйелдерден басым болмайтындығы жөніндегі мəліметтермен сəйкес 

келеді. 


Əйелдерде  ер  адамдарға  (жаттықпағандарға  да  жəне  жоғары 

дəрежеде  жаттыққандарға  да)  қарағанда  максималды  аэробты 

жұмыстан  кейін  қандағы  сүт  қышқылы  концентрациясы  аз  бола-

ды.  Осы  мəліметтер  негізінде  ерлерге  қарағанда  əйелдерде  анаэ-



робты  лактацидті  жүйелер  сыйымдылығы  да  төмен  келеді  деп 

топшылауға  болады.  Айырмашылық  оны  дене  салмағына  шағып 

анықтағанда да айқындалады. Мысалы, орта есеппен жаттықпаған 

əйел  адамдарда – 100 кал/кг  жуық,  ал  жаттықпаған  ер  адамдар-




361

да – 200 кал/кг  жуық,  ескекші-əйелдерде – 170 кал/кг  жуық  бол-

са,  ал  ескекші-ер  адамдарда – 250 кал/кг-нан  асады.  Сəйкесінше, 

лактацидті энергиялық жүйелер сыйымдылығы бойынша жыныстық 

айырмашылық тек дене мөлшерінің (бұлшық ет массасы көлемінің) 

айырмашылығына  ғана  тəуелді  емес.  Міне,  осыған  орай  əйелдер 

энергиямен қамтамасыз етілуі неғұрлым көп дəрежеде лактацидтік 

(гликолиздік) энергиялық жүйелерге сүйенетін қашықтық жарыста-

рында  ер  адамдармен  салыстырғанда  соғұрлым  төмен  нəтижелер 

көрсетеді. Бəлкім, осыдан болар басқа жаттығуларға қарағанда 400 

жəне 800 м-ге    жүгіруде, 100 м-ге  жүзуде  əйелдер  нəтижелері  ер 

адамдардың нəтижелерінен салыстырмалы түрде көп артта қалады. 



70-сурет. Түрлі жас кезеңдеріндегі əйелдер мен ер адамдардағы 

максималды анаэробтық қуаттылық (Я. М. Коц бойынша)



Əйелдердің аэробтық жұмысқа қабілеттіліктері (төзімділіктері)

Оттегіні максималды пайдалану

Ұлдар  мен  қыздарда  дене  мөлшері  мен  құрамы  бойынша 

ерекшеліктері  минималды  аз  болатын  жыныстық  жетілу  кезеңіне 

дейін  ОМП  мəні  шамалас  деуге  болады.  Ол  орта  есеппен  жас  ер 

адамдарда өздерімен құралпас əйел адамдарға қарағанда, 20-30%-ға 

артық  келеді.  Қартаю  барысында  ОМП  айырмашылығы  ерлер  мен 

əйелдер арасында азая түседі. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау